Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3-10. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 30,95 (отыз бүтін жүзден тоқсан бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |