Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне берілетін өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1122 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 803 қаулысы

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 27-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне берілетін өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендия төлеу қағидалары бекітілсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1122 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 803 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендия төлеу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендия төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 27-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – ҰҒА) зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіру мен басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі – ғылым саласында аса зор жетістіктері бар, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы сайлайтын ғалым.

      3. Өмір бойғы ай сайынғы стипендия (бұдан әрі – стипендия) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған ҰҒА академигіне белгіленеді.

      4. Уәкілетті орган:

      1) стипендия төленуін қаржылай қамтамасыз етуді;

      2) стипендия төленуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      5. Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысандағы стипендия төлеуге өтініш;

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның зейнеткерлік жасқа толған академигі туралы мәліметтер.

      6. Үміткер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ҰҒА оларды уәкілетті органға қарау үшін жібереді.

      Уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, мақұлдайды не оларды қайтарады. Мақұлданған жағдайда уәкілетті орган стипендия тағайындау туралы тиісті бұйрық шығарады, онда төлеу мерзімі басталатын күн көрсетіледі, бас тартылған жағдайда осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келмеген кезде ҰҒА-ға бас тарту себептері көрсетілген хат жібереді.

      7. Уәкілетті орган стипендияны ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген ағымдағы шотқа аудару арқылы төлейді.

      8. Стипендия төлеу:

      1) ҰҒА академигі қайтыс болған (қайтыс болуы туралы анықтама/куәлік);

      2) ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған (сот актісі);

      3) ҰҒА құрамынан шығарылған (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме);

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген жағдайлардың бірі басталған кезде ҰҒА ақпарат алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде негіздемесін көрсете отырып, уәкілетті органды стипендия төлеуді тоқтату қажеттігі туралы жазбаша түрде хабардар етеді.

      10. Уәкілетті орган хабарлама алған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады және стипендия төлеуді тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясының
зейнеткерлік жасқа толған
академигіне өмір бойғы ай
сайынғы стипендияны
төлеу қағидаларына
қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигі туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигі

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Академик мәртебесін
растайтын деректер

________________________________
(академикті сайлау хаттамасының күні мен нөмірі)

Жеке басын куәландыратын
құжаттың деректері

________________________________
(жеке куәліктің нөмірі, қашан және кім берген, жеке сәйкестендіру нөмірі)

Туған күні

________________________________
(күні, айы, жылы)

Банк деректемелері

________________________________
(банктің атауы, ағымдағы шоттың нөмірі)

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

________________________________
(қолы)

      Күні 20__жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады