Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;";
98) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"98) "Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын масс-медиа саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді;";
153) тармақша алып тасталсын;
156) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"156) ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино, Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялары жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер және (немесе) тотализаторлар белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;";
158) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 162-1), 162-2), 162-3) 162-4), 162-5), 162-6), 162-7), 162-8) және 162-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"162-1) қызметі Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болып табылатын шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
162-2) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге тұлғаларға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірлейді және бекітеді;
162-3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
162-4) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеу кезінде бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға алатын комиссияның мөлшерін бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді;
162-5) бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғамен ынтымақтастық мерзімін, оны ұзарту немесе тоқтату шарттарын айқындайды;
162-6) бекітілген қағидаларға және біліктілік талаптарына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындайды;
162-7) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың қауіп-қатерлері мен зияны туралы ескертудің мәтінін, эскиздерін бекітеді;
162-8) ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекітеді;
162-9) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізіміне енгізу туралы өтініш беру, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адамдардың тізімін жүргізу тәртібін айқындайды;";
мынадай мазмұндағы 163-1) және 163-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"163-1) лотерея операторын айқындау қағидаларын бекітеді;
163-2) лотереяны өткізу, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын келіседі не оларды келісуден бас тартады;";
мынадай мазмұндағы 185-1), 185-2), 185-3), 185-4), 185-5) және 185-6) тармақшалармен толықтырылсын:
"185-1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдайды;
185-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қауіп-қатерлерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысады;
185-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысады;
185-4) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабардар етеді;
185-5) жұртшылықты адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы хабардар етеді;
185-6) өз құзыреті шегінде басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысады;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | О. Бектенов |