Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Əбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2024 жылғы 7 тамыздағы № 635 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі
аумақтық тұтастық және шекараларға қол сұғылмаушылық туралы халықаралық құқық қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
мемлекеттік шекара екі мемлекеттің арасында мәңгілік бейбітшілік пен достық шекарасы болып қалуы үшін ортақ күш-жігерді жұмсау шешіміне бекініп,
1998 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың, 2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарттың, 2022 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың (бұдан әрі – Шекараны шегендеу туралы шарт) ережелерін негізге ала отырып,
екі мемлекеттің мемлекеттік шекарасында тұрақтылықты және шекара маңындағы аудандарда тыныштықты қамтамасыз ету, шекара мәселелерін өзара құрмет, сенім, теңқұқықтылық, достық және ынтымақтастық рухында реттеу мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі (бұдан әрі – мемлекеттік шекара режимі) – осы Келісімде айқындалған, Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасында және шекаралық белдеулерде қолданылатын, мыналарды:
Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын күтіп ұстау;
адамдардың, көлік құралдарының Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі және ол арқылы жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;
Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу;
Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының және шекаралық белдеулердің үстінен ұшып өтуді жүзеге асыру;
Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасында, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекара сулары шегінде шаруашылық, кәсіпшілік, немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де
іс-шараларды өткізу (оның ішінде оларды пайдалану);
шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу тәртібін қамтитын қағидалар.
2. Мемлекеттік шекара режимін Тараптар мемлекеттерінің бірлескен қызметі қамтамасыз етеді, ол осы Келісімде, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында және Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда регламенттеледі.
3. Тараптар осы Келісімді іске асыру мақсатында қызметін осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Бірлескен Қазақстан – Өзбекстан комиссиясын (бұдан әрі – Шекара режимі жөніндегі бірлескен комиссия) құрады.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық-құтқару қызметі (Қазақстан тарапы үшін), құтқару қызметі (Өзбекстан тарапы үшін) осы Келісімнің мәтінінде бірдей мағынада болады, төтенше жағдайлардың алдын aлy және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған және негізін авариялық-құтқару (құтқару) құралымдары құрайтын біртұтас жүйеге функционалды біріктірілген басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығын білдіреді;
2) авариялық-құтқару құралымы (Қазақстан тарапы үшін), құтқару құралымы (Өзбекстан тарапы үшін) осы Келісімнің мәтінінде бірдей мағынада болады, дербес немесе авариялық-құтқару (құтқару) қызметінің құрамына кіретін, негізін арнауы техникамен, жабдықпен, керек-жарақпен, аспаптармен және материалдармен жарақтандырылған құтқарушылар бөлімшелері және кинологиялық есептемелер құрайтын, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған құрылымдарды білдіреді;
3) ішкі сулар – жағалаулары Тараптардың бірінің мемлекетіне жататын, мемлекеттік шекара сызығымен шектелген Арал теңізі суларының, өзендердің, көлдердің және басқа да су айдындарының бір бөлігі;
4) су айдыны – табиғи немесе жасанды ойпаттарда тұрақты немесе уақытша тоқтаған немесе баяу ағысты судың жинақталуы (өзендер, су қоймалары, тоғандар және т.б.);
5) су арнасы – су ағысын қайта бағыттауға арналған жасанды құрылысжай;
6) әуе кемесі – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен өзара іс-қимыл жасауды болғызбай, оның ауамен өзара іс-қимыл жасауы есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
7) Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасы, мемлекеттік шекара, шекара осы Келісімнің мәтінінде бірдей мағынада болады, аумақты (құрлықты, суларды, жер қойнауын және әуе кеңістігін) бөлу шектерін айқындайтын сызықты және осы сызық арқылы өтетін тік жазықтықты (жер бетін), сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік егемендіктер қолданыстарының кеңістіктік шектерін білдіреді;
8) мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен өзге де мүлік (бұдан әрі – жүктер мен өзге де мүлік) – бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін коммерциялық және коммерциялық емес жүктер, тауарлар, жануарлар, нәрселер, материалдар, құралдар, заттар, қолжүгі (багаж) және көлік құралдары;
9) мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру құжаттары – мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексергеннен кейін қалыптасқан, Шекараны шегендеу туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын құқықтық құжаттар (Қазақстан – Өзбекстан Мемлекеттік шекара сызығы өтуiнiң сипаттамасы, Мемлекеттік шекара картасы, Шекара белгілерінің хаттамалары, Шекара белгілерінің координаттары мен биіктіктерінің каталогі, Шекара белгілері бағаналарының өзара орналасу схемалары, Аралдардың тиесілігі кестесі, Бірлесіп тексеру хаттамалары және басқа да құжаттар);
10) бірлесіп пайдаланылатын жолдар – мемлекеттік шекара сызығында немесе бойында орналасқан және оны бірнеше рет кесіп өтетін, Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары, сондай-ақ Тараптардың екі мемлекеті де қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес трансшекаралық құрылысжайларға қызмет көрсететін персонал пайдаланатын ауыларалық жолдар (соқпақтар);
11) төтенше жағдайды жою – төтенше жағдай туындаған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін құтқаруға және денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға нұқсан мөлшерін және материалдық шығынды азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдай аймағын оқшауландыруға, ол үшін қауіпті факторларға тән іс-әрекетті тоқтатуға бағытталған авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар;
12) жергілікті тұрғындар – шекара маңындағы аудандарда тұрақты тұратын халық;
13) жарақтандыру – көмек көрсету жөніндегі топтың материалдары, көлік және техникалық құралдары, керек-жарақтары және олардың мүшелерінің жеке керек-жарақтары, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезеңіне көмек көрсету жөніндегі топтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар;
14) мемлекеттік шекара арқылы өткізу – бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына жүрген кезде жүктердің және өзге де мүліктің мемлекеттік шекарамен нақты жанасу кезі;
15) мемлекеттік шекараны кесіп өту – бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына қозғалған кезде адамдардың және көлік құралдарының мемлекеттік шекарамен нақты жанасу кезі;
16) шекаралық сулар – мемлекеттік шекара режимі қолданылатын шекара белдеулерінің ішкі шегіне дейінгі мемлекеттік шекараның екі жағында орналасқан Арал теңізі, шекаралық өзен немесе трансшекаралық өзен, су қоймасы ішкі суларының, сондай-ақ су арнасы суларының бір бөлігі;
17) шекара белгілері – мемлекеттік шекараның сызығында немесе екі жағында орнатылған, жергілікті жерде мемлекеттік шекараны белгілейтін және Шекараны шегендеу туралы шартта бекітілген шекара бағаналары;
18) шекарадағы оқыс оқиға – мемлекеттік шекара режимінің бұзылуына байланысты Тараптар мемлекеттерінің бірінің немесе екеуінің де немесе Тараптардың екі мемлекетінің де және үшінші іргелес (түйісетін) мемлекеттің мүдделерін қозғайтын мемлекеттік шекарадағы оқиға;
19) шекаралық белдеулер – Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған, мемлекеттік шекара режимі қолданылатын мемлекеттік шекара сызығының екі жағына да жанасатын аумақтардың бір бөлігі;
20) шекара өкілдері – осы Келісімде белгіленген мемлекеттік шекара режимін ұстап тұруға, шекарадағы оқыс оқиғалардың алдын алуға және оларды шешуге байланысты мәселелерді шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің шекарасын күзету саласындағы уәкілетті органдардың өкілдері қатарынан тағайындалатын уәкілетті лауазымды адамдар;
21) шекаралық соқпақтар (Қазақстан тарапы үшін), тазалау белдеулері (Өзбекстан тарапы үшін) осы Келісімнің мәтінінде бірдей мағынада болады, мемлекеттік шекараны байқауды және көршілес шекара белгілері арасында көрінуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекара сызығының екі жағынан да осы Келісімде айқындалған еннің шегінде ағаштардан, бұталардан және басқа да өсімдіктерден тазартылған жергілікті жердің белдеулерін білдіреді;
22) шекаралық өзен – Тараптар мемлекеттерінің шекара маңы аудандарының шегінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін мемлекеттік шекара сызығымен ағып өтетін өзен немесе оның бір бөлігі;
23) шекара маңы аудандары – Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының немесе Тараптар мемлекеттерінің және үшінші іргелес (түйісетін) мемлекеттің мемлекеттік шекараға іргелес орналасқан аудандары;
24) мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу және шекара арқылы өткізу осы Келісімнің мәтінінде бірдей мағынада болады, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптардың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің (кесіп өтуге рұқсат алу) және жүктер мен өзге де мүліктің мемлекеттік шекара арқылы өткізілуінің заңдылығын тануын білдіреді;
25) шекара арқылы өткізу рәсімі – мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға, көлік құралдарына және ол арқылы өткізілетін жүктер мен өзге де мүлікке қатысты Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптардың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар жүргізетін бақылау-тексеру, режимдік және өзге де іс-шаралар кешені;
26) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті (бұдан әрі – өткізу пункті) – халықаралық қатынастарға ашық шекара маңындағы теміржол станцияларының (вокзалдардың), автомобиль жолдарының (вокзалдардың, станциялардың), теңіз және өзен портының, әуежайлардың (әуеайлақтардың) аумағы (акваториясы) немесе аумағының бөлігі, сондай-ақ шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын мемлекеттік шекараға тікелей жақын жерде Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес арнайы бөлінген және жайластырылған өзге де жергілікті жер учаскесі;
27) мемлекеттік шекара режимін сақтау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар – мақсаты, міндеттері, орны, уақыты бойынша келісілген және бірыңғай мәні бойынша мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, шекаралық сулар шегінде және шекара маңындағы аудандарда өткізілетін, шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдардың осы Келісімде және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген мемлекеттік шекара режимін қолдау жөніндегі іс-қимылдары;
28) мемлекеттік шекараны күтіп ұстау – шекара белгілерін орнату, сақтау және жарамды жай-күйде ұстау, оларды бақылау мақсатында қарап-тексерулер, шекаралық соқпақтарды (тазалау белдеулерін) жабдықтау және тиісті тәртіппен күтіп ұстау, сондай-ақ шекара белгілерінің жай-күйі мен орналасқан жерін бірлесіп бақылау мақсатында қарап-тексерулер жүргізу;
29) шекара белгілерін сақтау және жарамды жай-күйде ұстау – шекара белгілерін қарап-тексеру, күзету, бөлшектеу және қауіпсіз жерге шығару, сондай-ақ қызмет көрсету, қалпына келтіру, жөндеу және қайтадан орнату;
30) бір Тарап мемлекетінің аумағы арқылы транзиттік қозғалыс – бір Тарап мемлекетінің аумағы арқылы адамдардың, көлік құралдарының, жүктер мен өзге де мүліктің өтуі, олардың жүріп өту мемлекетінің аумағы арқылы өтетін жолы өздерінің басқа Тарап мемлекетінің аумағында басталатын және аяқталатын толық маршрутының бір бөлігі болып табылады;
31) трансшекаралық өзен – басы бірінші Тарап мемлекетінің шекаралық аудандарынан тыс, ал аяғы екінші Тарап мемлекетінің шекаралық аудандарынан тыс орналасқан, арнасы мемлекеттік шекараны кесіп өтетін өзен;
32) трансшекаралық құрылысжайлар – мемлекеттік шекараны кесіп өтетін теміржолдар, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр беру желілері, кәбілдер, көпірлер, бөгеттер, шлюздар, су арналары және өзге де құрылысжайлар, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің аумағындағы шекара маңы аудандарының шегінде орналасқан Тараптардың бірінің объектілері;
33) көлік құралы – адамдарды, жүктер мен өзге де мүлікті тасымалдау үшін пайдаланатын кез келген су және әуе кемесі, автокөлік және теміржол көлік құралы;
34) уәкілетті органдар – құзыретіне мәселелерді осы Келісімге сәйкес шешу кіретін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған органдар;
35) форс-мажорлық мән-жайлар – көздеу, болғызбау және еңсеру мүмкін болмайтын объективті сипаттағы мән-жайлар;
36) төтенше жағдай – белгілі бір аумақта адам шығынына, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруге, елеулі материалдық ысыраптарға және адамдардың тыныс-тіршілік жағдайларының бұзылуына алып келуі мүмкін немесе алып келген авария, техногенді және табиғи апат, дүлей немесе өзге де зілзала салдарынан туындаған жағдай;
37) шекара өкілдерінің сарапшылары – Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдарының шекара өкілдерінің қызметін қамтамасыз ету үшін тартылатын (тағайындалатын) әртүрлі бейіндегі құзыретті мамандары.
2-тарау. Мемлекеттік шекараны күтіп ұстау тәртібі
Мемлекеттік шекараны күтіп ұстауды уәкілетті органдар жүзеге асырады және ол мемлекеттік шекара режимін қамтамасыз етуге және қолдауға бағытталған.
1. Әрбір Тарап шекара белгілерін күзету жөнінде шаралар қабылдайды, олардың бүлінуін, орын ауыстырылуын, бұзылуын немесе жоғалуын болғызбайды, сондай-ақ осы Келісімге, Шекараны шегендеу туралы шартқа және мемлекеттік шекараның өту сызығын бірлесіп тексеру құжаттарына сәйкес өз мемлекеттерінің аумағында өзі орнатқан шекара белгілерін және жабдықтаған шекара соқпақтарын (тазалау белдеулерін) күтіп ұстау үшін жауапты болады.
2. Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар өз Тарапы мемлекетінің шекара белгілерін күтіп ұстау жөніндегі қызметті өз мемлекетінің заңнамасына, сондай-ақ Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
Тараптардың бірі мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы шекара белгілерінің бүлінгенін, орын ауыстырылғанын, бұзылғанын немесе жоғалғанын анықтаған кезде екінші Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы дереу құлақтандырылады.
Шекара белгілерін күтіп ұстауға жауапты бір Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы жоғалған шекара белгілерін іздестіру мен жоғалу мән-жайларын анықтау жөнінде шаралар қолданады, ал екінші Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы өз мемлекетінің аумағында осы мәселені шешуде жәрдем көрсетеді.
1. Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар шекара белгілерінің орналасқан жерін және жай-күйін бақылау мақсатында қарап-тексеруді дербес немесе бірлесіп жүзеге асырады.
Шекара белгілерінің жай-күйін бақылау мақсатында бірлескен қарап-тексеруді жүргізу мерзімдері шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар арасында жоспарланған іс-шараларға дейін 10 күн бұрын келісіледі.
Көрсетілген шекара белгілерінің жай-күйін бақылау мақсатында бірлескен қарап-тексерудің нәтижелері Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін өзбек және орыс тілдерінде хаттамамен екі данада ресімделеді. Хаттаманың мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді. Хаттаманың үлгісін өзара уағдаластық бойынша Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері белгілейді.
2. Шекара белгілерін күтіп ұстауға жауапты бір Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе бұрынғы орнына қайта орнату жөнінде шаралар қолданады және осындай жұмыстар басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын екінші Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органына хабарлайды.
Тараптардың бірі мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органының шекара белгілерін қалпына келтіру немесе бұрынғы орнына қайтадан орнату және жұмыстарды жүргізуі екінші Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жұмыстар аяқталғаннан кейін осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес екі данада акт ресімделеді.
Көрсетілген жұмыстарды жүргізу үшін Тараптардың бірінің өз мемлекетінің аумағынан шекара белгісіне қол жеткізу мүмкіндігі болмаған кезде, екінші Тарап өз мемлекетінің аумағынан осы белгіге қол жеткізуді ұсынады.
Дүлей зілзалалар (көшкіндер, су тасқындары және т.б.) салдарынан шекара белгілерінің бұзылу қатері туындаған кезде шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар шекара белгілерін сақтау бойынша шаралар қабылдайды, ал оларды сақтау мүмкіндігі болмаған жағдайда шекара белгілерінің жоғалуына жол бермеу мақсатында әрбір факт бойынша акт жасай отырып, оларды бөлшектейді және қауіпсіз жерге шығарады.
Шекара белгілері бұзылуының туындаған қатері және Тараптардың бірі мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы қабылдаған шаралар туралы екінші Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы қысқа мерзімде хабарланады.
1. Форс-мажорлық мән-жайлар себебінен шекара белгісін қалпына келтіру немесе бұрынғы орнына қайтадан орнату мүмкін болмаған жағдайда оны қалпына келтірудің немесе бұрынғы орнына қайтадан орнатудың мүмкін болмау себептері көрсетіле отырып, осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада акт ресімделеді және осы мәселе Шекара режимі бойынша бірлескен комиссияға қарастыру үшін енгізіледі.
Шекара режимі бойынша бірлескен комиссия мемлекеттік шекараның өту сызығын өзгертпей шекара белгісін орнату үшін басқа орынды айқындау жөнінде шешім қабылдайды.
2. Шекара белгісін жаңа орынға орнату үшін Шекара режимі бойынша бірлескен комиссия Тараптар мемлекеттері уәкілетті органдарының сарапшылары мен мамандарынан бірлескен топ (бұдан әрі – сарапшылардың бірлескен тобы) құрады.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша сарапшылардың бірлескен тобы осы Келісімге 4-қосымшаға сәйкес екі данада акт ресімдейді және Шекара белгісінің жаңа хаттамасын, Шекара белгісі бағаналарының өзара орналасу схемасын, Шекара белгілерінің координаталары мен биіктіктері каталогінің фрагменттерін, Мемлекеттік шекараның өту сипаттамасының фрагменттерін, Аралдардың тиесілігі кестесін және жаңадан орнатылған шекара белгісінің орналасу орнына қатысты Мемлекеттік шекара картасы парағын жасайды (әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде).
Көрсетілген құжаттар Шекараны шегендеу туралы шартқа сәйкес құрылған Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның (бұдан әрі – Шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссия) қарауына ұсынылады.
3. Шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру, қайтадан орнату және орнын ауыстыру, сондай-ақ оның нысаны, өлшемдері, дайындалған материалы Шекараны шегендеу туралы шарттың талаптарына сәйкес келуге тиіс.
4. Тараптардың ешқайсысы мемлекеттік шекара сызығында немесе оның екі жағында, Шекараны шегендеу туралы шартта ескертілмеген, шекара белгілерін немесе оның басқа белгілеулерін біржақты тәртіппен орнатпайды.
5. Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шекара белгілерін бүлдірген, орнын ауыстырған немесе жойған заңды және жеке тұлғаларды жауапқа тартады, сондай-ақ бүлінген немесе жойылған шекара белгілерін қалпына келтіруге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.
1. Тараптар ені 10 метрді (мемлекеттік шекара сызығының екі жағынан 5 метрді) құрайтын шекаралық соқпақтарды (тазалау белдеулерін) жабдықтау және күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды, оларда ағаштардың, бұталардың және басқа да өсімдіктердің өсіп кетуіне жол бермейді.
Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар өз Тарапының мемлекеті аумағының шегінде шекаралық соқпақтардың (тазалау белдеулерінің) жай-күйін дербес немесе бірлесіп тексеруді жүзеге асырады.
Шекаралық соқпақтардың (тазалау белдеулерінің) жай-күйін бірлесіп тексеруді жүзеге асыру мерзімдері шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар арасында жоспарланған жұмыстарға дейін кемінде 10 күн бұрын келісіледі.
Бірлесіп тексерудің нәтижелері Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін өзбек және орыс тілдерінде хаттамамен екі данада, ресімделеді. Хаттаманың мәтіндерінің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді. Хаттаманың үлгісін өзара уағдаластық бойынша Тарап мемлекеттерінің шекара өкілдері белгілейді.
Қажет болған жағдайда шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар шекаралық соқпақтарды (тазалау белдеулерін) байқауға кедергі келтіретін ағаштардан, бұталар мен басқа да өсімдіктерден дербес немесе бірлесіп тазартады.
Өз мемлекетінің аумағындағы шекаралық соқпақтарды (тазалау белдеулерін) тазарту жөніндегі жұмыстар жүргізілген кезде Тараптың бірі мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органы жұмыстар басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын екінші Тарап мемлекетінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органын хабардар етеді.
2. Шекаралық соқпақтарды (тазалау белдеулерін) тазарту үшін отты, химиялық препараттарды және Тараптардың мемлекеттеріне нұқсан келтіруі ықтимал басқа да тәсілдерді қолдануға тыйым салынады.
3. Осы Келісімде және Тараптар мемлекеттерінің арасындағы басқа да халықаралық шарттарда көзделген жағдайлардан басқа, шекаралық соқпақтарда (тазалау белдеулерінде) жер жыртуды, жер қазу жұмыстарын, құрылысжайлар салуды және өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады.
4. Жабайы жануарлардың мекендеу ортасына, көбею жағдайларына және шоғырлану орнына теріс әсер етуді болғызбау мақсатында шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі міндеттерін орындау кезінде шекарада Тараптар мемлекеттерінің жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша жабайы жануарлардың өріс аудару жолдарын ескере отырып, инженерлік-техникалық құралдар, құрылысжайлар мен бөгеттер тұрғызады.
3-тарау. Адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өту және жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі. Адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізу тәртібі
1. Адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі және мемлекеттік шекара арқылы жүктер мен өзге мүлікті өткізу:
1) құрлықта – халықаралық теміржол, автомобиль және өзге де қатынас жолдарында белгіленетін мемлекеттік шекараны кесіп өтетін орындарда;
2) әуе кеңістігінде – мемлекеттік шекараны халықаралық трассалар кесіп өтетін орындарда немесе осы мақсаттар үшін арнайы бөлінген әуе дәліздері арқылы;
3) Арал теңізінде – өзара ашуға мүмкіндік болған жағдайда халықаралық қатынас жолдары арқылы мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында жүзеге асырылады.
2. Осы Келісімде және Тараптардың мемлекеттері қатысушысы болып табылатын өзге де халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда өзге де орындарда мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.
Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне ұшып бара жатқан әуе кемелері өздері өтіп бара жатқан әуе кеңістігіндегі Тараптар мемлекеттерінің заңнамасын, сондай-ақ талаптарын сақтауға міндетті.
1. Айрықша жағдайларда форс-мажорлық мән-жайларға орай оны мәжбүрлі кесіп өтуге байланысты белгіленген орындардан тыс жерде әуе кемелерімен әуе кеңістігінде мемлекеттік шекараны кесіп өтуге жол беріледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда әуе кемесінің командирі әуе кеңістігінде тұрған Тарап мемлекетінің жақын жердегі әуежай әкімшілігін тез арада құлақтандыруға міндетті. Осы әуежайдың әкімшілігі өз Тарапы мемлекетінің шекарасын күзету саласындағы уәкілетті органдарына дереу хабарлайды.
3. Тараптар айрықша жағдайларда (Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде, сондай-ақ санитариялық-карантиндік себептермен, эпизоотиялар және эпидемиялар кезінде, төтенше ахуалдар немесе басқа да форс-мажорлық мән-жайлар туындағанда) мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде:
1) осы Келісімде және Тараптар мемлекеттері арасындағы өзге де халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен мемлекеттік шекараны кесіп өту белгіленген орындарда;
2) шектеу себептері мен қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, оларды енгізу жоспарланатын уақытқа дейін 24 сағаттан кешіктірмей, шекара өкілдіктері қызметінің арналары арқылы екінші Тарапты хабардар ете отырып, осы Келісімде айқындалған, мемлекеттік шекараны кесіп өтетін өзге де орындарда оны кесіп өтуді уақытша шектей немесе тоқтата алады.
Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдарға мемлекеттік шекараны күзету міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік шекараны өзге тәртіппен кесіп өту құқығы, сондай-ақ бірлесіп пайдаланылатын жолдарды пайдаланған, мемлекеттік шекараға таяу маңда, екінші Тарап аумағында орналасқан бастаудан (құдықтан) суды пайдаланған кезде мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы беріледі. Аталған әрекеттер екінші Тараптың шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдарымен келісіледі.
1. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде адамдар, көлік құралдары, сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жүктер мен өзге де мүлік Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шекара арқылы өткізу рәсіміне жатады.
2. Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізу Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес орнатылған және ашық өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
3. Өткізу пункттерінің жұмыс режимін Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар айқындайды.
Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар өткізу пункттерінде бақылау жасауды жүзеге асыратын өзге де уәкілетті органдармен бірлесіп, осы Келісімге және Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өткізу пункттерінің жұмыс регламентін (графигін) және шекара арқылы өткізу мәселелері бойынша ынтымақтасу тетігін өзара келіседі.
4. Ұйымдастырылған туристік топтарды Тараптар арасындағы жеке Келісіммен айқындалатын өзге тәртіппен өткізуге жол беріледі.
5. Тараптар айрықша жағдайларда (Тарап мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде, сондай-ақ санитариялық-карантиндік себептермен, эпизоотиялар және эпидемиялар кезінде, төтенше жағдайлар немесе өзге форс-мажорлық мән-жайлар туындағанда) шекара арқылы өтуді уақытша шектей немесе тоқтата алады, ол туралы бір-біріне осы Келісімде және екі Тараптың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен хабарлайды.
1. Айрықша жағдайларда Тараптар адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті мемлекеттік шекара арқылы өткізуді, осы Келісімде және Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген бақылау тәртібін сақтай отырып, жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерінен тыс жерлерде жүзеге асырады.
2. Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар өзара уағдаластық бойынша Тараптар мемлекеттерінің аумағында уақытша болу үшін (көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы мақсатындағы трансшекаралық құрылысжайларға, коммуникацияларға, электр байланысы желілеріне, электр беру желілеріне және өзге де қызметтерге қызмет көрсету мақсатында) жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерінен тыс жерлерде осы Келісімде белгіленген тәртіпті сақтай отырып, Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттарының (жеке куәліктерінің) негізінде, ұйым басшысы куәландырған атаулы тізімдер және осы Келісімге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орыс тілінде ресімделген және Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері беретін рұқсаттамалар бойынша шекара арқылы өткізуді жүзеге асырады.
Аталған рұқсаттамаларды алу үшін шекараны күзету саласындағы уәкілетті орган шекара өкілдері арқылы күні бұрын (кемінде 10 күн бұрын) ұйым басшысы куәландырған атаулы тізімдерді, Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттарының (жеке куәліктерінің) көшірмелерін ұсынылады.
Бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері бағытта адамдар мен көлік құралдарының жүруі, жүктерді және өзге де мүлікті өткізу кезінде:
1) белгіленген қозғалыс маршрутын өзгертуге;
2) форс-мажорлық мән-жайларды қоспағанда, көлік құралдарының аялдауына, адамдарды түсіруге (отырғызуға), жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген ұшатын аппаратты, оның ішінде пилотсыз ұшатын аппаратты әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.
1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтарын екінші Тарап мемлекетінің аумағына өткізу Тараптар арасында қолданылатын өзара сапарлар үшін жарамды халықаралық шарттарда айқындалған құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің аумағына кіргізуге немесе әкелуге рұқсат берілмеген не кіруі немесе әкелінуі шектелген адамдар, көлік құралдары, жүктер және өзге де мүлік мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген немесе өткізілген және шекара арқылы өткізуге негіздер жоқ аталған адамдар, көлік құралдары, жүктер және өзге де мүлік олар келген Тарап мемлекетіне қайтарылады.
Бұл ретте бір Тарап мемлекетінен екінші Тарап мемлекетіне әуе кемесімен келген үшінші мемлекет азаматтарының өзі азаматы болып табылатын еліне әуе кемесімен қайтарылуына жол беріледі.
Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті автомобиль және теміржол өткізу пункттерінде екінші Тарап мемлекетінің аумағынан өз Тарапы мемлекетінің аумағына өткізуден бас тартудың әрбір фактісі бойынша бір-біріне хабар береді, сондай-ақ көлік құралдарын өткізу пункттері арасында олардың жұмыс кестесінен тыс қалдыру фактілерін болғызбау жөнінде шаралар қабылдайды.
1. Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы транзиттік қозғалыс кезінде:
1) өткізу рәсімінсіз:
Тараптар мемлекеттерінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдары өкілдерінің – мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтетін, бірлесіп пайдаланылатын жолдар (соқпақтар) арқылы;
шекара белгілерін қалпына келтіруге, бұрынғы орнында қалпына келтіру мүмкін еместерін қайта орнатуға және жаңа орынға ауыстыруға байланысты мемлекеттік шекарада отырыстар өткізу және практикалық іс-шараларды орындау кезеңінде шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар мен сарапшылардың бірлескен тобы, Шекара режимі бойынша бірлескен комиссия өкілдерінің;
Шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссия өкілдері бірлесіп жұмыс жүргізген кезеңде;
Тарап мемлекеттері шекара өкілдіктері аппараттарының құрамына шекара өкілдігі (жұмыс) кездесулерін өткізу кезінде;
2) өткізу рәсімімен:
трансшекаралық құрылысжайларға қызмет көрсеткен кезеңде оларға қызмет көрсететін персоналдың – трансшекаралық құрылысжайлар мемлекеттік шекараны кесіп өтетін орындарда және осы құрылысжайларға алып баратын жолдарда (соқпақтарда) бірлесіп пайдаланылатын жолдар (соқпақтар) (трансшекаралық құрылысжайлар бойындағы соқпақтар) арқылы – тәулік бойы кезекшілікке (ауысымға) түсу алдында және ол аяқталғаннан кейін мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат етіледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайларда қозғалыстың белгіленген маршрутын өзгертуге, өзге де адамдарды түсіруге (отырғызуға), өзге де жүктер мен өзге де мүлікті түсіруге (тиеуге), кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз ұшу аппаратын әуеге көтеруге, қондыруға немесе қабылдауға тыйым салынады.
Төтенше жағдайлардың, форс-мажорлық мән-жайлардың, техникалық ақаулықтардың туындауы, адамдарға жедел медициналық көмек көрсету (шекараны күзету саласындағы уәкілетті органды кейіннен хабардар ету арқылы), сондай-ақ Шекара сызығының белгіленуін тексеру жөніндегі бірлескен комиссияның және Шекара режимі бойынша бірлескен комиссияның жұмыс жүргізуі айрықша жағдай болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды шекара арқылы өткізу осы Келісімнің 14-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Тараптардың бірі төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою үшін көмек көрсету туралы сұрау салуды жіберген жағдайда, Тараптар мемлекеттерінің авариялық-құтқару (құтқару) қызметтері мен құралымдарына мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерінде және өзге де жерлерде шекара күзеті саласындағы уәкілетті органдарға осындай қажеттілік туралы алдын ала хабарлай отырып, сондай-ақ кесіп өту орны мен уақытын келісе отырып кесіп өтуге жол беріледі.
2. Тараптар мемлекеттерінің авариялық-құтқару (құтқару) қызметтері мен құралымдарын төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оны жою үшін мемлекеттік шекара арқылы өткізу Тараптар мемлекеттерінің жарамды ұлттық құжаттары (жеке куәліктері) және қызметтік куәліктері негізінде, ұйымның басшысы куәландырған, шекара өкілдері арқылы шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдарға алдын ала ұсынылған атаулы тізімдер және жарақтар тізбесі бойынша:
1) өткізу пункттерінде – кезектен тыс тәртіппен;
2) өткізу пункттерінен тыс – Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген бақылау тәртібі сақтала отырып жүзеге асырылады.
4-тарау. Мемлекеттік шекараның және шекаралық белдеулердің үстінен ұшуды жүзеге асыру тәртібі
1. Тараптар форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерінің мемлекеттік шекараны кесіп өте отырып, заңсыз ұшуын болғызбау жөнінде шаралар қолданады.
2. Өз аумағын шекаралық белдеу шегінде аэрофотоға түсіруді және/немесе басқа қашықтан зондтауды жүзеге асыру мақсатында әуе кемелерінің ұшуын жоспарлаған Тарап бұл туралы екінші Тарапты шекара өкілдері мен уәкілетті органдар арқылы осы Келісімге 6-қосымшаға сәйкес алдын ала хабардар етеді.
5-тарау. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде (оның ішінде оларды пайдалану) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібі
1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу осы Келісімде, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында және екі Тарап мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалатын тәртіппен шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдардың рұқсатымен жүзеге асырылады.
Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметтің жүргізілуіне, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ шекара маңы сулары шегінде осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режиміне ықпал етуі мүмкін қызметті жүзеге асыру мерзімдері мен нақты орны туралы кемінде үш күн бұрын шекара өкілі арқылы бірін-бірі хабардар етеді.
2. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу үшін шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында айқындалған тәртіппен шекаралық белдеуге кіруге және онда уақытша болуға рұқсаттамалар береді.
Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік шекараны күзету және ұлттық қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес аталған рұқсаттамалардың қолданылуына шектеу енгізуі немесе оны уақытша тоқтата тұруы мүмкін.
3. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің шекаралық сулары шегінде (оның ішінде оларды пайдалану) жүзеге асырылатын (өткізілетін) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызмет, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралар:
1) мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуге немесе оларға нұқсан келтіретін қатер төндірмеуге;
2) мемлекеттік шекараны күтіп ұстауға және уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергі жасамауға;
3) мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті бұзбауға тиіс.
1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде кәсіпшілік мақсатында аң аулауға, шекара арқылы жануарларды аңдуға, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің аумағына бағытталған атысқа тыйым салынады.
2. Мемлекеттік шекарадан 1000 метр шегінде жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет болған кезде, оларды жүргізуді жоспарлаған Тарап кемінде 48 сағат бұрын екінші Тарапты шекара өкілі арқылы хабардар етеді және Тараптар мемлекеттеріне нұқсан келтірудің алдын алу бойынша шаралар қабылдайды.
1. Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік шекара арқылы үй жануарларының өтуіне жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады.
2. Үй жануарлары мемлекеттік шекара арқылы өткен жағдайда шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар қысқа мерзімде бір-біріне хабар береді және оларды іздеу, күзету және шекара өкілдері уағдаласқан жерлерде беру жөнінде не олардың ауырғаны анықталған жағдайда немесе олар аса қауіпті инфекциялық аурудың салдарынан өлген жағдайда, өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қолданады.
Оларды жасыруға, союға немесе сатуға, сондай-ақ шаруашылық мақсатында пайдалануға тыйым салынады.
1. Уәкілетті органдар адамның және жануарлардың аса қауіпті ауруларының (карантиндік, аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың), эпидемиялар мен эпизоотиялардың, сондай-ақ зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптерінің (оның ішінде, карантиндік зиянды организмдердің) өз мемлекеттерінің аумағына енуін және таралуын болғызбау жөнінде санитариялық эпидемияға қарсы (профилактикалық), ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қабылдайды.
Шекара маңындағы аудандарда санитариялық-эпидемиологиялық, эпизоотиялық жағдай нашарлаған, шекара маңындағы аудандарда адамның немесе жануарлардың аса қауіпті аурулары (карантиндік, аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулардың), сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жануарлардың, өсімдіктердің саулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін және мемлекеттік шекара арқылы таралуы мүмкін зиянкестер, өсімдіктер аурулары және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптері (оның ішінде карантиндік зиянды организмдер) анықталған кезде уәкілетті органдар бұл туралы бір-бірін дереу хабардар етеді.
2. Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының (карантиндік, аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларының) шығуы туындаған кезде екінші Тарап мемлекетінің уәкілетті органы Дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымының (бұдан әрі – ДЖСҰ) талаптарына сәйкес адамдардың, көлік құралдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуі және Тараптар мемлекеттерінің аумағынан шығуы немесе аумағына кіруі, жүктерді және өзге де мүлікті әкелу (әкету) кезінде ветеринариялық бақылау және қадағалау бақылауындағы тауарларды әкелуге тыйым салады.
Уәкілетті органдар ДЖСҰ талаптарына сәйкес жануарлардың аса қауіпті аурулары (карантиндік, аса қауіпті және басқа да инфекциялық аурулары) бойынша мәртебесі қолайсыз елдерден мәртебесі қолайлы елдерге жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты әкелуге тыйым салады.
Уәкілетті органдар карантиндік зиянды организмдердің таралу шекараларын белгілеу бойынша бірлескен тексерулерді ұйымдастырады, шекара маңындағы аудандарда карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бойынша карантиндік іс-шараларды өткізуді ұйымдастырады.
3. Уәкілетті органдар қажет болған кезде шекара маңындағы аудандарда ормандарды, су және басқа да табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану мәселелері, адамның және жануарлардың аса қауіпті ауруларының (карантиндік, аса қауіпті және басқа да инфекциялық ауруларының), сондай-ақ зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және ауыл шаруашылығы мен орман дақылдары арамшөптерінің (оның ішінде карантиндік зиянды организмдердің) профилактикасы проблемалары бойынша консультациялар жүргізеді.
Шекаралық суларды пайдалану кезінде Тараптар осы Келісімді және Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Шекара сызығына дейінгі шекаралық суларды пайдалануға Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар рұқсат етеді.
Тараптар мемлекеттерінің шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдарына тиесілі катерлерге шекаралық суларда олардың шекара сызығының өтуіне қарамастан кедергісіз өзеннің бас фарватерімен немесе тальвегімен (су арналарының ортасымен) жүзу құқығы беріледі.
Шекаралық сулардағы шекара катерлері күндізгі уақытта мемлекеттік тиесілігі туын (не әскери-теңіз туын) көтереді, түнгі уақытта жасыл түсті сигнал оттарын және борт оттарын қосады. Шекара катерлерінде иммунитет бар және әскери корабль мәртебесі болады, оларды ұстауға немесе зәкірге не айлаққа қоюға мәжбүрлеуге, сондай-ақ тінтуге, құжаттарын тексеруге болмайды.
Шекара катерлерінің екінші Тарап мемлекетінің жағалауына тек форс-мажорлық мән-жайлар жағдайларында ғана аялдауға құқығы бар.
1. Шекаралық суларда балық аулау Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шекаралық суларда жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын не балықтарды және басқа да биологиялық су ресурстарын жаппай қырып-жоюдың өзге де тәсілдерін қолдануға тыйым салынады. Уәкілетті органдар шекаралық суларда балықтарды және басқа да биологиялық ресурстарды заңсыз аулаудың жолын кесу бойынша шараларды бірлесіп немесе дербес қабылдайды.
2. Балықты және басқа да биологиялық ресурстарды ғылыми-зерттеу мақсаттарында аулауды қоспағанда, белгіленбеген орындарда аулауға (кәсіпшілік қызмет) тыйым салынады.
3. Уәкілетті органдар шекаралық сулардың шегінде балық және басқа да биологиялық су ресурстарын қорғау, молықтыру және пайдалану мәселелерін Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шешеді.
1. Тараптар шекаралық сулар шегіндегі шекаралық өзендердің жағалаулары бұзылуының және арналары қалпының өзгеруінің алдын алу бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Бір Тарап шекаралық сулар шегіндегі шекаралық өзендердің өз жағалауларын инженерлік нығайту бойынша жұмыстар кезінде екінші Тараптың шекаралық өзендерінің жағалауларына нұқсан келтіруге жол бермейді. Тараптар көрсетілген жұмыстардың жүргізілетіні туралы ол басталғанға дейін кемінде 10 күн бұрын бір-бірін хабардар етеді.
Тараптар шекаралық сулар шегіндегі шекаралық өзендердің жағалауларын қорғау мәселелерін тең құқықтық және өзара тиімділік қағидаты негізінде келіседі және реттейді.
2. Тараптар өзара келісімсіз шекаралық сулар шегіндегі шекаралық өзендер арналарының қалпын жасанды түрде өзгертуге жол бермейді.
3. Уәкілетті органдар қажет болған кезде Тараптар келіскеннен кейін шекаралық сулар шегіндегі шекаралық өзендер арнасына тереңдетеді және тазарту жүргізеді.
Шекаралық сулар шегіндегі шекаралық өзендердің арналары мен жағалауларына залал келтірмеу үшін олардың түбін тереңдету және тазарту кезінде Тараптар шығаратын тұнбаларды жинақтау үшін тиісті түрде белгілі бір орынды келіседі.
4. Шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар Тараптар мемлекеттерінің жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендерден су алуды, шомылуды, жануарларды суаруды жүргізу орындарын белгілейді, ол жерде екінші Тараптың шекараны күзету саласындағы уәкілетті органына хабарлай отырып, су көздерінің оң экологиялық сараптамасы болған және олар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген кезде режимдік шектеулердің қолданысын уақытша тоқтата тұруға жол беріледі.
Бір Тарап шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендерде немесе олардың жағалауларында трансшекаралық құрылысжайлардың объектілерін қоса алғанда, қандай да бір құрылыстарды немесе құрылысжайларды салу, реконструкциялау немесе бұзу кезінде екінші Тарап мемлекетінің мүдделеріне нұқсан келтіруге жол бермейді.
Шекаралық сулардың шегінде арнаның қалпы мен ағысын өзгертуге әкеп соғуы, шекаралық сулардың шегінде олардың су ресурстарын пайдалануға, балықтардың өріс аударуына әсер етуі, қоршаған ортаға, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің басқа да мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін шекаралық өзендерде немесе олардың жағалауларында жүзеге асырылатын қызмет Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес реттеледі.
1. Трансшекаралық құрылысжайларды салу, пайдалану және жөндеу Тараптар арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, шекаралық сулардың шегінде шекаралық өзендердегі трансшекаралық құрылысжайлардың объектілерін пайдаланғаны үшін жауаптылық шектері объектінің дәл орталығымен, ортасымен немесе технологиялық осімен өтетін сызықпен айқындалады.
Құрлықта трансшекаралық құрылысжайлардың объектілерін пайдаланғаны үшін жауаптылық шектері Тараптар арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарға сәйкес айқындалады және жергілікті жердегі мемлекеттік шекара сызығының өтуіне әсер етпейді.
Осы Келісім күшіне енгеннен кейін, егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, шекара күзетінің мүдделеріне орай пайдаланылатындарды қоспағанда, мемлекеттік шекараның екі жағынан бес метр шегінде тұрақты құрылысжайлар салуға тыйым салынады.
Шекара маңындағы аудандарда төтенше жағдайлар туындаған кезде уәкілетті органдар уағдаластық бойынша зардап шеккен Тарапқа құтқару, оның салдарын жою бойынша қажетті көмек көрсетеді, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің аумағына апаттың таралмауы бойынша шаралар қолданады.
Шекара маңындағы аудандарда төтенше жағдайлар туындау қаупі болған кезде немесе туындаған кезде уәкілетті органдар уағдаластық бойынша жергілікті тұрғындарды төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе туындағаны, қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар туралы хабарлау және ақпараттандыру бойынша іс-шаралар өткізеді.
Шекара маңындағы аудандарда төтенше жағдайлар туындау қаупі болған немесе туындаған кезде бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы екінші Тарап мемлекетінің уәкілетті органын дереу хабардар етеді және төтенше жағдайлар және олардың алдын алу/жою жөніндегі Тарап қабылдаған шаралар туралы ақпаратты ұсынады.
1. Уәкілетті органдар осы Келісімге, Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру және сақтау бойынша шараларды дербес қолданады, сондай-ақ бірлескен қызметті жүзеге асырады.
Осы мақсатта шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдар Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдерімен келісілген кезеңдер мен мерзімдерде мемлекеттік шекара режимін сақтау бойынша бірлескен іс-қимылдарды ұйымдастырады және жүргізеді.
Мемлекеттік шекара режимін ұстап тұру және сақтау бойынша бірлескен іс-қимылдарды жүргізу кезінде шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдардың бірлесіп пайдаланылатын жолдар арқылы қозғалысы шекара өкілдерінің келісуі бойынша жүзеге асырылады.
2. Тараптар мемлекеттік шекара режимі жағдайларын қамтамасыз ету және оны ұстап тұру, шекара маңы аудандарындағы тәртіпті, контрабанданы, заңсыз көші-қонды, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың заңсыз айналымын, тыйым салынған заттардың саудасын және олардың өткізілуін және басқа да трансшекаралық қылмыстарды болғызбау және олардың жолын кесу мүдделеріне орай ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтады.
3. Тараптар шекара маңындағы аудандардың әкімшілік аражігін ажырату тізбесін осы Келісімге 7-қосымшаға сәйкес айқындайды. Бір Тарап өзінің шекара маңындағы аудандардың әкімшілік аражігін ажыратуды қайта қарау себебімен өзгерткен жағдайда, бұл туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етеді.
6-тарау. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу тәртібі
1. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешуді шекара өкілдері жүзеге асырады.
2. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу біржақты немесе бірлесіп тергеп-тексерулерді жүргізу, ақпарат алмасу немесе олардың нәтижелерін қарау, бірлесіп шешім қабылдау, себептер мен салдарды жою, кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Тергеп-тексеру жүргізу кезінде оқыс оқиғаның түрі, оның туындаған уақыты, орны мен себептері, қатысушылар, олардың іс-қимылдарының сипаты мен кінә дәрежесі, куәлардың заттай дәлелдемелердің болуы, куәлардың айғақтарын бекіту және заттай дәлелдемелерді сақтау үшін қажетті шаралар анықталады.
Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешуге байланысты барлық мәселелер тең құқылы негізде шешіледі, шекара өкілдерінің барлық өтініштері сыпайы түрде жасалады, негізделген сипатта болады және Тараптар мемлекеттерінің мүддесіне орай шешіледі.
3. Шекарадағы оқыс оқиғаларды шешу кезінде шекара өкілдерінің сарапшыларын тартуға, сондай-ақ өзге де уәкілетті органдарының күштері мен құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
4. Құжаттарды, оның ішінде шекарадағы оқыс оқиғаны бірлесіп тергеп-тексерулердің барысын және нәтижелерін тіркеп-белгілейтін құжаттарды ресімдеу, осы Келісімге және Тараптар мемлекеттердің процестік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Шекара өкілдері реттемеген шекарадағы оқыс оқиғалар дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
Шекарадағы оқыс оқиғалар туындаған кезде бір Тарап мемлекетінің шекара өкілі бұл туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара өкіліне белгіленген тәртіппен хабар береді немесе одан тиісті ақпарат алады.
Шекарадағы оқыс оқиғалар фактілері бойынша шекара өкілдері тиісті шаралар қолдану туралы өтінішпен ауызша немесе жазбаша өтініштер жолдайды.
Қажет болған жағдайда шекара өкілдері мемлекеттік шекарадағы кездесу орындары мен ақпарат алмасу тәртібін нақтылайды.
1. Бір Тарап мемлекетінің аумағынан шекараны бұзудың белгілері (іздері) немесе бұзушы табылған кезде екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдары өз мемлекетінің аумағында іздеуді, ұстап алуды және шекара бұзушының жеке басын анықтауды жүзеге асырады, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.
2. Шекара бұзушыға қатысты қару қолдану тәртібі Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес айқындалады.
Ұстап алу кезінде жарақат алған шекара бұзушыға шұғыл (алғашқы) медициналық көмек көрсетіледі.
3. Шекара бұзушыларды ұстап алған Тарап мемлекетінің шекара өкілдері екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдеріне жасалған құқық бұзушылықтардың мән-жайлары, ұсталғандарға қатысты қолданылған шаралар мен тергеп-тексеру нәтижелері туралы мәліметтерді хабарлайды, сондай-ақ екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдерінің сұрау салуы бойынша қажетті материалдарды ұсынады.
4. Шекара өкілдерінің құқық бұзушыларды беруі Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына және Тараптар мемлекеті қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін ұсталған адамдар Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес олардың шекараны байқаусыз кесіп өту фактісі (шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар, психикалық ауру, қолайсыз табиғи жағдайлар мен дүлей зілзалалар, жергілікті жерде бағдарды жоғалту және т.б.) анықталған жағдайда, сондай-ақ кесіп өту кезінде олар қылмыстық істер жасамаған жағдайда, олар келген мемлекетінің шекара өкіліне беріледі.
Аталған адамдар акт бойынша беріледі, олардың үлгісін өзара уағдаластық бойынша Тараптар мемлекеттерінің шекара өкілдері белгілейді.
Акт екі данада, Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін өзбек және орыс тілдерінде ресімделеді және Тараптардың оларды қабылдауды және тапсыруды жүзеге асыратын шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдарының өкілдері қол қояды. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Актіде мыналар көрсетіледі:
берілетін уақыты, күні және орны;
берілетін адамдардың анықтамалық деректері;
олардың шекараны абайсызда заңсыз кесіп өту уақыты күні және орны;
шекараны абайсызда заңсыз кесіп өту мән-жайлары мен себептері;
берілетін адамдардың заттарының, киімдері мен құжаттарының тізбесі;
берілетін адамдардың өтініштері;
жоғарыда аталған адамдарды қабылдауды және тапсыруды жүзеге асырушы Тараптардың шекараны күзету саласындағы уәкілетті органдары өкілдерінің әскери атағы, тегі және аты-жөні.
1. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде немесе шекаралық суларда адамдардың танылмаған мәйіттері табылған кезде шекара өкілдері мен уәкілетті органдар олардың тиесілігін анықтайды, қажет болған жағдайларда бірлесіп тануды жүргізеді, оларды беру мәселелерін келісіп шешеді.
2. Мемлекеттік шекарада, шекаралық белдеулерде немесе шекаралық суларда танылмаған заттар немесе малдардың өлекселері табылған кезде шекара өкілдері мен уәкілетті органдар олардың тиесілігін анықтау үшін шаралар қолданады және оларды беруді (қайтаруды) немесе жоюды өзара келісу бойынша жүзеге асырады.
1. Әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өтуі туралы ақпарат болған кезде уәкілетті органдар шекара өкілдерімен бірлесіп әуе кеңістігінде шекараны бұзу фактісін анықтау бойынша шаралар қолданады.
Бір Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдары әуе кемесінің екінші Тарап мемлекетінің әуе кеңістігінен шекараны заңсыз кесіп өткеніне көз жеткізгеннен кейін екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдарына шекараны бұзған әуе кемесінің ықтимал түрі, сондай-ақ шекараны бұзу уақыты, орны (географиялық координаттары), ұшу биіктігі мен бағыты (әуе жолы) туралы дереу хабарлайды.
2. Әуе кемесімен әуе кеңістігіндегі шекараны бұзған Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдары әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өткені туралы хабарламаны алғаннан кейін шекараны заңсыз бұзу фактісі бойынша дереу тексеру жүргізеді және екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдарына шекараны заңсыз кесіп өту себептері туралы хабарлайды.
Егер әуе кемесімен әуе кеңістігінен шекараны бұзған Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдарының әуе кемесіне қатысты ақпараты болмаса, олар бұл туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілдері мен уәкілетті органдарына хабарлайды және оны іздеу бойынша шаралар қолданады.
3. Шекара өкілдері мен уәкілетті органдар әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өту себептерін бірлесіп тергеп-тексереді.
Әуе кемесінің шекараны заңсыз кесіп өтуі туралы ақпарат алмасу тәртібі шекара өкілдері мен уәкілетті органдар арасындағы тиіс уағдаластықтарға сәйкес айқындалады.
1. Шекарадағы оқыс оқиғаларды біржақты тергеп-тексеру (бұдан әрі – біржақты тергеп-тексеру) Тараптар арасында келіспеушіліктер тудырмайтын (бір Тарап мемлекеті азаматтарының екінші Тарап мемлекеті аумағына мемлекеттік шекарадан кездейсоқ өтіп кетуі, малды шекарадан өткізіп жаю (айдау), шектес аумаққа өрттің көшуі және т.б.) немесе реттеу үшін қосымша бірлескен іс-шаралар өткізуді талап етпейтін шекарадағы оқыс оқиғаларға қатысты жүргізіледі.
2. Біржақты тергеп-тексерулерді шекара өкілдері өз мемлекетінің аумағында өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес дербес жүргізеді, олардың нәтижелері туралы екінші Тарапқа хабарлайды.
3. Осындай жағдайларда шекарадағы оқыс оқиғаларды реттеуге байланыс құралдары бойынша (қызметтік хат-хабарлар) біржақты тергеп-тексерудің нәтижелері туралы ақпаратты қабылдау-тапсыру немесе бірлескен шешім қабылдай отырып, шекара өкілдерінің, олардың орынбасарларының немесе көмекшілерінің кездесуін өткізу арқылы, сондай-ақ шекарадағы оқыс оқиға туындаған мемлекет аумағында олардың салдары мен себептерін жою, кінәлі адамдарды жауапқа тарту және мемлекеттік шекара режимінің қағидаларына сәйкес тәртіпті қалпына келтіру бойынша іс-шараларды Тараптың кейін орындауы арқылы қол жеткізіледі.
Біржақты тергеп-тексерулердің материалдары Тараптардың ортақ көзқарасын көрсететін шекара өкілдерінің кездесуінде (бірлескен отырыстарда) бірлескен шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады, олар шекара өкілдерінің кездесу хаттамасына қосымшалар ретінде қоса беріледі.
Тараптардың ортақ көзқарасын әзірлеу және бірлескен шешім қабылдау үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда шекара өкілдері өзара келісу бойынша бірлесіп тергеп-тексерулерді тағайындайды.
1. Шекарадағы оқыс оқиғаларды бірлесіп тергеп-тексеру (бұдан әрі – бірлесіп тергеп-тексеру) мемлекеттік шекара режимін бұзуға немесе бір Тарап мемлекетіне немесе Тараптар мемлекеттеріне, сондай-ақ үшінші мемлекеттің уәкілетті өкілдерін тергеп-тексеруге қатысуы кезінде үшінші сабақтас (тоғысу мемлекетіне) материалдық немесе өзге де нұқсан келтіруге байланысты шекарадағы оқыс оқиғаларға қатысты жүргізіледі.
2. Бірлесіп тергеп-тексерулерді шекара өкілдері шекара өкілдерінің кездесу пункттерінде немесе тікелей шекарадағы оқыс оқиға орнында жүргізеді.
3. Осындай жағдайларда шекарадағы оқыс оқиғаларды реттеуге шекара өкілдерінің бірлесіп тергеп-тексерулер нәтижелерін бірлесіп шешімдер қабылдап, салдары мен себептерін жою, кінәлі адамдарды жауапқа тарту және осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру бойынша бірлескен шараларды айқындап және қабылдап, қарауы арқылы қол жеткізіледі.
Кінәлі адамдарды жауапқа тарту Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бірлесіп тергеп-тексерулер нәтижелерін қарау кезінде шекара өкілдерінің шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша ортақ көзқарасын көрсететін шешімдер қабылданады және шекарадағы оқыс оқиғаны бірлесіп тергеп-тексеру актісі жасалады.
Тараптардың бірі қолданатын шаралардың жеткіліксіздігіне немесе бір Тарап мемлекеті азаматтарының кінәсін анықтауға байланысты шекарадағы оқыс оқиғалардың себептерін айқындау кезінде сол Тарап анықталған себептерді немесе адамдардың анықталған кінәсін мойындайды, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру және кінәлі адамдарды жауапқа тарту бойынша шаралар қолданылады. Қолданылған шаралар туралы екінші Тарап мемлекетінің шекара өкіліне хабарланады.
1. Бірлесіп тергеп-тексеру шекарадағы оқыс оқиға туындаған жерде оны туындатқан барлық мән-жайларды анықтау, талабы бойынша бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі мәлімдемесінің негізділігін тексеру қажет болған жағдайда жүргізіледі.
2. Бірлесіп тергеп-тексеру мен оның нәтижелерін қарау тәртібі әрбір жекелеген жағдайда шекарадағы оқыс оқиғаның мән-жайлары мен сипатына қарай айқындалады. Аумағында бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі бірлесіп тергеп-тексеруді ұйымдастырады және оған басшылық етеді.
Бірлесіп тергеп-тексеруді жүргізу уақыты мен орны шекара өкілдерінің арасында келісіледі.
1. Аумағында бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін Тарап мемлекетінің шекара өкілі белгіленген уақытта екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілін бірлесіп тергеп-тексеру жүргізілетін ауданда қарсы алады.
2. Оқыс оқиғаның сипатын (орнын, уақытын, түрін және оның туындау себептерін), қатысушыларды (адамдарды, олардың іс-әрекеттерінің сипатын, кінә дәрежесін), куәларды айқындау, заттай дәлелдемелерді жинау және бекіту мақсатында шекарадағы оқыс оқиғаның орны, жарақаттанғандар, мәйіттер, құжаттар, қару-жарақтар, адамдар мен жануарлардың іздері, алынған оқтар, шекара арқылы өткізілген жүктер және өзге де мүлік, қираған немесе бүлінген шекара белгілері мен трансшекаралық құрылысжайлар, сондай-ақ құқыққа сыйымды және сыйымсыз әрекеттердің басқа да дәлелдемелері қарап-тексеріледі.
3. Жарақаттанғандар мен мәйіттерді медицина сарапшылары табылған жерінде қарап-тексереді. Бірлесіп тергеп-тексеруге дейін жарақаттанғандарға қажетті медициналық көмек көрсетіледі және мәйіттерді күзету қамтамасыз етіледі.
Қажетті жағдайларда жарақаттанғандар мен мәйіттерді қарап-тексеруді Тараптардың медицина сарапшылары бірлесіп жүргізеді, адам денсаулығына залал келтіру дәрежесі, қаза болу (өлім) себептері туралы бірлескен сараптама (қорытынды) актісін жасайды. Денсаулыққа келтірілген залал дәрежесінің ауырлығын әр сарапшы өз Тарапы мемлекеті заңнамасының талаптарына сүйене отырып айқындайды.
4. Бір Тарап мемлекетінің аумағындағы куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған адамдарға сауал қоюды осы Тараптың шекара өкілі біржақты тәртіппен жүзеге асырады.
Шекара өкілдерінің оларға бірлесіп сауал қоюы жоғары тұрған бастықтардың рұқсатымен жүргізіледі.
Жергілікті жерде табылған барлық заттар, іздер, олардың өзара байланысында және куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған адамдарға сауал қою ескеріле отырып қарап-тексеріледі.
Құжаттар, қару-жарақтар және басқа да заттар, яғни заттай дәлелдемелер мұқият қарап-тексеріледі, ал қажет болған кезде сараптама жүргізіледі. Бұл ретте олардың мемлекеттік және (немесе) жеке адамға тиесілігі, шекарадағы оқыс оқиға кезіндегі мақсаты мен пайдаланылуы белгіленеді.
Шекара өкілдерінің сарапшылары материалдық және өзге де нұқсанның (мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорындарға, азаматтарға, жәбірленушілердің денсаулық жағдайына) болуын айқындайды.
Атмосфералық жауын-шашынмен жойылу қаупі болған кезде, дәлелдемелер анық көрінетін бағдарлар болып табылатын жақын жердегі заттардың аясында фотоға түсіріледі, бейнежазба жасалып құжатталады.
Заттай дәлелдемелердің болуы мен олардың орналасқан жері, куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған адамдарға сауал қою нәтижелері бойынша шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу жөнінде бірлескен шешімдер әзірлеу үшін шекара өкілдері шекарадағы оқыс оқиғаның сипатын, орны мен уақытын, оның жасалу себептері мен салдарын, адамдардың кінә дәрежесі мен олардың мемлекетке қатыстылығын, келтірілген материалдық және өзге де нұқсанның (мемлекетке, ұйымдарға, кәсіпорындарға, азаматтарға, жәбірленушілердің денсаулық жағдайына) болуын белгілейді, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру бойынша шараларды айқындайды.
5. Шекарадағы оқыс оқиғаның сипаты мен мән-жайларына қарай бірлесіп тергеп-тексеру барысында мыналар жасалады:
1) шекарадағы оқыс оқиғаның орнын қарап-тексеру актісі;
2) сараптама актілері;
3) куәларға, жәбірленушілерге және ұсталған адамдарға сауал қою (бірлесіп сауал қою) хаттамалары;
4) жойылған немесе бүлінген мүлікті бағалау актілері;
5) шекара белгілерін (егер шекарадағы оқыс оқиға оның бүлінуіне байланысты болса) бірлесіп қарап-тексеру актісі.
Барлық құжаттар екі данада Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін өзбек және орыс тілдерінде жасалады, оған шекара өкілдері және бірлесіп тергеп-тексерудің барлық қатысушылары (шекара өкілдерінің сарапшылары қол қоятын сараптама актілерінен басқасы) қол қояды. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Шекарадағы оқыс оқиға орнын қарап-тексеру актісінде құжаттың атауы, қарап-тексерудің басталған және аяқталған уақыты, қарап-тексеруге қатысқан адамдардың құрамы, нәтижелері (табылған іздер, адамдардың мәйіттері немесе жануарлардың өлекселері, қару-жарақтар, гильзалар, басқа да заттар (нәрселер), олардың тиесілігі, шекара белгілеріне қатысты орналасқан жері, шекарада орын алған оқыс оқиғаға қатыстылығы), тұжырымдар көрсетіледі.
Актіге шекарадағы оқыс оқиғаның табылған заттай дәлелдемелерінің орналасқан жері нақты көрсетіле отырып, анық көрінетін бағдарларға байланыстырып жергілікті жердің схемасы қоса беріледі.
Сараптама актісінде сараптама жүргізу орны, уақыты, күні мен негіздемесі, шекара өкілдері сарапшыларының құрамы, сараптама барысында не анықталғаны, қорытынды, жасалған акт даналарының саны, акт жасаған сарапшылардың қолтаңбалары көрсетіледі.
Шекара белгілерін бірлесіп қарап-тексеру актісі еркін нысанда жасалады, онда оның қарап-тексерілген және жасалған орны, уақыты, күні, шекара белгілерін бірлесіп қарап-тексеру негіздемесі, қарап-тексеру нәтижелері, шекара белгілерін жөндеу, қалпына келтіру, бұрынғы орнына қайтадан орнату немесе басқа жерге қайтадан орнату бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
6. Шекарадағы оқыс оқиғаның барлық мән-жайлары анықталған және бірлесіп тергеп-тексеру барысында оны шешу туралы шаралар қабылдаған кезде, шекара өкілдері оны реттеу туралы бірлескен шешім қабылдайды, ол шекарадағы оқыс оқиғаны бірлесіп тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.
Бірлесіп тергеп-тексеру актісі еркін нысанда ол жүргізілген ауданда (оқыс оқиға болған жерде) жасалады, онда бірлесіп тергеп-тексерудің басталған және аяқталған орны, уақыты мен күні, оны жүргізу негіздемесі, қатысқан адамдардың құрамы, бірлесіп тергеп-тексеру нәтижелері, шекара өкілдерінің мәлімдемелері мен ұсыныстары, шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша шешім көрсетіледі.
Шекарадағы оқыс оқиғаны бірлесіп тергеп-тексеру актісіне қосымшалар ретінде осы баптың 5-тармағында көрсетілген актілер (хаттамалар) қоса беріледі.
7. Бірлесіп жүргізілген тергеп-тексеру барысында шекарадағы оқыс оқиғаның анықталған мән-жайлары жеткіліксіз болған кезде оларды анықтау үшін қосымша іс-шаралар жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша шекара өкілдерінің бірлескен отырысы (бұдан әрі – бірлескен отырыс) тағайындалады.
1. Бірлескен отырысты өткізу туралы ұсыныс ол басталғанға дейін 7 тәуліктен кешіктірілмей жіберіледі және онда отырыстың күні, уақыты, орны, күн тәртібі және қатысушылар құрамы қамтылады. Ұсынысқа жауап оны алған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірілмей ұсынылады.
2. Бірлескен отырыс қажет болған кезде шекарадағы оқыс оқиға ауданындағы жергілікті жерлерді қосымша қарап-тексеру, куәларға, жәбірленушілерге және ұсталғандарға сұрақ қою талап етілгенде бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына ауыстырыла отырып өткізіледі.
Бірлескен отырыс өткізілетін мемлекеттің аумағындағы шекара өкілінің төрағалығымен өткізіледі.
Келіссөздерді шекара өкілдері жүргізеді, бірлескен отырыстың қалған қатысушылары шекара өкілдерінің рұқсатымен сұрақтарға жауап береді.
3. Бірлескен отырыстың күн тәртібі бекітілгеннен кейін шекара өкілдері шекарада орын алған оқыс оқиға бойынша мәлімдемелермен алмасады, біржақты тергеп-тексеру материалдарын және қосымша анықталған мән-жайларды ескере отырып, құжаттық және заттай дәлелдемелерді ұсынады, қажет болған кезде куәларға, жәбірленушілерге, ұсталған адамдарға қосымша сұрақ қою жүргізіледі, соның нәтижесінде ортақ пікірге келеді және шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу туралы бірлескен шешімдер (бұдан әрі – бірлескен шешім) қабылдайды.
Шекарадағы оқыс оқиғаның сипаты мен жаңадан анықталған мән-жайларға қарай бірлескен отырыста мыналар ресімделеді:
1) куәларға, жәбірленушілерге, ұсталған адамдарға қосымша сұрақ қою хаттамалары;
2) адамдарды және мүлікті беру актісі;
3) материалдық және өзге де нұқсанның (бүлінген немесе жойылған мүліктің) болуы туралы акт;
4) жәбірленушілердің денсаулығына келтірілген нұқсан сараптамасының актісі;
5) қажетті сараптамалардың өзге де актілері мен құжаттар.
Бірлескен отырыстың қорытындысы бойынша хаттама (бұдан әрі – хаттама) екі данада ресімделеді, онда қатысушылардың құрамы, күн тәртібі, отырыс барысы, қабылданған бірлескен шешім және осы Келісімге сәйкес мемлекеттік шекара режимін қалпына келтіру бойынша шаралар көрсетіледі.
Хаттама Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін өзбек және орыс тілдерінде ресімделеді. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Хаттама шекара өкілдерінің немесе оларды алмастыратын адамдардың қолтаңбаларымен, сондай-ақ елтаңбалы мөрлермен бекемделеді.
Хаттамаға шекарадағы оқыс оқиғаны бірлесіп тергеп-тексеру актісі және осы баптың 3-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар да қоса беріледі.
Егер шекара өкілдері бірлескен отырыста шекарадағы оқыс оқиғаны реттеу бойынша бірлескен шешім қабылдамаса, хаттамада біржақты мәлімдемелер мен ұсыныстар көрсетіледі.
Хаттамалардың көшірмелері, оған қосымша материалдар шекарадағы оқыс оқиғаны дипломатиялық арналар арқылы шешу үшін Тараптар мемлекеттерінің сыртқы істер саласындағы уәкілетті органына жіберіледі.
1. Шекара өкілдері қабылдаған бірлескен шешімдер орындау үшін міндетті болып табылады.
Шекара өкілдері бірлескен шешімдерді орындайды және уәкілетті органдардың оларды орындағанын тексереді.
2. Бір Тарап мемлекетінің уәкілетті органы бірлескен шешімдерді уақтылы орындамаған жағдайларда екінші Тарап мемлекетінің шекара өкілі оның себептерін ақпарат алмасу арқылы немесе бірлескен отырыста анықтайды.
1. Адамдарды, мүлікті және үй жануарларын беру туралы бірлескен шешімдер қабылдаған кезде оларды орындау мерзімдері көрсетіледі.
2. Адамдарды, мүлікті және үй жануарларын беруді шекара өкілдері, олардың орынбасарлары немесе көмекшілері 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің арасындағы Шекара өкілдерінің қызметі туралы келісімнің 8-бабында бекітілген тәртіппен жүзеге асырады.
Адамдарды беру (қабылдау) беру актісіне жазылатын шағымдарды анықтау мақсатында оларға сұрақ қоюмен бірге жүргізіледі. Негізсіз шағым мәлімделген кезде адамдарды беру басқа мерзімге ауыстырылады және талқылау жүргізіледі.
7-тарау. Іске асыру тетігі
Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, осы Келісімді іске асыру бойынша шығыстарды Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес дербес көтереді.
8-тарау. Қорытынды ережелер
Осы Келісімнің ережелері Тарап мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Осы Келісімде атап көрсетілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 49-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келіссөздер мен консультациялар арқылы шешеді.
Осы Келісімді орындау кезінде уәкілетті органдар арасында туындаған мәселелер сол жерде олардың өкілдеріне консультациялар беру немесе халықаралық ынтымақтастық шеңберінде уәкілетті органдар басшыларының деңгейінде не дипломатиялық арналар арқылы шешіледі.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
Осы Келісім өзінің қолданысын Тараптардың бірі дипломатиялық арналар арқылы екінші Тараптан осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама алған күнінен бастап 90 (тоқсан) күн өткен соң тоқтатады.
20___ жылғы "___" _______ _____________ қаласында әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.
Осы Келісімнің мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Өзбекстан РеспубликасыныңҮкіметі үшін |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 1-қосымша |
Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан – Өзбекстан бірлескен комиссиясы туралы ереже
20__ жылғы "__" _________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 1-бабына сәйкес Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан – Өзбекстан бірлескен комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) туралы осы ереже қабылданады.
1-бөлім. Комиссияның құрамы
Комиссия Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес тағайындалатын Тараптар бөлігінің тиісті деңгейдегі төрағаларынан және Тараптар келіскен өкілдер санынан құрылады. Қажет болған кезде Комиссияның құрамына геодезиялық, жерге орналастыру қызметтерінің сарапшылары мен мамандары, Тараптар мемлекеттерінің басқа да уәкілетті органдарының өкілдері кіреді.
Тараптар осы Келісім күшіне енгеннен кейін 3 ай ішінде бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы Комиссияның өз бөлігінің құрамы туралы хабардар етеді.
2-бөлім. Комиссияның функциялары
Комиссия жұмысын Келісімге сәйкес жүргізеді және мынадай функцияларды орындайды:
Келісімді іске асыру барысына бақылауды жүзеге асыру;
мемлекеттік шекара режимінің мәселелерін іске асыруға жауапты өкілдерді қажеттілігіне қарай тағайындау;
Келісімді іске асыру барысында оның ережелерін түсіндіру кезінде туындаған келіспеушілікті шешу;
шекара белгілерін бастапқы орнатылған орынға қалпына келтіру мүмкін болмағанда оларды орнатумен байланысты мәселелерді қарау және шешу;
Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимін сақтауға байланысты басқа да маңызды мәселелерді келісу және шешу.
3-бөлім. Комиссияның жұмыс нысандары
1. Комиссия жұмысты отырыстар өткізу арқылы жүзеге асырады, олар екі данадағы (Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін өзбек және орыс тілдерінде) хаттамамен ресімделеді және Комиссия бөліктерінің төрағалары қол қояды. Комиссияның бір бөлігінің төрағасы отырысқа қатыса алмаған жағдайда, оның тапсырмасы бойынша хаттамаға Комиссияның өз бөлігі мүшелерінің бірі қол қояды.
Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Комиссияның отырыстарда қабылданған шешімдері Тараптардың уәкілетті органдары орындау үшін міндетті.
2. Комиссия жұмысты хат алмасу нысанында немесе басқа да өзі келіскен тәсілдермен жүргізе алады.
4-бөлім. Комиссияның жұмыс тетігі
1. Комиссия отырыстары Тараптардың әрбір мемлекетінің аумағында кезектілік тәртібімен кемінде жылына бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда кезектен тыс отырыс өткізіледі.
Отырыстың күні, орны, уақыты, күн тәртібі және қатысушылар құрамы дипломатиялық арналар арқылы келісіледі.
2. Отырыс қай мемлекеттің аумағында өткізілсе, Комиссияның сол бөлігінің төрағасы отырыста төрағалық етеді.
5-бөлім. Комиссияның шығыстары
Комиссияның функцияларын орындауға байланысты шығыстарды Тараптар дербес төлейді.
Өз мемлекеті аумағында Комиссия отырысын өткізетін Тарап оны өткізу үшін қажетті жағдай (үй-жай, автокөлік) ұсынады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 2-қосымша |
|
Нысан |
№ _____ шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру немесе қайтадан орнату
актісінің үлгісі
20___ жылғы "__" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 5-бабының 2-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
өкілімен бірге
20___ жылғы "____" __________________ _______ ден ______ дейін
__________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілінің (шекара өкілі орынбасарының, шекара өкілі көмекшісінің)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________ өкілімен бірге
__________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілінің (шекара өкілі орынбасарының, шекара өкілі көмекшісінің)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
қатысуымен № ______ шекара белгісін ________________________________
(жөндеу, қалпына келтіру немесе қайта орнату)
жүргізді.
№ ____ шекара белгісі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(бұдан әрі шекара белгісін жөндеу, қалпына келтіру немесе қайта орнату барысы мен себептері жазылады)
Жоғарыда көрсетілген жұмыстар 20___ жылғы "___" ____________________
_________________________________________________қол қойылған
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(шегендеу немесе бірлесіп тексеру туралы құжаттардың атауы)
сәйкес орындалды.
Осы акт екі данада Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін – өзбек және орыс тілдерінде жасалды. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 3-қосымша |
|
Нысан |
№ ___ шекара белгісі бүлінгеннен (орны ауыстырылғаннан, бұзылғаннан немесе жоғалғаннан) кейін бұрынғы орнында қалпына келтіру немесе қайтадан орнату мүмкін еместігі туралы актінің үлгісі
20___ жылғы "__" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 7-бабының 1-тармағына сәйкес
__________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілі (шекара өкілінің орынбасары, шекара өкілінің көмекшісі)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы) (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
өкілімен бірге
20___ жылғы "___" _________ __________ бастап _________________ дейін
__________________________________________________________________
(елдің атауы) (учаскенің атауы)
шекара өкілінің (шекара өкілі орынбасарының, шекара өкілі көмекшісінің)
__________________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы) (өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
өкілімен бірге
№ __ шекара белгісі ________________________________________________
__________________________________________________________________
және ______________________________________________________________
(бүлінді, орны ауыстырылды, бұзылды немесе жоғалды)
оны 20 ___ жылғы "___" ____________ _____________________________
_____________________________________________________ қол қойылған
(шегендеу немесе бірлесіп тексеру құжатының атауы)
ережелеріне сәйкес айқындалған бастапқы орнына
__________________________________________________________________
(қалпына келтіру немесе қайта орнату)
мүмкін еместігін анықтады, бұл туралы Тараптар Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан – Өзбекстан бірлескен комиссиясына өз желісі арқылы баяндауға келісті.
Осы акт екі данада, Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін – өзбек және орыс тілдерінде жасалды. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 4-қосымша |
|
Нысан |
Бүлінген (орны ауыстырылған, бұзылған немесе жоғалған) № __ шекара белгісін жаңа орынға орнату туралы актінің үлгісі
20___ жылғы "__" ______ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 7-бабының 2-тармағына және Мемлекеттік шекара режимі жөніндегі Қазақстан – Өзбекстан бірлескен комиссиясының 20 ___ жылғы ____________________ шешіміне сәйкес бірлескен сарапшылар тобының (Қазақстан/Өзбекстан бөлігінің) өкілі
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
20 __ жылғы ___ ___________________________________________________
_________________________________________________________________
Бірлескен сарапшылар тобының (Қазақстан / Өзбекстан бөлігінің) өкілі
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
қатысуымен бүлінген (орны ауыстырылған, бұзылған немесе жоғалған)
№ ____ шекара белгісін жаңа орынға орнатты.
№ ___ шекара белгісінің хаттамасы, Шекара белгісі бағаналарының өзара орналасу схемасы және Шекара белгісінің координаттары мен биіктігі каталогының фрагменті, Аралдардың тиесілігі кестелері және жаңадан орнатылған шекара белгісінің орналасу орнына қатысты мемлекеттік шекараның картасы (қоса беріледі)
20____ жылғы "____" _________
қол қойылған ______________________________________________________
__________________________________________________________________
(шегендеу немесе бірлесіп тексеру туралы құжаттардың атауы)
__________________________ сәйкес жасалды.
Осы акт екі данада, Қазақстан тарапы үшін – қазақ және орыс тілдерінде, Өзбекстан тарапы үшін – өзбек және орыс тілдерінде жасалды. Мәтіндердің арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Бірлескен сарапшылар тобының Қазақстан бөлігінің өкілі |
Бірлескен сарапшылар тобының Өзбекстан бөлігінің өкілі |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 5-қосымша |
|
Нысан |
(көлемі 15x10 см)
______________________________________________________
РҰҚСATTAMA
Фотосурет орны |
Мөрдің орны
___________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
______________________________ ауданында Қазақстан – Өзбекстан
(кесіп өту орны немесе шекара белгісінің ауданы)
мемлекеттік шекарасын екі жақты кесіп өтуге және ______________
(нысанның атауы)
сағат _____ ден _____________ дейінгі мерзімде болуға құқығы бар.
(тәулік мерзімі)
______________________________________________________
(құжаттың атауы және нөмірі)
құжатты ұсынған кезде 20___ж "____" ___________ бастап
20___ж "__" ______________________________ дейін жарамды.
(рұқсаттаманың жарамдылық мерзімі)
Мөрдің орны Қазақстан Республикасының _____________________ учаскесі бойынша шекара өкілі
__________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Мөрдің орны Өзбекстан Республикасының _____________________ учаскесі бойынша шекара өкілі
__________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты-жөні)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 6-қосымша |
|
Нысан |
Өз аумағында шекаралық белдеу шегінде әуе кемесімен ұшу жүргізу туралы хабарламаның үлгісі
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
(Тарап мемлекеті) (қызмет учаскесі)
бойынша шекара өкілі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(Тарап мемлекеті) (қызмет учаскесі)
бойынша шекара өкіліне өзінің құрметін білдіреді және 20_ жылғы "_" __________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 19-бабының 2-тармағына сәйкес өз аумағында шекаралық белдеу шегінде әуе кемесімен ұшу жүргізу туралы хабардар етуді мәртебе санайды:
1. Ұшу мақсаты.
2. Ұшу туралы деректер:
1) ұшу кезеңі, нақты ұшу күндері және ұшу ұзақтығы;
2) ұшып өтетін аудан, шекаралық белдеуге кіру және одан шығу нүктесінің географиялық координаттары, ұшу бағыты;
3) ұшу биіктігі.
3. Ұшу аппараты туралы мәліметтер:
1) иесі;
2) түрі мен модификациясы;
3) бояуы (түсі);
4) тану белгілері;
5) борттық нөмірі;
6) шақыру сигналдары;
7) радарлық қондырғының болуы.
4. Фотоаппаратура туралы мәліметтер:
1) түрі мен модификациясы;
2) фокустық қашықтық.
_____________________________________________________ бойынша
(қызмет учаскесі)
___________________________________________________ шекара өкілі
(Тарап мемлекеті)
жағдайды пайдалана отырып,
_____________________________________________________ бойынша
(қызмет учаскесі)
__________________________________________________ шекара өкіліне
(Тарап мемлекеті)
өзінің зор құрметін білдіреді.
________________________________________________________________
(Тарап мемлекеті) (қызмет учаскесі)
бойынша шекара өкілі
_________________________________________________________
(әскери атағы, тегі, аты-жөні)
______________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімге 7-қосымша |
|
Нысан |
Шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісінің тізбесі
20___ жылғы "___" ________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан – Өзбекстан мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісімнің 30-бабының 3-тармағына сәйкес Шекара маңы аудандарының әкімшілік бөлінісінің тізбесі айқындалады:
1. Қазақстан Республикасы тарапынан:
Маңғыстау облысы:
Қарақия ауданы;
Маңғыстау ауданы;
Бейнеу ауданы.
Ақтөбе облысы:
Байғанин ауданы;
Шалқар ауданы.
Қызылорда облысы:
Арал ауданы;
Қазалы ауданы;
Қармақшы ауданы;
Жалағаш ауданы;
Сырдария ауданы;
Шиелі ауданы;
Жаңақорған ауданы.
Түркістан облысы:
Отырар ауданы;
Шардара ауданы;
Мақтаарал ауданы;
Жетісай ауданы;
Сарыағаш ауданы;
Келес ауданы;
Қазығұрт ауданы;
Төлеби ауданы.
2. Өзбекстан Республикасы тарапынан:
Қарақалпақстан Республикасы:
Мұйнақ ауданы;
Құнғрад ауданы;
Тахтақұпыр ауданы.
Навои облысы:
Конимех ауданы;
Тамдын ауданы;
Учкудық ауданы.
Жызақ облысы:
Мырзашулы ауданы;
Фариш ауданы.
Сырдария облысы:
Ақалтын ауданы;
Мирзаабад ауданы;
Сырдария ауданы.
Ташкент облысы:
Чиназ ауданы;
Янгиюл ауданы;
Зангиаты ауданы;
Ташкент ауданы;
Кибрай ауданы;
Бостанлық ауданы.