Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және оны төлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1122 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 803 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 803 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары бекітілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1122 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойы ай сайын стипендия төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (бұдан әрі – ҰҒА) зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияны белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ғылым саласында зор жетістіктері бар, уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда ҰҒА сайлайтын ғалым.

      3. Өмір бойғы ай сайынғы стипендия (бұдан әрі – стипендия) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ҰҒА академигіне белгіленеді.

      4. Уәкілетті орган:

      1) стипендия төлеуді қаржылай қамтамасыз етуді;

      2) стипендияның төленуін есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады.

      5. Стипендия алуға үміткер ҰҒА академигі ҰҒА-ға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;

      2) ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);

      3) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);

      4) екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.

      6. Үміткер осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ҰҒА оларды қарау үшін уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды, мақұлдайды не оны қайтарады. Мақұлдаған жағдайда уәкілетті орган стипендия тағайындау туралы тиісті бұйрық шығарады, онда төлем мерзімі басталатын күн көрсетіледі, бас тартылған жағдайда ҰҒА-ға бас тарту себептері көрсетілген хат жібереді.

      7. Стипендияны уәкілетті орган ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген ағымдағы шотқа аудару жолымен төлейді.

      8. Уәкілетті орган стипендия тағайындаудан өтінішке құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған не анық емес ақпарат ұсынылған жағдайда бас тартады.

      9. Стипендия төлеу:

      1) ҰҒА академигі қайтыс болған (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);

      2) ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болды деп жарияланған;

      3) ҰҒА құрамынан шығарылған (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.

      10. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайлардың бірі орын алған кезде ҰҒА ақпарат алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органды стипендия төлеуді тоқтату қажеттігі туралы негіздемесін көрсете отырып жазбаша хабардар етеді.

      11. Хабарламаны алған кезде уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады және стипендия төлеуді тоқтатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады