ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қызылорда және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің осы қаулыға қосымшаға сәйкес экспликация бойынша Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумағындағы жалпы ауданы 2210,9 мың гектар жерді Қызылорда облысының ұзақ мерзімді пайдалану мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныстарына келісім берілсін.
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 1 тамыздағы № 622 қаулысына қосымша |
Ұлытау облысы Ұлытау ауданының аумағындағы Қызылорда облысы ұзақ мерзімді пайдалануы 2050 жылға дейін ұзартылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы | Жер учаскелерінің орналасқан жері | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде: | ||||
жайылымдар | су астындағы | алаңдар, жолдар, көшелер астындағы | құрылыстар астындағы | басқа да жерлер | |||
Қызылорда облысы | Ұлытау облысының Ұлытау ауданы | 2210900 | 1968445 | 144 | 559 | 24 | 241728 |