"Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жобаларын қаржыландырудың 2024 – 2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 607 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 882 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жобаларын қаржыландырудың 2024 – 2029 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шілдедегі № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жобаларын қаржыландырудың 2024 – 2029 жылдарға арналған бағдарламасында:

      5-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бағдарлама тұрғын-үй коммуналдық секторды, атап айтқанда электрмен, жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін және ТМС жылу энергиясын өндіру кезінде қолданылған активтерді жаңғырту және дамыту бағытында іске асырылатын болады.

      Электрмен, жылумен жабдықтау жөніндегі инженерлік желілерді салу және жаңғырту (реконструкциялау, күрделі жөндеу) саласындағы жобаларды және ТМС жылу энергиясын өндіру кезінде қолданылған активтерді қаржыландыру ТМС меншікті қаражатынан басқа, қаржыландырушы ұйымдардың қаражаты және республикалық бюджет қаражаты есебінен 60/40 пропорциясында жүзеге асырылатын болады.

      Сонымен қатар бюджеттік кредит беру есебінен салуға және жаңғыртуға (реконструкциялауға, күрделі жөндеуге) бағытталған шығыстар қаржыландырылады.

      Бұл ретте ТМС көрсетілген жобаларын қаржыландыру мынадай тетіктерді пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады:

      қаржыландырушы ұйымдардың ТМС-ны тікелей кредиттеуі;

      ТМС-ны жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруы есебінен қаржыландыру.";

      мынадай мазмұндағы 4-кіші бөліммен толықтырылсын:

      "4-кіші бөлім. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік бағалы қағаздарды (облигацияларды) шығаруы есебінен табиғи монополия субъектілерін қаржыландыру мынадай негізгі шарттарда жүзеге асырылады:

1

Эмитент

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

2

Инвестор

Холдинг, оның ішінде холдинг тобына кіретін компаниялар

3

Облигациялық бағдарламаның қолданылу мерзімі

18 жылдан аспайды

4

Облигациялардың айналыс мерзімі

13 жылдан аспайды

5

Облигациялар шығару кезеңі

5 жыл (2029 жыл да кіреді)

6

Купон бойынша сыйақы мөлшерлемесі

жылдық 9,19 (тоғыз бүтін, он тоғыз) %-дан аспайды

7

Шығарылған облигациялар шеңберінде негізгі борышты өтеу

облигациялар айналысы басталған күннен үшінші жылдан бастап жартыжылдық төлемдермен

8

Купон бойынша сыйақы төлеу кезеңділігі

жартыжылдық төлемдер

9

Қарыз алушы (-лар)

Электрмен, жылумен жабдықтау жөніндегі инженерлік желілердің және жылу энергиясын өндіру кезінде қолданылған активтердің тозу көрсеткіші 55 %-дан асатын заңды тұлғалар:
мемлекеттік қарыз алушылар;
мемлекеттік емес қарыз алушылар

10

Кредит шарттары

Бағдарлама шеңберінде қарыз алушылардың инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында эмитент және (немесе) бюджет заңнамасына сәйкес айқындалған өзге де тұлғалар мен қарыз алушылар арасында жасалатын шарттар.
Қарыз алушыларға кредит берудің негізгі және өзге де шарттары кредит шарттарында айқындалатын болады

11

Қарыз валютасы

теңге

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады