"Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 тамыздағы № 656 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/ аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты (бұдан әрі – қайта өңдеу шарттары туралы құжат) толтыру мен беру, тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысандар бойынша толтырылған қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қол қоюымен, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің мөрі болса, оның мөрімен куәландырылады.

      Бұл ретте өңдеу шарттары туралы құжаттарды беруге арналған өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде құжаттардың көшірмелерін өтініш берушінің мөрімен растау туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.";

      7-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысандар бойынша толтырылған өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;";

      8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда уәкілетті орган қағаз жеткізгіште өтініш жүгінген кезде бергенде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тарту береді, портал арқылы өтініш берген кезде уәжді бас тарту басшының немесе оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында олардың "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш уәкілетті органның өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тарту себептері жойылғаннан кейін қайта жіберіледі, ол осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады.";

      13-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қағаз жеткізгіште берілген қайта өңдеу шарттары туралы құжат жоғалып немесе бүлініп қалған кезде уәкілетті орган өтініш берушінің уәжді жазбаша өтініші бойынша қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телнұсқасын береді, оның өң жақ бетіне "Телнұсқа" деп жазылады. Бұл ретте телнұсқаның сырт жақ бетіне телнұсқаны беретін тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі, оған басшы немесе оның орынбасары не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және уәкілетті органның мөрімен расталады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не жеке кәсіпкер болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтер өзгерген;

      2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге негіз болған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжатқа (құжаттарға), оның (олардың) қосымшаларына (толықтыруларына) өзгерістер (толықтырулар) енгізген;

      3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес олардың қайта өңделген өнімдерінің атауы мен жіктемесін, сондай-ақ олардың мөлшері мен құнын растайтын құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілген;

      4) қайта өңделген өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормаларын есептеу кестесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде өтініш берушінің уәжді жазбаша өтініші не өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы уәжді өтініші бойынша қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерді өзгертеді (толықтырады).";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Уәкілетті орган:

      1) өтініш беруші көрінеу жалған мәліметтер ұсынған;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      3) өтініш беруші еркін нысанда жазбаша немесе электрондық түрде уәжді өтініш берген;

      4) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәжді өтініш берген кезде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алады (жояды) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасымен реттеледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

      3-тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 656 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
  Нысан

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат

1.

Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)


2.

Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері*)


3.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*)


4.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды, саны мен құны)


5.

Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және саны)


6.

Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер


7.

Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары


8.

ЕАЭО кедендік аумағындағы қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер


9.

ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер


10.

Қалдықтары мен қалғандары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)


11.

ЕАЭО кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу мерзімі


12.

Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер


13.

Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер


14.

Кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау көзделетін кеден органы (кеден органдары)


      Басшы ____________ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 656 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
  Нысан

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжат

1.

Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)


2.

Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері*)


3.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*)


4.

Қазақстан Республикасының заңнамасында оларға қатысты шетелдік тауарларды қайта өңдеу технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленген ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және саны)


5.

Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер


6.

Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары


7.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер


8.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған ЕАЭО тауарларының қайта өңделген өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер


9.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу мерзімі


10.

Кодекстің 263-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер


11.

ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау көзделетін кеден органы (кеден органдары)


12.

Қалдықтары, қалғандары және өндірістік шығындар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны және құны)


      Басшы ____________ ________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 656 қаулысына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 28 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген
  Нысан

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат

1.

Құжатты берген Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы туралы мәліметтер (атауы)


2.

Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, СТН, банктік деректемелері*)


3.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, банктік деректемелері*


4.

Шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)


5.

Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер


6.

Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары


7.

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер


8.

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылатын шетелдік тауарларды оларды қайта өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер


9.

Қалдықтар мен қалғандары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)


10.

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу мерзімі


11.

Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер


12.

Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру және осы кедендік рәсімнің аяқталуы көзделетін кедендік орган (кедендік органдар)


13.

Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер


      Басшы ____________ ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 15 тамыздағы
№ 656 қаулысына
4-қосымша
  Тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеу және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжаттың нысанын және оны
толтыру мен беру, оған
өзгерістер (толықтырулар)
енгізу, оны кері қайтарып алу
(жою) және (немесе) оның
қолданылуын қайта бастау,
сондай-ақ тауарларды қайта
өңдеу мерзімін ұзарту және
Еуразиялық экономикалық
одақтың кедендік аумағында
қайта өңдеу және ішкі тұтыну
үшін қайта өңдеу бойынша
операциялар нәтижесінде
түзілген қалдықтарды одан әрі
коммерциялық пайдалану үшін
жарамсыз деп тану
қағидаларына
2-қосымша
  1-нысан

Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге _______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Өтініш

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның атауы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері) *

      3. Шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      4. Шетелдік тауарларды қайта өңдеу технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды және саны)

      ______________________________________________________________________

      5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер _____________________________________

      6. Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары_____________________________________________________________

      7. ЕАЭО кедендік аумағындағы қайта өңдеу операциялары, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер_______________________________________________

      8. Шетелдік тауарлардың қайта өңделген өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер _________________________________________________

      9. Қалдықтары мен қалғандары туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ___________________________________

      11. Кодекстің 252-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, осындай ауыстыру туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      12. Қалдықтары одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      13. Кеден органы (кеден органдары) ___________________________________

      ___________________________________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау көзделетін)

      14. Өзге де мәліметтер _________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар________________________________________________

      Басшы _________ _______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      20___ жылғы "____" _________

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

      2-нысан

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге ______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өтініш

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу операцияларын тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері) *

      3. ЕАЭО тауарлары және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО ЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер ___________________________________________________

      5. Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары

      _____________________________________________________________

      6. ЕАЭО кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      7. ЕАЭО тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      8. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі

      ______________________________________________________________

      9. Кодекстің 263-бабында айқындалғандай, егер балама тауарлармен ауыстыру көзделген болса, тауарларды ауыстыру туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________________

      10. Кеден органы (кеден органдары)

      ____________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау көзделетін)

      11. Қалдықтар, қалғандары мен өндірістік шығындар туралы мәліметтер

      ______________________________________________________________________

      (атауы, тауарлар позициясы деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      12. Өзге де мәліметтер _________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар _______________________________________________

      Басшы ________ ________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      20___ жылғы "____" __________

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

  3-нысан

Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге ______________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның толық атауы

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өтініш

      Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)

      2. Тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (тұлғаның атауы, мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері) *

      3. Шетелдік тауарлар және олардың қайта өңделген өнімдері туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер ____________________________________

      5. Қайта өңделген өнімдердің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары _____________________________________________________________

      6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар және оларды жасау тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________________

      7. ЕАЭО тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде сол тауарларды сәйкестендіру тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________________

      8. Қалдықтар мен қалғандары туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      9. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ___________________________________

      10. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер

      _____________________________________________________________

      11. Кеден органы (кеден органдары)

      ____________________________________________________________________

      (тауарларды қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау көзделетін)

      12. Қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы күйіне дейін қалпына келтірудің мүмкін еместігі туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________

      13. Өзге де мәліметтер ______________________________________________

      Қоса берілген құжаттар _____________________________________________

      Басшы ________ ___________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөр орны

      20___ жылғы "____" __________

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;

      * деректер (мәліметтер) болған кезде толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады