Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы белгілеген тәртіппен берілген жолдама негізінде медициналық қарап-тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту;".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |