Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішіне, жеңіл көмірсутектер қоспасына және экологиялық отынға арналған акциздер мөлшерлемелері мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:
"
8. | Бензанол өндірушілердің акциз төленген бензин мен отандық өндірістің биоэтанолын компаундирлеу арқылы өндірілген бензанолды көтерме саудада өткізуі | 0 | 0 | 3 000 |
".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |