Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 759 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары (бұдан әрi – Жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты өзге ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      2) жартыжылдық негізде, 15 маусымнан және 15 желтоқсаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жартыжылдық негізде, 1 шілдеден және 25 желтоқсаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Аппаратына Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 759 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілетуді қамтамасыз ету жөніндегі 2024 – 2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары


Р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Болжанатын шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздерi


1

2

3

4

5

6

7

1. Білім беру саласындағы гендерлік теңдікті ілгерілету

1.

Білім беру мекемелерінде гендерлік таптаурын көзқарас пен қасаң түсініктерге қарсы күрес бойынша ақпараттық науқандар өткізу

медиа-жоспар, жобалар

2025-2027 жылдар

МАМ, ОМ, ҒЖБМ, Қорғанысмині, ІІМ, ЖАО

-

талап етілмейді
 

2.

Оқу бағдарламаларына гендерлік білім беру тақырыптарының бар-жоғы тұрғысынан талдау жүргізу

талдамалық анықтама

2025-2027 жылдар

ОМ, ҒЖБМ

-

талап етілмейді
 

3.

Балалар мен жастардың мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге талдау жүргізу

талдамалық анықтама

2024-2027 жылдар

ОМ, ҒЖБМ, ЖАО

-

талап етілмейді
 

4.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқыту бағдарламаларына "Гендерлік зерттеулер" бағдарламасы мен академиялық курсын енгізу және тарату

курстар

2027 жыл

МАМ, ҒЖБМ, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы (келісу бойынша), БҰҰДБ (келісу бойынша)

-

талап етілмейді
 

5.

Педагогтарда, білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқытушыларда гендерлік теңдік мәдениетін қалыптастыру

оқыту семинарлары

2025-2027 жылдар

ОМ, МАМ, БҰҰДБ (келісу бойынша)

-

талап етілмейді
 

6.

Балалардың қосымша білім алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге талдау жүргізу

талдамалық анықтама

2024-2027 жылдар

ОМ, ЖАО

-

талап етілмейді
 

2. Денсаулық сақтау және саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы гендерлік теңдікті ілгерілету

7.

Ерлер мен әйелдердің жоспарлы скринингтік қарап-тексеруден өтуін талдау

талдамалық есеп
 

2026 жыл

ДСМ, ЖАО

-

талап етілмейді
 

8.

Фертильді жастағы ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығының көрсеткіштерін талдау

талдамалық есеп
 

2026 жыл

ДСМ, ЖАО

-

талап етілмейді
 

9.

Отбасын жоспарлау қызметтерін көрсету бойынша медициналық персоналдың біліктілігін арттыру

семинарлар

2024-2027 жылдар

ДСМ, ЮНФПА (келісу бойынша)

-

ЮНФПА қаражаты есебінен

10.

Жастар денсаулық орталықтарында
репродуктивті денсаулықты сақтау, қауіпсіз сексуалдық мінез-құлық, қаламаған жүктіліктің алдын алу, сондай-ақ ЖЖБИ/АИТВ инфекциясының берілу мәселелері бойынша жасөспірімдер мен жастарға консультация беру

семинарлар, тренингтер, консультациялар

2024-2027 жылдар

ДСМ, ЮНФПА (келісу бойынша)

-

ЮНФПА қаражаты есебінен

11.

Жасөспірімдер мен жастар арасында "тең-теңімен" әдісімен репродуктивті денсаулықты сақтау, қауіпсіз сексуалдық мінез-құлық, қаламаған жүктіліктің, сондай-ақ ЖЖБИ/АИТВ инфекциясының берілуінің профилактикасы, гендерлік теңсіздікке жол бермеу және гендерлік зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелерін ілгерілету бойынша волонтерлерді даярлау

семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, жазғы мектептер

2024-2027 жылдар

ДСМ, МАМ, ЮНФПА (келісу бойынша)

-

ЮНФПА қаражаты есебінен

12.

Халықтың барлық жас топтары үшін бұқаралық спорттағы әйелдердің үлесін арттыру бойынша талдау жүргізу

талдамалық есеп

2027 жыл

ТСМ, ЖАО

-

талап етілмейді
 

13.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы ерлер мен әйелдердің медициналық қызметтерге, тұлғалық дамуға, білім алуға тең қол жеткізуінің қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу

талдамалық анықтама

2024-2027 жылдар

ІІМ, АҚҰО (келісу бойынша), ДСМ

-

талап етілмейді
 

3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы гендерлік теңдікті ілгерілету

14.

Ерлер мен әйелдердің, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік жеңілдіктермен және қолдаумен қамтамасыз етілуге тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің іске асырылуна мониторинг пен талдау жүргізу

талдамалық есеп

2024-2027 жылдар

Еңбекмині

-

талап етілмейді
 

15.

Мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсететін әлеуметтік жұмыскерлерді мүгедектігі бар адамдарға қатысты гендерлік және үйдегі зорлық-зомбылыққа ден қою қызметтерін көрсетуге оқыту

семинарлар, тренингтер

2024-2025 жылдар

ЖАО, Еңбекмині, ӘІОДСҰК (келісу бойынша), ЮНФПА (келісу бойынша)

-

ЮНФПА қаражаты есебінен

16.

Еңбек көші-қонына шығатын қазақстандықтар үшін гендерлік мәселелер және сексуалдық пайдалану мен қорлаудан қорғау ескерілген бағдарламаны дайындау және іске асыру

бағдарлама

2024–2026
жылдар

Еңбекмині, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

17.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін қауіпсіз көші-қон, оның ішінде сексуалдық пайдалану және қорлаудан қорғау мәселелері бойынша оқыту

арнайы
семинарлар

2025–2026
жылдар

Еңбекмині, ЖАО, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

18.

Жеке жұмыспен қамту агенттіктері мен еңбек мобильділігі орталықтары үшін еңбекші көшіп-қонушыларды, әсіресе әйелдерді этикалық жалдау мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу

семинарлар

2025 жыл

Еңбекмині, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

19.

Алматы және Шымкент қалаларында жұмыссыз көшіп-қонушы әйелдер үшін кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру бағдарламасын енгізу

бағдарлама

2025 жыл

Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, Еңбекмині, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

20.

Көшіп-қонушы ерлер мен әйелдерді қаржылық сауаттылыққа оқыту

тренингтер, курстар

2025-2026
жылдар

Еңбекмині, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

21.

Алматы және Шымкент қалаларында көшіп-қонушылардың (әсіресе әйелдердің) әлеуметтік интеграциясы, инклюзиясы және олардың бірігуі стратегиясын қабылдау

стратегия

2025 жыл

Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

22.

Көшіп-қонушы әйелдерді қорғау жөніндегі тақырыптарды қосып, көші-қонды басқару индикаторы (Migration Governance Indicator) бойынша ұлттық есепті қабылдау

ұлттық есеп

2024-2025 жылдар

Еңбекмині, ХКҰ (келісу бойынша)
 

-

ХКҰ қаражаты есебінен

23.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріне Түркістан облысының гендерлік зорлық-зомбылыққа ден қою жөніндегі тәжірибесін тарату

семинарлар,
тренингтер

2024-2025 жылдар

ЖАО, ӘІОДСҰК (келісу бойынша), ЮНФПА (келісу бойынша)

-

ЮНФПА қаражаты есебінен

24.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына тегін заңдық көмек көрсету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

2026 жыл

Әділетмині, МАМ, ІІМ, Еңбекмині

-

талап етілмейді
 

25.

Алматы және Шымкент қалаларында көшіп-қонушы әйелдердің мәдени интеграциясы курстарын енгізу

курстар

2025 жыл

Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

26.

Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелерін және ұлттық алдын алу тетігін тарта отырып, тұрақты негізде қоғамдық мониторингтік іс-шаралар өткізу

талдамалық анықтама
 

2027 жыл

ІІМ, АҚҰО (келісу бойынша), БҰҰДБ (келісу бойынша)

-

талап етілмейді
 

27.

Гендерлік құрауышты есепке ала отырып, Қазақстанның таулы аудандарындағы көші-қонға экологияның әсерін бағалау

зерттеу

2024-2025
жылдар

Еңбекмині, ЭТРМ,
СРИМ, ХКҰ (келісу бойынша)

-

ХКҰ қаражаты есебінен

4. Гендерлік теңдік институтын нығайту

28.

Әкімдер жанындағы штаттан тыс кеңесшілердің жастармен және еңбек ұжымдарымен гендерлік теңдік мәселелері бойынша кездесулерін өткізу

кездесулер, кеңестер
 

2025-2027 жылдар

ЖАО, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы (келісу бойынша)

-

талап етілмейді
 

29.

Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жаңарту

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы
 

2026 жыл

МАМ, МҚІА (келісу бойынша), ДСМ, СЖРА ҰСБ (келісу бойынша), Қорғанысмині, ІІМ, ӘІОДСҰК (келісу бойынша), Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы (келісу бойынша)

-

талап етілмейді
 

30.

Адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру шеңберінде экономикалық орындылықты есепке ала отырып, отбасылық және гендерлік саясатты жетілдіру мақсатында жетіспейтін функцияларды айқындау үшін мемлекеттік органдардың функцияларына талдау жүргізу

ҰЭМ-ге
талдамалық ақпарат

2025 жыл

МАМ

-

талап етілмейді

31.

Мемлекеттік органдарда және жеке ұйымдарда БҰҰ даму бағдарламасы әзірлеген Гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша сертификаттау бағдарламасын енгізу

мемлекеттік органдарға сертификаттар беру

2027 жыл

МАМ, БҰҰДБ (келісу бойынша)

-

талап етілмейді
 

32.

Гендерлік саясат саласында әлеуметтанушылық және талдамалық зерттеулер жүргізу
 
 
 

талдамалық баяндама

2024-2027 жылдар

МАМ, ҚҚДИ (келісу бойынша),
Отбасы, гендерлік және демографиялық саясат саласындағы зерттеу ұйымдарының консорциумы (келісу бойынша), БҰҰДБ (келісу бойынша), Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" ББ

33.

Жобаларға және қолданыстағы НҚА гендерлік сараптаманы енгізу мәселесін пысықтау

талдамалық ақпарат
 

2024 жыл

МАМ, Әділетмині,
Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы (келісу бойынша), ҚҚДИ (келісу бойнша)

көзделген қаражат шегінде

РБ 009 "Халықаралықұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету" ББ

34.

Заң жобасына пилоттық гендерлік талдау жүргізу
 

талдамалық анықтама

2024 жыл

МАМ, ҚҚДИ (келісу бойынша), БҰҰДБ (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету, қоғамдық сананы жаңғырту" ББ

35.

Барлық салаларда ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі іс-шараларды іске асыру

МӘТ шеңберіндегі әлеуметтік жобалар

2024-2027 жылдар

ЖАО

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

36.

Білім беру жүйесі қызметкерлерінің хабардар болуы мен әлеуетін арттыруда теңдік пен кемсітпеу мәдениетіне және гендерлік құзыреттілікке оқытуға жәрдемдесу үшін тренингтер мен семинарлар өткізу
 
 

семинарлар, тренингтер

2024 жыл

МАМ, ОМ, ҒЖБМ, ЖАО,
Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы (келісу бойынша), ЮНФПА (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

РБ 009 "Халықаралықұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету" ББ

37.

Интеллектуалды дамуында ауытқу бар адамдардың хабардар болуын арттыру үшін адам құқықтары және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі материалдардың базалық ақпараттық пакетін тарату

ақпараттық-білім беру материалдары

2024-2025 жылдар

МАМ, ӘІОДСҰК (келісу бойынша), ЮНФПА (келісу бойынша)

-

ЮНФПА қаражаты есебінен

38.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен гендерлік теңдік және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру

семинарлар, тренингтер, оқытулар

2024-2025 жылдар

МАМ, ҚМДБ (келісу бойынша), ЮНФПА (келісу бойынша)

-

ЮНФПА қаражаты есебінен

39.

Некеге тұрушы жас жұптарға арналған гендерлік теңдік мәселелері жөнінде ақпараттық бейнероликтер шығару (үй және ата-ана міндеттерін бөлісу, отбасын жоспарлау және ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау)

роликтер, медиа-жоспар

2024 жыл

МАМ, ӘІОДСҰК (келісу бойынша),
ЮНФПА (келісу бойынша)
 

көзделген қаражат шегінде

РБ 009 "Халықаралықұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету" ББ, ЮНФПА қаражаты есебінен

40.

Ұлттық бейімделу жоспарына (ҰБЖ), ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарға (ҰДАС) гендерлік аспектілерді енгізу

ҰБЖ мен ҰДАС-қа бөлім

2024-2027 жылдар

ЭТРМ, БҰҰДБ (келісу бойынша)

-

БҰҰДБ қаражаты есебінен

5. Неке-отбасы қатынастарында және балалар тәрбиесінде теңдікті ілгерілету

41.

Гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат мәселелері бойынша халықаралық ғылыми конференция ұйымдастыру және өткізу
 
 

конференция

2024 жыл

МАМ, Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

РБ 009 "Халықаралықұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету" ББ

42.

Елдің барлық өңірлерінде "Анаға тағзым" аналар форумын өткізу

форум

2025-2027 жылдар

ЖАО, МАМ, ӘІОДСҰК (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

43.

Әкелерді отбасылық өмірге, бала тәрбиесіне тарту іс-шараларын ұйымдастыру

форумдар, тренингтер, кездесулер

2024-2027 жылдар

ЖАО, МАМ, "Әкелер одағы" РҚБ (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

44.

Республикалық әкелер форумын өткізу

форум

2024 жыл

МАМ, "Әкелер одағы" РҚБ (келісу бойынша), ӘІОДСҰК (келісу бойынша), ЮНФПА (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

РБ 009 "Халықаралықұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету" ББ

45.

Әкелердің өңірлік форумдарын өткізу

форумдар

2024-2027 жылдар

ЖАО, МАМ, "Әкелер одағы" РҚБ (келісу бойынша)

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

46.

Әкелердің балалармен бірге уақыт өткізуін дәріптеу мақсатында командалық спорт түрлері бойынша "Спорттық отбасы" конкурсын өткізу

конкурстар, эстафеталар

2025-2027 жылдар

ЖАО

-

талап етілмейді
 

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы;     

      АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;

      ӘІОДСҰК – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия;

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;

      БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;

      БҰҰДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      Еңбекмині– Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЖБ – жергілікті бюджет;

      ЖЖБИ – жыныстық жолмен берілетін инфекциялар;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      ХКҰ – Халықаралық көші-қон ұйымы;

      ҚҚДИ – Қазақстандық қоғамдық даму институты;

      ҚМДБ – Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      ҚР – Қазақстан Республикасы;

      СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      МӘТ – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс

      МО – мемлекеттік органдар;

      НҚА – нормативтік құқықтық акт;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      РБ – республикалық бюджет;

      РҚБ – "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі;

      СЖРА – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;

      СЖРА ҰСБ – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар;

      ҰБЖ – Ұлттық бейімделу жоспары;

      ҰДАС – ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      ЮНФПА – БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады