2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 634 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 634 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі

      2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 15-бабының 2-тармағын және Тараптар мемлекеттері арасындағы жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігін басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге және Келісімді қолдану туралы атқару хаттамасына (бұдан әрі – Атқару хаттамасы) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1. Келісімнің 4-бабы мынадай мазмұндағы 2.1-тармақпен толықтырылсын:

      "2.1. Тіркемелерін қоса алғанда, ең жоғары жалпы салмағы 6 тоннадан аспайтын немесе тіркемелерінің жүк көтергіштігін қоса алғанда, ең жоғары жүк көтергіштігі 3,5 тоннадан аспайтын автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау кезінде рұқсаттар талап етілмейді.".

      2. Келісімнің ІІІ тарауы мынадай мазмұндағы 5-3-баппен толықтырылсын:

      "5-3-бап

      Осы Келісімнің 5-бабының 1-тармағында, 5-1-бабының 2-тармағында және 5-2-бабының 2-тармағында көрсетілген рұқсаттар электрондық құжат нысанында болуы мүмкін.".

      3. Атқару хаттамасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Келісімнің құзыретті органдары:

      Қазақстан Республикасы тарапынан:

      Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      Өзбекстан Республикасы тарапынан:

      Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Өзбекстан Республикасының Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитеті және Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі жанындағы Автомобиль жолдары комитеті.

      Бір Тараптың осы тармақта көрсетілген құзыретті органдары, олардың функциялары немесе атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы бұл туралы хабар береді.".

2-бап

      Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламасы дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтін бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Хаттаманың мәтіндерде алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады