"Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 662 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына және тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "62-1) өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі үлгілік норма нысанын әзірлеу және бекіту;";

      80) және 81) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 184-1) және 184-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "184-1) отандық шикізат тауарларының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      184-2) отандық шикізат тауарлары тізбесіне енгізілген отандық шикізатты Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензиялар беру;";

      358) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "358) кен орындарын игерудің техникалық жобаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 358-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "358-1) қатты пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі ысырапты есепке алу бөлігінде кен орындарын игерудің техникалық жобаларын бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 425-1) және 425-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "425-1) құрылыс саласындағы қызметті тоқтата тұру туралы мемлекеттік инспекторлар актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;

      425-2) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкелетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) осы шараны қолдану мерзімін көрсете отырып айқындау;".

      2. Осы қаулы:

      1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының алтыншы және жетінші абзацтарын;

      2) 2024 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады