Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Академия) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Академияға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Академияны қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде:
"1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:
"9-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы.";
2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
қызмет бабында пайдалану үшін.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |