"SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына қатысу үлесін сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 862 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 13) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Cыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына Инвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС) және "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ) "SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "SK Water Solutions" ЖШС) жарғылық капиталына қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС (келісу бойынша) және "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ (келісу бойынша) бірге осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

      2) "SK Water Solutions" ЖШС мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және оларды пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 18 қазандағы
№ 862 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-217-жолмен толықтырылсын:

      "21-217. "SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 408-4-жолмен толықтырылсын:

      "408-4. "SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) "SK Water Solutions" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады