"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы;
2) Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
3) Әкімшілік полиция комитеті;
4) Көші-қон қызметі комитеті;
5) Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті.".
2. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:
"Ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттары" деген тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты
Криминалдық полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы:
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
департамент бастығының орынбасары – Жедел басқару орталығының бастығы;
дербес басқарма бастығы;
дербес басқарма бастығының орынбасары;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;
бас криминалист;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор;
кезекші бөлім бастығының көмекшісі – жедел кезекші;
Жедел басқару орталығының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы;
Жедел басқару орталығының аға инспекторы;
барлық атаудағы кезекші аға инспектор;
барлық атаудағы кезекші инспектор.
Жедел қызмет департаменті
департамент; облыс, қала бойынша басқарма (бөлім):
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
кезекші бөлімнің кезекшісі – аға инспектор;
кезекші бөлімнің кезекшісі – инспектор;
кезекші бөлімнің жедел кезекшісі;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл;
кезекші бөлім кезекшісінің көмекшісі.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
халықаралық ынтымақтастықты;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;
құқықтық қамтамасыз етуді;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
қаржымен қамтамасыз етуді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
"Р" департаменті
департамент; облыс, қала бойынша басқарма:
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма бастығы;
басқарма бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
халықаралық ынтымақтастықты;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;
құқықтық қамтамасыз етуді;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
қаржымен қамтамасыз етуді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру мәселесі болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті
Комитет төрағасы;
Комитет төрағасының орынбасары;
басқарма бастығы;
басқарма бастығының орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.".
3. Қызмет бабында пайдалану үшін.