Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 726 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім
Бұдан әрі жеке-жеке Тарап және бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Марокко Корольдігінің Үкіметі
достық қарым-қатынасты нығайту және екі мемлекет арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында
екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға жәрдемдесу ниетін басшылыққа ала отырып,
жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелері болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының және Марокко Корольдігі азаматтарының тиісті елдерге тек туристік мүдде үшін кіруін жеңілдетуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттар негізінде келу, кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады, бұл ретте әрбір болу кезеңінің ұзақтығы олар келген күннен бастап 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауы шарт.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген паспорттар олардың қолданылу мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде 3 (үш) ай жарамды болуға тиіс.
Іскерлік мақсатта, жұмысқа орналасу немесе білім алу мақсатында екінші Тарап мемлекетінің аумағында осы Келісімде көзделген ең көп кезеңнен ұзақ мерзімге кіруге және қалуға ниет білдірген бір Тарап мемлекетінің азаматтары – жарамды ұлттық/ жалпыазаматтық паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің тиісті дипломатиялық өкілдіктерінен немесе консулдық мекемелерінен тиісті виза алуға тиіс.
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші Тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынастар арқылы саяхаттаушыларға арналған ашық пункттер арқылы кіріп-шығуға және екінші Тарап мемлекетінің заңнамасын сақтауға тиіс.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының мемлекеттерінің азаматтары болған кезеңде оларды Тараптардың әрқайсысының қолданыстағы ұлттық заңнамасын құрметтеу және сақтау міндеттемелерінен босатпайды.
Келісім Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарының Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес келуі немесе болуы қошталмайды немесе қолайсыз деп танылған екінші Тарап мемлекеттерінің азаматтарына өз мемлекеттерінің аумақтарына кіруінен немесе болуынан бас тарту құқықтарына әсерін тигізбейді.
1. Ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Тараптардың әрқайсысының осы Келісімнің қолданылуын уақытша, ішінара немесе толық тоқтата тұруға құқығы бар. Уақытша тоқтата тұру туралы хабарлама екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы тоқтатып қойылғанға дейін кемінде 72 (жетпіс екі) сағат бұрын жіберілуге тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шараларды енгізген Тарап тоқтата тұру шараларының күшін жою туралы екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етуге тиіс.
1. Осы Келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың үлгілерімен алмасады.
2. Өзгерістер енгізілген немесе жаңа ұлттық/жалпыазаматтық паспорттар енгізілген жағдайда Тараптар жаңа немесе өзгертілген паспорттар қолданысқа енгізілген күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын дипломатиялық арналар арқылы осы паспорттардың үлгілерімен алмасады.
Бір Тарап мемлекетінің аумағында болған уақытта жарамды паспорттар жоғалған, ұрланған немесе бүлінген жағдайда екінші Тарап мемлекетінің азаматтары осы мемлекеттің аумағынан өздері азаматтары болып табылатын мемлекеттің дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі берген жаңа жарамды ұлттық/жалпыазаматтық паспорт немесе өзі азаматы болып табылатын мемлекетке оралуға арналған куәлік негізінде кете алады.
Қоғамдық мүдделерді қорғау және екі елдің қауіпсіздігі түсінігін ескеру мақсатында екі Тарап бір-бірінің мемлекеттерінің аумағына үшінші елдердің кез келген қошталмайтын адамдары мен азаматтарының кіруін шектеу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындаған кез келген келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
3. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Тараптар келіскен кез келген түзету жазбаша нысанда ресімделуге тиіс және осы Келісімнің ажырамас бөлігі ретінде қаралатын болады. Кез келген осындай түзету осы баптың 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.
4. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнің қолданылуын екінші Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы жазбаша хабарлама жіберу жолымен тоқтата алады. Бұл жағдайда осы Келісімнің қолданылуы екінші Тарап осындай хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен кейін тоқтатылады.
20__ жылғы "__" _______ ______ қаласында қазақ, араб және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтық болған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Марокко КорольдігініңҮкіметі үшін |