"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 833 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-11-тармақпен толықтырылсын:

      "3-11. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы деректерді өңдеу орталығы (мемлекеттік органдардың серверлік орталығы) үшін IT-жабдықтар сатып алу мақсатында 2023 – 2027 жылдардың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.

      "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, жыл сайын 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етіп тұрсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады