Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
"52-1) телерадио хабарларын тарату желiлерiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адамдардың өмiрiне, денсаулығына төнген қатер және қалыптасқан жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбi туралы халықты құлақтандыру үшін, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауiпсiздiк және құқықтық тәртiптi қорғау мүдделерiнде пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |