"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 677 қаулысы

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 қаулысымен бекітілген "Самұрық- Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы жарғысының 49-тармағының 15-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" (бұдан әрі – қор) акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамының "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбырын салу жөніндегі жұмыстарды "Asia Caspian Construction" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен және "Талдықорған – Үшарал" магистральдық газ құбыры құрылысын техникалық қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді "Verus Project Management" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сатып алуын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қордың жалғыз акционерінің шешімі болып табылады және қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады