"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 711 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) орнықты даму мақсаттарын іске асыру қызметін үйлестіру;";

      мынадай мазмұндағы 100-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "100-2) стратегиялық объектілердің меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау тәртібін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 105-2), 105-3) және 105-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "105-2) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;

      "105-3) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;

      105-4) цифрлық трансформация жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 121-1) және 121-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "121-1) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің орынбасарлары мен аппарат басшылары үшін міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлуді мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;

      121-2) орталық мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратын қоспағанда) және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін ұлғайту жөніндегі ұсыныстарға Қазақстан Республикасының Үкіметі қорытындысының жобасын дайындау;";

      мынадай мазмұндағы 154-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "154-1) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 231-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "231-1) ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйыммен қызмет нәтижелерін тану туралы келісім жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады