"2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 813 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы
№ Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
  Жоба

2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына (бұдан әрі – Шарт) қатысушы мемлекеттер

      трансұлттық қылмысқа қарсы күрес міндеттерін шешу кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды нығайту қажеттілігін мойындай отырып,

      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-бап мынадай мазмұндағы "з" тармағымен толықтырылсын:

      "з) құжаттың электрондық көшірмесі (үлгі) – қағаз жеткізгіштегі құжаттың сканерлеу (фотосуретке түсіру) құралдары арқылы электрондық нысанға көшірілген көшірмесі.".

      5-баптың 2-тармағының "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "б) кейін түпнұсқаны жолдай отырып (қажет болған жағдайда), ведомстволық электрондық пошта сервистері арқылы құжаттың электрондық көшірмесі (үлгі) түрінде;".

2-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 20 күн өткеннен кейін уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Осы Хаттамаға қол қою кезінде Тараптардың кез келгені осы Хаттаманы уақытша қолданбайтыны немесе осы Хаттамада көзделгеннен өзге күннен бастап уақытша қолданатыны туралы мәлімдеуге құқылы.

3-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Шартқа қатысушы кез келген мемлекеттің депозитарийге қосылу туралы құжат беру жолымен қосылуы үшін ашық.

      Қосылушы мемлекет үшін осы Хаттама қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      жылғы қаласында орыс тiлiнде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол оның расталған көшірмесін осы Хаттамаға қол қойған әрбір мемлекетке жібереді.


Әзербайжан Республикасы үшін

Ресей Федерациясы үшін

Армения Республикасы үшін

Тәжікстан Республикасы үшін

Беларусь Республикасы үшін

Түрікменстан үшін

Қазақстан Республикасы үшін

Өзбекстан Республикасы үшін

Қырғыз Республикасы үшін

Украина үшін

Молдова Республикасы үшін



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады