Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 1994 жылғы 24 тамызда Алматыда жасалған Өзбекстан Республикасының Үкіметі, Орталық банкі және Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі арасындағы Өзбекстан Республикасының ұлттық валютасы – сумның енгізілуіне байланысты есеп айырысуды ұйымдастыру туралы келісімнің күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Келісімнің 12-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Өзбекстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен хабарлама жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |