"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 675 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 827 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 675 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімнің жобасында:

      1-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. "Аумақ" термині мынаны білдіреді:

      Қазақстан Республикасына қатысты Қазақстан Республикасының аумағы;

      Түркіменстанға қатысты Түрікменстан аумағы.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады