Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 594 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мекеме) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 57,5559 гектар жер учаскелері өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Түркістан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерiнің магистралдық құбыржол салу үшін "Азиялық газқұбыры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.

      3. Серіктестік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 594 қаулысына
қосымша

Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жер учаскелерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы ауданы,
гектар

оның ішінде:

орман
көмкерген

орман
көмкермеген

жайылымдар

жолдар

1

2

3

4

5

6

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57,5559

10,5082

10,9466

6,6463

29,4548

Барлығы:

57,5559

10,5082

10,9466

6,6463

29,4548


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады