"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 579 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) петициялардың сапалы және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету;

      6-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекіту және жариялау;

      6-3) аса маңызды және кеңінен қолданылатын өнертабыстар авторларына арналған жыл сайынғы конкурстар өткізу;

      6-4) ғылым саласындағы мемлекеттік ғылыми-технологиялық саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;";

      100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа жеткен академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеу қағидаларын әзірлеу;";

      102), 103), 104), 105) және 106) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "102) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру;

      103) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы есебінен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;

      104) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес айқындайтын ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасында ғылымды дамытудың басым бағыттарын, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді әзірлеу және оларды Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның бекітуіне ұсыну;

      105) Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;

      106) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және оларды қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асыруды ұйымдастыру;";

      мынадай мазмұндағы 111-3), 111-4), 111-5), 111-6), 111-7), 111-8), 111-9), 111-10), 111-11), 111-12), 111-13) және 111-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "111-3) бюджет қаражаты есебінен және берілетін салықтық жеңілдіктер шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      111-4) ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды айқындау;

      111-5) коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігін бағалау жөніндегі қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      111-6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыруды қолдап отырудың көрсетілетін қызметтері құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      111-7) ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шығыстардың нормаларын, үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;

      111-8) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйымды (әкімшіні) айқындау;

      111-9) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына "зерттеу университеті" мәртебесін беру қағидаларың, өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      111-10) технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігі деңгейлерін айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      111-11) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуын мониторингтеу туралы ережені әзірлеу және бекіту;

      111-12) тұлғаларға ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы есептің негізінде олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі, пайдалануға беру актісі бар есептің негізінде олардың ғылыми орталықтар құруға арналған шығыстары бойынша ғылыми орталық құру туралы, ендіру актісі бар ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерін ендіру туралы есептің негізінде олардың ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыруға (сатып алуға) арналған шығыстары бойынша ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі хабарламаларды беру нысанын, мерзімдері мен қағидаларын бекіту;

      111-13) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің "Қазақстан ғылымы" бірыңғай ақпараттық жүйесі немесе Ұлттық инновациялық жүйенің "бірыңғай терезесі" арқылы ғылыми-техникалық ақпаратты алу тәртібін айқындау;

      111-14) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру;";

      112-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "112-2) ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;";

      117) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "117) ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;";

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) дәреже беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      127) тармақша алып тасталсын;

      128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "128) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;";

      130) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "130) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту;";

      134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "134) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      135) тармақша алып тасталсын;

      152-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "152-3) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады