ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) радиожиілік спектрін бөліп беру, сондай-ақ радиожиіліктерді және байланыс спутниктерінің орбиталық позицияларын тиімді пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";
19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"19-1) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру;";
мынадай мазмұндағы 41-1) және 41-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"41-1) ұлттық тіркелімдер тізбесін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
41-2) ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізу үшін статистикалық нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;";
мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын:
"81-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің өздерінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету тәртібін келісу;";
мынадай мазмұндағы 120-1) тармақшамен толықтырылсын:
"120-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;";
135-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"135-2) оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, оның ішінде платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу арқылы көрсететін қызметтер тізбесін бекіту;";
136) және 137) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"136) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ платформалық бағдарламалық өнімдердің тізбесін бекіту;
137) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің, сондай-ақ платформалық бағдарламалық өнімдердің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 141-1) тармақшамен толықтырылсын:
"141-1) мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын және олардың "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында жұмыс істеуіне рұқсат ету қағидаларын бекіту;";
мынадай мазмұндағы 142-1) тармақшамен толықтырылсын:
"142-1) ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 163-1) тармақшамен толықтырылсын:
"163-1) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту;";
213-18) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 234-4) тармақшамен толықтырылсын:
"234-4) платформалық бағдарламалық өнімдерді әзірлеу және орналастыру арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыруды іске асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту;";
245-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"245-1) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп деректерді басқару жөніндегі талаптарды әзірлеу;";
265-9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"265-9) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
269-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"269-1) дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверлік үй-жайдағы немесе деректерді өңдеу орталығындағы электрондық базада меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтау қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 379-14) және 379-15) тармақшалармен толықтырылсын:
"379-14) деректерді өңдеу орталықтарының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;
379-15 деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша бекіту;".
2. Осы қаулы 2025 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он төртінші, он бесінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |