ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 525 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – оператор) –интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;";
3) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде оператор қарастырылады.";
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"6. БЖЗҚ-ға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімде Әлеуметтік кодекстің 102-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектісіне Әлеуметтік кодекстің 249-бабында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі.";
3) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте жеке практикамен айналысатын тұлғалар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін міндетті зейнетақы жарналарын есептеу мақсаттары үшін алынатын кіріс Әлеуметтік кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мөлшер шегінде, бірақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірісінен аспайтын, өздері дербес айқындайтын сома болып табылады.";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Мемлекеттік корпорация үшін – еңбекке қабілеттіліктен айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырып алуға және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер;";
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын операторлар үшін – орындаушылар алған кіріс немесе Әлеуметтік кодекстің 249-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс.
Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп міндетті зейнетақы жарналары төленбейтін, бірақ Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын кірістерді қоспағанда, дара кәсіпкер алатын, әлеуметтік аударымдарды төлеу үшін өзі дербес айқындайтын кіріс түсініледі.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";
10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін Оператор кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.
Әлеуметтік кодекстің 248-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеген жағдайда міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға аударылады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан жазылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді алысымен оны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсетіп, қате есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады не Мемлекеттік корпорацияға БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде көрсетілген себептер бойынша қайтарудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.";
2) "Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 шілдедегі № 540 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерінде:
4) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әлеуметтік кодекстің 243-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде Әлеуметтік кодекстің 102-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында айқындалған интернет-платформа операторы қарастырылады;";
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
5) интернет-платформаның операторы (бұдан әрі – оператор) – интернет-платформада тіркелген орындаушылар мен тапсырыс берушілер арасында қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау бойынша байланыстар орнату және мәмілелер жасасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді қолдана отырып, техникалық, ұйымдастырушылық (оның ішінде жұмыстарды немесе қызметтерді көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетілетін қызметтерді), ақпараттық және өзге де мүмкіндіктерді ұсыну жөніндегі қызметтерді интернет-платформаны пайдалана отырып көрсететін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын операторлар үшін – орындаушылар алған кіріс.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс деп арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушылардың көрсетілген қызметтер немесе орындалған жұмыстар үшін алған кірісі түсініледі.
Бұл ретте жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кіріс айына республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 50 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер болып табылатын орындаушыларға операторлар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кіріс төленетін айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударылады.";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. БЖЗҚ Мемлекеттік корпорациядан жазылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың қате есептелген сомаларын қайтаруға арналған электрондық түрдегі өтінімді алысымен оны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация өтінімінің нөмірі мен күнін көрсетіп, қате есепке жазылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомаларын Мемлекеттік корпорацияға қайтаруды жүзеге асырады не Мемлекеттік корпорацияға БЖЗҚ мен Мемлекеттік корпорация арасында жасалған келісімде көрсетілген себептер бойынша қайтарудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының он бесінші абзацын қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |