Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Əбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 675 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім
Осы Келісімнің мақсаттары үшін бұдан әрі "Уағдаласушы тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі
бір Уағдаласушы тарап мемлекеті инвесторларының инвестициялары үшін екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында қолайлы жағдайлар жасауға және оларды қолдауға ниеттене отырып,
орнықты экономикалық дамуға ықпал ететін жауапты шетелдік инвестицияларды тарту және көтермелеу мақсатында бір Уағдаласушы тараптың инвесторларына екінші Уағдаласушы тараптың аумағында жағдай жасау арқылы мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдай жасауға ниет білдіре отырып,
аумағында инвестиция іске асырылып жатқан Уағдаласушы тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау екі Уағдаласушы тарап мемлекетінің де кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыруға және әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін тани отырып,
корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік пен орнықты дамуға, сондай-ақ халықаралық сауданың және орнықты дамуға салынатын инвестициялардың үлесін арттыруға өзінің бейілді екенін растай отырып,
осы мақсаттарға денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес, сондай-ақ халықаралық танылған еңбек құқықтарын көтермелеу және Уағдаласушы тараптардың құқықтарына нұқсан келтірместен, халықтың денсаулығын, адам құқықтарын, қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, еңбек құқықтарын, жануарлардың әл-ауқатын қорғау, әлеуметтік қорғау немесе тұтынушыларды қорғау сияқты заңды саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті шаралардың көмегімен немесе пруденциалды қаржылық себептермен өз аумағында реттеуді жүзеге асыру арқылы қол жеткізілетінін растай отырып,
екі Уағдаласушы тарап мемлекеттерінің экономикалық тұрғыдан өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында осы инвестицияларды көтермелеу және қорғау қажеттігін мойындай отырып,
инвестициялар үшін тұрақты негізді қамтамасыз ету және экономикалық ресурстарды барынша тиімді пайдалану үшін инвестицияларға қатысты әділ әрі тең құқылы режим талап етілетінімен келісе отырып, төмендегілер туралы келісті:
Егер өзгеше белгіленбесе, осы Келісімнің мақсаттары үшін келесі сөздер мен терминдер мынадай мағынада қолданылады:
1. "Инвестор" термині бір Уағдаласушы тарап мемлекетінің екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында инвестицияларды соңғы Уағдаласушы тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын субъектісін білдіреді, атап айтқанда:
a) Уағдаласушы тараптардың бірі мемлекетінің азаматы болып табылатын және өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында инвестицияларды жүзеге асыруға құқылы жеке тұлға;
b) Уағдаласушы тараптардың бірі мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес тиісті тәртіппен құрылған не өзге де тәртіппен құрылған және жеке меншікте не мемлекет меншігінде немесе бақылауында болғанына қарамастан, осындай Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында нақты экономикалық қызметпен бірге өздерінің орналасқан жері болатын компанияларды, корпорацияларды, іскерлік қауымдастықтарды және басқа да ұйымдарды қоса алғанда, заңды тұлғалар.
Неғұрлым айқындылық үшін заңды тұлғалар Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес тіркелген немесе ұйымдастырылған ресми мекемелерді, билік органдарын, егеменді қорлар мен институттарды қамтиды.
2. "Инвестициялар" термині бір Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторы екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында соңғы Уағдаласушы тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес салған активтердің кез келген түрін білдіреді және белгілі бір ұзақтықты, пайданы немесе табысты күтуді, қабылдаушы мемлекеттерге салымды және тәуекелді қабылдауды қамтитын инвестициялардың сипаттамаларына ие.
Инвестиция түрлері мыналарды қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:
a) жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ сервитуттар, кепілдіктер, ипотекалар, кепілдер және ұқсас құқықтар сияқты басқа мүліктік құқықтар;
b) компанияның акциялары, борыштық міндеттемелері немесе компанияға қатысудың кез келген ұқсас нысандары;
c) ақшалай талаптар немесе экономикалық құндылығы бар келісімшарттың орындалуын қамтамасыз ету;
d) Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қорғалатын авторлық құқықтар, тауар белгілері, патенттер, техникалық процестер, селекциялық жетістіктер, ноу-хау және коммерциялық құндылығы бар ақпарат сияқты зияткерлік және өнеркәсіптік меншік құқықтары;
e) өндірістік қызметке арналған концессиялар, оның ішінде табиғи ресурстарды барлауға, өңдеуге, өндіруге және игеруге арналған құқықтар сияқты ұлттық заңнамада немесе келісімде берілген экономикалық сипаттағы кез келген құқықтар.
Активтер бастапқыда салынған немесе қайта салынған нысанның ешқандай өзгерісі, егер мұндай өзгеріс осы Келісімге және Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына қайшы келмесе, осы Келісімнің мағынасында олардың "инвестициялар" ретіндегі жіктемесіне әсер етпейді.
3. "Кірістер" термині инвестициялардан алынған нәтиже мен инвестициялар нәтижесінде алынған ақшаны білдіреді және оларды ғана емес, атап айтқанда, пайданы, дивидендтерді, пайыздарды, капитал өсімінен түскен кірістерді, роялти мен гонорарларды қамтиды.
4. "Еркін пайдаланылатын валюта" термині Халықаралық валюта қорының жіктемесіне сәйкес халықаралық операциялар бойынша есеп айырысу үшін кеңінен қолданылатын валютаны білдіреді.
5. "Аумақ" термині мынаны білдіреді:
Қазақстан Республикасына қатысты Қазақстан Республикасының аумағы;
Түркіменстанға қатысты Түрікменстан аумағы.
6. "Үшінші тарап" термині Уағдаласушы тараптар мемлекеттеріне қатысы жоқ инвесторларға немесе мемлекеттерге қолданылады.
7. "Қабылдаушы мемлекет" термині инвестиция орналасқан Уағдаласушы тарап мемлекетін білдіреді.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2024 № 827 қаулысымен.1. Осы Келісімнің ережелері бір Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторлары екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында жүзеге асырған және осы Келісім күшіне енгенге дейін немесе одан кейін жасалғанына не жасалмағанына қарамастан, соңғы Уағдаласушы тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес осындай деп танылған барлық инвестицияларға қолданылады, бірақ орын алған оқиғалардан туындайтын қандай да бір кінәрат-талаптарға немесе осы Келісім күшіне енгенге дейін қойылған кінәрат-талаптарға қатысты қолданылмайды,
Осы Келісімнің ережелері:
a) Уағдаласушы тараптың қолдауымен алынатын қарыздарды, кепілдіктерді немесе сақтандыруды қоса алғанда субсидияларға немесе гранттарға немесе мұндай субсидиялардың немесе гранттардың тек қана Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің инвесторларына немесе олардың инвестицияларына берілетініне не берілмейтіндігіне қарамастан, мұндай субсидияларды немесе гранттарды алуға немесе үздіксіз алуға байланысты кез келген шарттарға;
b) Уағдаласушы тараптар мемлекеттерінің аумақтарында Уағдаласушы тараптардың әрқайсысының мемлекеттерінің ұлттық заңнамасымен реттелетін салық салу мәселелеріне;
c) мемлекеттік сатып алуға;
d) жылжымайтын мүлік және оған мүліктік құқықтар мәселелерін қоса алғанда, жер қатынастарына қолданылмайды.
2. Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің халық денсаулығын, қауіпсіздігін, қоршаған ортаны немесе еңбек құқықтарын қорғау сияқты қажетті мақсаттарға қол жеткізу үшін талап етілетін шамада өз мемлекетінің аумағында басқару жөніндегі өкілеттіктерді басқару және жүзеге асыру құқығына әсер етпейді. Мемлекеттік реттеу шаралары немесе Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің мемлекеттің ұлттық заңнамасындағы өзгерістер мен инвесторлардың күтулері арасындағы қайшылық фактісінің өзі, атап айтқанда, олардың пайданы күтуі не оларға теріс әсер ету фактісі осы Келісім бойынша міндеттемені бұзу болып табылмайды.
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау
1. Әрбір Уағдаласушы тарап өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес инвестицияларға жәрдемдесу мақсатында екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторларын көтермелейді және оларға қолайлы жағдайлар жасайды.
2. Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқылы режимді, сондай-ақ екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында толық қорғау мен қауіпсіздікті пайдаланады.
Неғұрлым айқындылық үшін "әділ және тең құқықты режимге" сілтеме жасау сот немесе әкімшілік талқылау барысында сот төрелігінен бас тартпау және әдеттегі халықаралық құқықтың ең төмен стандартына сәйкес процестік нормаларды бұзбау міндеттемесін білдіреді. "Толық қорғау мен қауіпсіздікке" сілтеме жасау әдеттегі халықаралық құқықтың ең төмен стандартына сәйкес талап етілетін қарым-қатынастың ең төмен стандарты шеңберінен шығатын қарым-қатынасты талап етпейді.
3. Осы Келісімнің немесе Уағдаласушы тараптар мен олардың мемлекеттері қатысушы болып табылатын кез келген басқа да халықаралық инвестициялық келісімнің кез келген ережесін бұзу осы бапты бұзушылық орын алғанын көрсетпейді.
1. Әрбір Уағдаласушы тарап өз мемлекетінің аумағында осыған ұқсас жағдайларда екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторларына және олардың инвестицияларына олардың инвестицияларын басқаруға, ұстауға, пайдалануға немесе оларға билік етуге қатысты өз инвесторлары мен олардың инвестицияларына ұсынатын режимнен кем емес қолайлы режим ұсынады.
2. Әрбір Уағдаласушы тарап өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес экономиканың сезімтал секторларын және (немесе) олармен байланысты кәсіпкерлік қызмет түрлерін белгілеу құқығын өзінде қалдырады, олар шектелуге немесе алып тасталуға тиіс.
3. Неғұрлым айқындылық үшін осы бапта "осыған ұқсас мән-жайларға" сілтеме жасау инвестицияның барлық мән-жайының әрбір жағдайында жан-жақты зерделеуді талап етеді.
Осы Келісімнің ешбір бабын былай түсіндіруге болмайды:
а) Уағдаласушы тарап үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі өз міндеттемелерін орындау үшін қандай да бір іс-қимыл жасауға кедергі келтіру;
b) Уағдаласушы тарапқа еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық қоғамдастық, валюталық одақ сияқты экономикалық интеграция туралы келісімнің мүшесі ретінде өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасау немесе Уағдаласушы тараптардың бірін екінші тараптың инвесторларына және олардың инвестицияларына немесе қайтарымдарына кез келген режимнен қазіргі немесе болашақтағы пайданы беруге міндеттеу, осындай келісімге немесе кез келген екіжақты немесе көпжақты инвестициялық келісімге мүшелігіне байланысты преференциялар немесе артықшылықтар беру;
с) Уағдаласушы тарапты екінші Уағдаласушы тараптың инвесторларына және олардың инвестицияларына немесе кірістеріне салық салуға қатысты халықаралық келісімдерден немесе ұлттық заңнамадан туындайтын кез келген режимнен, преференциялардан немесе артықшылықтардан, Уағдаласушы тараптың міндеттемелерінен түсетін қазіргі немесе болашақтағы пайданы беруге міндеттеу.
1. Уағдаласушы тараптардың ешқайсысы, екінші Уағдаласушы тараптың инвесторларына тиесілі инвестицияларды мемлекет меншігіне алмауға немесе экспроприациялау бойынша мақсатты шараларды немесе оларға ұқсас әсері бар кез келген басқа да шараларды (бұдан әрі "экспроприация" деп аталады), егер мұндай шаралар қоғамдық мүдде үшін қабылданбаса, қолданбауға тиіс. Экспроприация тиісті құқықтық рәсім шеңберінде, кемсітусіз негізде және тиімді, жылдам және барабар өтемақы төленген жағдайда жүзеге асырылуға тиіс. Мұндай өтемақы экспроприация алдында немесе алдағы экспроприация туралы жұртшылыққа белгілі болғанға дейін қайсысы ертерек келетініне байланысты (бұдан әрі "бағалау күні" деп аталады) экспроприацияланған инвестициялардың әділ нарықтық құнының өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс. Өтемақы сомасы экспроприация күнінен бастап төлем күніне дейінгі әдеттегі коммерциялық мөлшерлеме бойынша пайыздарды қамтуға тиіс, осы Келісімнің 8-бабына ("Төлемдер мен аударымдар") сәйкес жүргізілуге және нақты жүзеге асырылатын болуға тиіс.
2. Егер тараптар арасында өтемақы сомасы туралы келісімге қол жеткізілмесе, ол осы Келісімнің 13-бабының ("Уағдаласушы тарап пен екінші Уағдаласушы тараптың инвесторы арасындағы дауларды реттеу") ережелеріне сәйкес шешілуге тиіс.
3. Мұндай нарықтық құн бағалау күні осы валюта үшін қолданылатын нарықтық айырбас бағамы бойынша еркін пайдаланылатын валютада көрсетілуге тиіс. Өтемақы кідіріссіз төленуі керек және ресми түрде танылып, еркін пайдаланылатын валютада аударылуға тиіс. Өтемақы экспроприация күнінен бастап төлем күніне дейінгі пайыздарды да қамтуға тиіс.
4. Уағдаласушы тарап өз мемлекеті аумағының кез келген бөлігінде өз мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес тіркелген немесе құрылған және ондағы акциялар екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторларына тиесілі заңды тұлғаның активтерін экспроприациялаған жағдайда, ол екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің осы акциялардың иелері болып табылатын инвесторларына ұсынылатын инвестицияларға қатысты барабар және тиімді өтемақыға кепілдік беретіндей осы баптың қолданылуын қамтамасыз етеді.
5. Инвестициялар мемлекет меншігіне алынған немесе өзгеше түрде меншік құқығын ресми түрде беру немесе тікелей алып қою арқылы тікелей экспроприацияланған кезде тікелей экспроприация орын алады.
6. Уағдаласушы тараптың шарасы немесе шаралар сериясы тікелей экспроприацияға баламалы әсерге ие болған кезде жанама экспроприация орын алады, өйткені меншік құқығын ресми берусіз немесе тікелей алып қоюсыз өз инвестицияларына иелік ету, пайдалану және билік ету құқығына қоса алғанда, ол инвесторды өзінің инвестицияларына меншіктің негізгі атрибуттарынан айтарлықтай айырады.
7. Уағдаласушы тараптың шарасы немесе шаралар сериясы нақты жағдайда жанама экспроприация болып табылатынын не табылмайтынын айқындау әрбір нақты жағдайда фактілерге негізделген, басқалармен қатар, мынадай факторларды:
а) Уағдаласушы тараптың шарасы немесе шаралар сериясы инвестициялардың экономикалық құнына теріс әсер ету фактісінің өзі жанама экспроприацияның орын алғанын куәландырмайтындықтан, шараның немесе шаралар сериясының экономикалық әсерін көрсетпейді;
b) Уағдаласушы тараптың іс-қимылдары инвестициялармен бекемделген нақты, негізделген үміттерге кедергі келтіретін дәрежесін; және
с) Уағдаласушы тараптың ниетін қоса алғанда, іс-қимылының сипатын ескере отырып, тергеп-тексеру жүргізуді талап етеді.
Неғұрлым айқын болуы үшін инвестициялармен бекемделген инвестордың үміттері негізді болып табыла ма деген мәселе мұның Уағдаласушы тараптар инвесторға міндетті жазбаша кепілдіктер берді ме деген, сондай-ақ мемлекеттік реттеудің сипаты мен көлемі немесе тиісті сектордағы мемлекеттік реттеу әлеуеті сияқты факторлардың қаншалықты орынды екендігіне байланысты болады.
8. Сирек мән-жағдайларды қоспағанда, неғұрлым айқын болу үшін Уағдаласушы тараптың денсаулық сақтау, қауіпсіздік және қоршаған орта сияқты қоғамдық әл-ауқаттың заңды мақсаттарын қорғау үшін әзірленген және қолданылатын немесе инвестордың жеке теріс қылықтарына қатысты қолданыстағы қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге немесе инвестордың қызметі қоғамдық денсаулыққа, қоршаған ортаға немесе қоғамдық тәртіпке қауіп төндіруі мүмкін қауіптерді азайтуға бағытталған адал кемсітпеушілік шаралары жанама экспроприация болып табылмайды.
1. Басқа Уағдаласушы тараптың аумағында соғыс немесе басқа да қарулы қақтығыстар, азаматтық тәртіпсіздіктер болуы, төтенше жағдай орнауы, революция, бүлік, бүліншілік немесе басқа да осыған ұқсас оқиғалар салдарынан инвестициялары шығынға ұшыраған кез келген Уағдаласушы тараптың инвесторлары осы екінші Уағдаласушы тарап өз инвесторларына немесе үшінші тараптың инвесторларына ұсынатын режимнен қолайлылығы кем емес (реституцияға, өтемақыға немесе басқа есеп-қисаптарға қатысты) режимді тиісті мүдделер үшін қайсысы жақсы екеніне қарай пайдалануға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағына нұқсан келтірмей, екінші Уағдаласушы тараптың аумағында мынадай әрекеттер:
а) қарулы күштердің немесе биліктің олардың мүлкін толық немесе ішінара реквизициялауы;
b) олардың мүлкін қарулы күштер немесе билік ұрыс салдарынсыз немесе жағдайға қарай қажеттіліксіз толық немесе ішінара жоюы салдарынан зардап шеккен бір Уағдаласушы тараптың инвесторларына
реквизициялау кезеңінде келтірілген немесе олардың мүлкін бұзып-қирату салдарынан болған залалдың/шығынның дереу, барабар және тиімді түрде өтемақысы немесе реституция берілуге тиіс.
1. Әрбір Уағдаласушы тарап инвесторларға екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторлары соңғы мемлекеттің аумағында жүзеге асырған осындай инвестицияларға байланысты төлемдердің еркін аударылуын қамтамасыз етеді, бұл ретте инвесторлар барлық салық міндеттемелерін орындауы керек, атап айтқанда:
a) инвестицияларға қызмет көрсету және оларды ұлғайту үшін пайдаланылатын капитал және капиталдың қосымша сомаларын;
b) кірістерді;
c) инвестицияларға байланысты кредит бойынша пайыздарды қоса алғанда, қандай да бір кредитті өтеуді;
d) акцияларды сатудан түскен пайданы;
e) инвесторлар сату немесе ішінара сату немесе тарату жағдайларда алған кірісті;
f) бір Уағдаласушы тарап мемлекеті жеке тұлғаларының немесе екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағындағы инвестицияларға байланысты жұмыс істейтін шетелден тартылған басқа да персоналдың кірісін;
g) инвестициялық дау бойынша төлемдерді;
h) осы Келісімнің 6-бабына ("Экспроприация және өтемақы") сәйкес өтемақыны қамтиды, бірақ бұлармен шектелмейді.
2. Осы бапқа сәйкес аударымдар аумағында инвестиция жүзеге асырылатын Уағдаласушы тарап мемлекетінің валюталық заңнамасында белгіленген тәртіппен, еркін пайдаланылатын кез келген валютада және аудару күнінде қалыптасқан нарықтық валюта бағамы бойынша кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
3. Сот қаулысына сәйкес Уағдаласушы тарап, егер мыналарға:
а) банкроттыққа, төлем қабілетсіздігіне немесе кредиторлардың құқықтарын қорғауға;
b) инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі операциялық қызметке байланысты қылмыстық әрекеттерге;
c) инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі операциялық қызметке ғана байланысты сот талқылаулары барысында бұйрықтардың немесе сот шешімдерінің сақталуын қамтамасыз етуге; және
d) салықтық төлемдерді орындамауға байланысты күтпеген бұзушылықтарды анықтайтын болса, белгілі бір кезеңге қаражат аударуды кешіктіруі мүмкін.
Мұндай кідіріс әділ және кемсітушіліксіз негізде және адал ниетпен жүзеге асырылуға тиіс.
4. Уағдаласушы тараптар осы бапта аталған аударымдарға кез келген үшінші мемлекет жүзеге асырған инвестициялардан туындайтын аударымдарға берілетін режимнен кем емес қолайлы режимді ұсынуға міндеттенеді.
Төлем балансын қорғауға арналған шектеулер
1. Төлем балансын елеулі түрде бұзған және сыртқы қаржылық қиындықтар немесе олардың туындау қаупі төнген жағдайларда Уағдаласушы тарап инвестициялармен байланысты төлемдерге немесе аударымдарға шектеулерді енгізуі немесе сақтауы мүмкін. Экономикалық даму процесінде Уағдаласушы тараптың төлем балансына ерекше қысым жасау, басқалармен қатар, оның экономикалық даму бағдарламасын іске асыру үшін жеткілікті қаржы резервтерінің деңгейін ұстап тұруды қамтамасыз ету үшін шектеулерді қолдануды талап етуі мүмкін деп танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған шектеулер:
а) Халықаралық валюта қоры Келісімінің баптарына сәйкес келуге;
b) екінші Уағдаласушы тараптың коммерциялық, экономикалық және қаржылық мүдделеріне қажетсіз залал келтіруге жол бермеуге;
с) осы баптың 1-тармағында сипатталған мән-жайларды жою үшін талап етілгеннен аспауға;
d) осы баптың 1-тармағында баяндалған жағдайдың жақсаруына қарай уақытша сипатта болуға және біртіндеп күші жойылуға; және
е) ұлттық режим негізінде және екінші Уағдаласушы тарапқа кез келген үшінші мемлекетке қарағанда кем емес қолайлы етіп қолданылуға тиіс.
3. Екінші Уағдаласушы тарап осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған не белгіленген кез келген шектеулер туралы не осындай шектеулерге қатысты кез келген өзгерістер жөнінде дереу хабардар етілуге тиіс.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қандай да бір шектеулер белгілеген Уағдаласушы тарап өзі қабылдаған шектеулерді қайта қарау мақсатында екінші Уағдаласушы тараппен консультацияларға бастамашылық жасауға тиіс.
1. Егер Уағдаласушы тарап немесе оның уәкілетті органы екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағындағы өз инвесторларының кез келгенінің инвестицияларына қатысты коммерциялық емес тәуекелдер үшін қандай да бір өтемақыға кепілдік берсе және осындай инвесторларға осы Келісім бойынша олардың талаптарына қатысты төлемдер жүргізсе, екінші Уағдаласушы тарап бірінші Уағдаласушы тараптың немесе оның уәкілетті органының суброгацияға байланысты осы инвесторлардың құқықтарын жүзеге асыруға және талаптарын қорғауға құқығы бар екеніне келіседі. Құқықтарды басқаға беру немесе талаптар мұндай инвесторлардың бастапқы құқықтарынан немесе талаптарынан аспауға тиіс.
2. Суброгация жағдайында, осы баптың 1-тармағында айқындалғандай, егер мұндай инвесторға Уағдаласушы тарап немесе оның уәкілетті органы уәкілеттік бермесе, инвестордың талап қоюға құқығы жоқ.
1. Осы Келісімде ештеңе Уағдаласушы тарапқа халықты, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, денсаулықты немесе қоршаған ортаны қорғау; қоғамдық моральды қорғау немесе қоғамдық тәртіпті сақтау; ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қорғау; көркемдік, тарихи немесе археологиялық құндылықтар; тірі немесе жансыз сарқылатын табиғи ресурстарды сақтау үшін қажет деп санайтын кез келген кемсітпейтін заңды шараны қабылдауға, қолдауға немесе қамтамасыз етуге кедергі ретінде қарастырылмайды.
2. Осы Келісімде ештеңе мыналарды:
а) талап ететін кез келген Уағдаласушы тарапқа оның пікірінше, оның елеулі ұлттық мүдделеріне және оның ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетін кез келген ақпаратты ұсынуды немесе оған қол жеткізуге рұқсат беруді; немесе
b) кез келген Уағдаласушы тарапқа соғыс кезінде немесе халықаралық қатынастардағы басқа да төтенше жағдайлар кезінде қабылданатын шараларға немесе ядролық қаруды немесе басқа да жарылғыш қаруды таратпауға қатысты ұлттық мүдделер мен оның қауіпсіздігінің мүдделерін қорғау үшін қажетті деп санайтын кез келген іс-қимылды қабылдауға немесе ұлттық саясатты немесе халықаралық шарттарды қолдануға кедергі келтіретін іс-әрекеттерді білдірмейді.
3. Мұндай шараларды қабылдау, қолдау немесе орындау олардың ерікті немесе негізсіз түрде қолданылмауы немесе екінші Уағдаласушы тарап инвесторларының инвестицияларына бүркемеленген шектеу болып табылмауы туралы талапқа бағынады.
1. Хабарламадан кейін Уағдаласушы тарап осы Келісімде мыналардан:
a) екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің заңды тұлғасы болып табылатын осындай Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторына және егер мұндай заңды тұлға үшінші тараптың инвесторларына тиесілі немесе олардың бақылауында болса және бас тартушы Уағдаласушы тарап мемлекетінің осы үшінші тараппен дипломатиялық қатынастары болмаса, осындай инвестордың инвестицияларынан;
b) екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің заңды тұлғасы болып табылатын осындай Уағдаласушы тараптың инвесторына және егер үшінші тараптың инвесторы осы заңды тұлғаға ие болса немесе бақыласа және ол екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағында елеулі коммерциялық операциялар жүргізбесе, осындай инвестордың инвестицияларына қатысты артықшылықтардан бас тарта алады.
Уағдаласушы тарап және екінші Уағдаласушы тараптың инвесторы арасындағы дауларды реттеу
Келіссөздер
1. Бір Уағдаласушы тараптың инвесторы мен екінші Уағдаласушы тарап арасындағы осы соңғы Уағдаласушы тараптың осы Келісім бойынша міндеттемелерін болжамды бұзуға қатысты кез келген дау мүмкіндігінше, дау тараптары арасында бейбіт жолмен шешілуге тиіс.
2. Осы Келісімді бұзғаны туралы мәлімдеген Уағдаласушы тараптың инвесторы екінші Уағдаласушы тарапқа реттеу туралы жазбаша сұрау жібереді. Осы келіссөздер кезінде дауласушы тараптар ізгі қызметтер, татуласу немесе медиация сияқты үшінші тараптардың қосымша міндетті емес қызметтерін пайдалана алады.
3. Реттеу туралы сұрау осы баптың 2-тармағына сәйкес мынадай ақпаратты:
a) инвестордың аты-жөні мен мекен-жайын және егер мұндай сұрау жергілікті компанияның атынан берілсе, жергілікті компанияның атауын, мекенжайын және тіркелген жерін;
b) бұзылған деп болжанған осы Келісімнің ережесін;
c) осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін өтінішті қоса алғанда, талап етудің заңды және нақты негізін;
d) сұратылған көмек және мәлімделген залалдың болжамды сомасын; және
e) өтініш берушінің екінші Уағдаласушы тараптың инвесторы екенін және оның инвестицияларды иеленетінін немесе бақылайтынын және егер ол жергілікті компанияның атынан әрекет етсе, жергілікті компанияға иелік ететінін немесе бақылайтынын растайтын дәлелдерді қамтуға тиіс.
4. Егер сұранысты бірден аса инвестор немесе бірнеше жергілікті компанияның атынан берсе, осы баптың 3-тармағының (a) және (e) тармақшаларындағы ақпарат әр инвесторға немесе әрбір жергілікті компанияға берілуі тиіс.
5. Егер дау тараптары неғұрлым ұзақ мерзімде келіспесе, келіссөздер осы баптың 2-тармағына сәйкес реттеу туралы сұрау салған сәттен бастап 90 (тоқсан) күн ішінде жүргізілуге тиіс.
6. Егер инвестор осы баптың 8-тармағына сәйкес реттеу туралы сұрау салуды бергеннен кейін он сегіз ай ішінде арбитражға өтініш бермесе, онда мұндай инвестор оны реттеуге өзінің сұрау салуын кері қайтарып алды деп есептеледі. Бұл мерзім тараптардың келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Төрелік
7. Инвестор тарапынан талап қою болған жағдайда, қабылдаушы мемлекет қарсы талап қою бере алады, ал осы Келісімнің кез келген бұзушылықтарына байланысты осы бұзушылықтарды анықтау үшін сот юрисдикцияға ие болады. Неғұрлым түсінікті болу үшін, қарсы талап қоюға себеп болатын кез келген бұзушылық инвестордың талап қоюына байланысты болмауы керек.
8. Егер мұндай дауды осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес реттеу туралы жазбаша сұрау салынған күннен бастап алты ай ішінде реттеу мүмкін болмаса, мүдделі инвестор өз қалауы бойынша дауды шешу үшін:
а) инвестициялар жүзеге асырылған мемлекеттің аумағындағы Уағдаласушы тарап мемлекетінің құзыретті сотына; немесе
b) 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда қол қойылған Мемлекеттер мен басқа да мемлекеттердің азаматтары арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы конвенцияға сәйкес құрылған Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа; немесе
c) Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы (ЮНСИТРАЛ) қабылдаған ЮНСИТРАЛ Төрелік регламентіне сәйкес (бұдан әрі "ЮНСИТРАЛ Төрелік регламенті" деп аталады) "ad hoc" халықаралық төрелік сотына; немесе
d) дау тараптарының келісуі бойынша "Астана" халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығына немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының сотына; немесе
e) дау тараптарының келісуі бойынша Түрікменстан Сауда-өнеркәсіп палатасының Халықаралық коммерциялық төрелігіне; немесе
f) дау тараптарының келісуі бойынша кез келген басқа да төрелік мекемелерге немесе кез келген басқа да төрелік регламентке сәйкес бере алады.
9. Инвестор жоғарыда аталған дауды шешу жолдарының бірін таңдағаннан кейін, қалғандарын қолдану мүмкін емес.
10. Уағдаласушы тарап пен екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторы осы баптың 8-тармағында көзделген төрелік даудың нысанасына, мазмұнына және деталіне қатысты құпиялылықты сақтайды.
11. Инвестор осы бапта көрсетілген дауды осы баптың 8-тармағына сәйкес, егер инвестор болжамды бұзушылық туралы ақпаратты алғаш білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап үш жылдан аспаса және инвестордың шығынға ұшырағаны және залалға ұшырағаны туралы хабардар болса ғана төреліктің қарауына бере алады.
Осы Келісімнің ережелері Уағдаласушы тараптардың орталық банктеріне және (немесе) Уағдаласушы тараптардың орталық банктеріне меншік құқығымен және (немесе) халықаралық келісімдерге, конвенцияларға және (немесе) кез келген қолданыстағы құқықтармен тиесілі мүлікке берілетін қандай да бір иммунитеттерден, артықшылықтардан немесе ерекшеліктерден бас тарту, шегіну немесе басқа да өзгеріс ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
Үшінші тұлғалардың дауларды қаржыландыруы
1. Үшінші тараптар дауды қаржыландырған жағдайда мұндай қаржыландырудан пайда алатын дау тарапы даудың екінші тарапына және сотқа (төрелікке) қаржыландыру туралы келісімнің бар екені және сипаты туралы, сондай-ақ қаржыландыруды жүзеге асыратын үшінші тараптың атауы мен мекенжайын ашып көрсетуге тиіс.
2. Мұндай хабарлама кінәрат-талап берілген кезде не егер қаржылық келісім жасалған болса немесе талап берілгеннен кейін субсидия немесе грант берілетін болса, келісім жасалғаннан немесе субсидия немесе грант берілгеннен кейін дереу жіберілуге тиіс.
3. "Үшінші тараптардың қаржыландыруы" дау тарапы болып табылмайтын, бірақ даудың нәтижесіне байланысты сыйақының орнына рәсімге байланысты шығыстарды ішінара немесе толық қаржыландыру мақсатында тараптардың бірімен келісім жасасатын мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасының кез келген қаржыландыруын немесе дау тарапы болып табылмайтын мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасының грант немесе субсидия нысанындағы кез келген қаржыландыруын білдіреді.
Уағдаласушы тараптар арасындағы дауларды реттеу
1. Екі Уағдаласушы тарап та өздерінің арасында осы Келісімді түсіндіруге немесе орындауға байланысты туындайтын кез келген дауларды адал және ынтымақтастық арқылы әділ және жедел реттеуге ұмтылады. Осыған байланысты екі Уағдаласушы тарап та осындай реттеуге қол жеткізу үшін тікелей объективті келіссөздер жүргізуді бастауға міндеттенеді. Егер келіспеушіліктер Уағдаласушы тараптардың кез келгенінің келіссөздер жүргізу туралы жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап алты ай ішінде реттелмейтін болса, ол кез келген Уағдаласушы тараптың өтініші бойынша үш мүшеден тұратын "ad hoc" төрелігіне берілуі мүмкін.
2. Сұрау салу алынған күннен бастап екі ай ішінде әрбір Уағдаласушы тарап бір-бір төрешіні тағайындайды және осылайша тағайындалған екі төрешіні екі ай ішінде және екі Уағдаласушы тараптың мақұлдауымен төрелік төрағасы ретінде үшінші тарап азаматын тағайындайды.
3. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім ішінде қажетті тағайындаулар жүргізілмесе, кез келген Уағдаласушы тарап қандай да бір басқа келісім болмаған жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ Халықаралық Соты) Халықаралық Сотының Төрағасына кез келген қажетті тағайындауды жүргізуді ұсына алады. Егер БҰҰ Халықаралық Сотының Төрағасы Уағдаласушы тараптардың бірінің мемлекетінің азаматы болып табылса немесе көрсетілген функцияны өзгеше түрде орындай алмаса, көрсетілген тағайындауларды орындау үшін БҰҰ Халықаралық Сотының Вице-Президенті шақырылуы тиіс. Егер БҰҰ Халықаралық Сотының Вице-Президенті Уағдаласушы тараптардың бірінің мемлекетінің азаматы болып табылса немесе егер ол көрсетілген функцияны өзгеше түрде орындай алмаса, қандай да бір Уағдаласушы тарап мемлекетінің азаматы болып табылмайтын БҰҰ Халықаралық Сотының одан кейінгі мүшесі қажетті тағайындауларды жүзеге асыру үшін шақырылатын болады.
4. Төрелік өз шешімдерін көпшілік дауыспен қабылдайды. Мұндай шешімдер екі Уағдаласушы тарап үшін де түпкілікті және міндетті болып табылады. Әрбір Уағдаласушы тарап төреліктегі өз мүшесінің және төрелік талқылаудағы өз өкілдіктерінің шығыстарын көтереді; төрелік төрағасының шығыстарын және қалған шығыстарды Уағдаласушы тараптар тең үлестермен төлейді. Алайда төрелік екі Уағдаласушы тараптың бірінің шығыстардың неғұрлым жоғары үлесін көтеретіні туралы шешім қабылдай алады және бұл шешімнің екі Уағдаласушы тарап үшін де міндетті күші болады. Төрелік өзінің жеке рәсімдерін айқындайды.
5. Барлық талап қоюлар ұсынылуға тиіс және егер өзгеше келісілмесе, барлық тыңдаулар төреліктің төрағасы тағайындалған күннен бастап алты ай ішінде аяқталуға тиіс. Төрелік өз шешімін түпкілікті талап қоюлар берілген күннен немесе жалпы сессиялардың жабылу күнінен бастап екі ай ішінде қайсысының кейін болуына қарай қабылдауға тиіс.
6. Егер нақ сол дау осы Келісімнің 13-бабының ("Уағдаласушы тарап және екінші Уағдаласушы тараптың инвесторы арасындағы дауларды реттеу") ережелеріне сәйкес басқа төрелікке берілсе және әлі де осы төреліктің қарауында болса, осы баптың ережелеріне сәйкес дауды төрелікке беруге жол берілмейді.
1. Егер Уағдаласушы тараптардың бірі мемлекетінің ұлттық заңнамасы немесе осы Келісімге қосымша Уағдаласушы тараптардың мемлекеттері арасында қазіргі уақытта қолданылып жүрген немесе кейіннен белгіленген халықаралық құқық бойынша міндеттемелер екінші Уағдаласушы тарап мемлекеті инвесторларының инвестицияларына осы Келісімге сәйкес көзделген режимге қарағанда неғұрлым қолайлы режимге құқық беретін жалпы немесе нақты ережені қамтыса, мұндай ереже осы Келісімнен инвестор үшін неғұрлым қолайлы шамада басым күшке ие болады.
2. Бір Уағдаласушы тарап екінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің инвесторына беретін шарттар оның ұлттық заңнамасына немесе қабылдаушы Уағдаласушы тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес жасалған нақты шарттың немесе келісімнің басқа ережелеріне сәйкес осы Келісім бойынша көзделгендерге қарағанда неғұрлым қолайлы болып табылатын барлық жағдайларда, осы инвесторға неғұрлым қолайлы жағдайлар қолданылуға тиіс.
Әрбір Уағдаласушы тарап өзінің заңдарын, қағидаларын, рәсімдерін, әкімшілік қаулылары мен жалпы қолданылатын сот шешімдерін, сондай-ақ екінші Уағдаласушы тарап мемлекеті инвесторының бірінші Уағдаласушы тарап мемлекетінің аумағындағы инвестицияларына қатысты болуы мүмкін халықаралық келісімдерді жариялайды немесе өзгеше түрде, ұлттық заңнамаға сәйкес жұртшылыққа ұсынады.
Күшіне енуі және өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Уағдаласушы тараптар өзара келісу бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
Қолданылу мерзімі және қолданысын тоқтату
Осы Келісім 10 (он) жыл бойы қолданылады және егер бастапқы немесе кез келген кейінгі кезең өткенге дейін бір жылдан кешіктірілмей Уағдаласушы тараптардың бірі екінші Уағдаласушы тарапты дипломатиялық арналар арқылы осы Келісімді ұзартпау ниеті туралы хабардар етпесе, автоматты түрде осындай кезеңдерге ұзартылады.
Егер Уағдаласушы тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Келісімнің қолданысын тоқтату оның қолданылу мерзімі ішінде жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты тоқтатылған күнінен бастап 10 (он) жыл ішінде оның іске асырылуына әсер етпейді.
Осыны куәландыру үшін өздерінің тиісті үкіметтері тиісті түрде уәкілеттік берген төменде қол қоюшылар осы Келісімге қол қойды.
202__ жылғы "__" ________ _________ қаласында қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндер бірдей теңтүпнұсқалы болып табылады. Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда Уағдаласушы тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
ТүрікменстанныңҮкіметі үшін |