"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі № 745 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 12.12.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 323-69), 323-70) және 323-71) тармақшалармен толықтырылсын:

      "323-69) органикалық өнімді өткізу сатысында Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндірісі және айналымы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      323-70)  органикалық өнім өндірісінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін келісу;

      323-71) органикалық өнім өндірісі және айналымы қағидаларын келісу;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады