ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) индустрия және индустриялық даму; өнеркәсіп; тау-кен металлургия кешені; елішілік құндылықты дамыту; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымын реттеу; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, пайдалы қатты қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі; бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу; әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру; мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.";
13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Міндеттері:
1) өнеркәсіп; елішілік құндылықты дамыту; тау-кен металлургия кешені; машина жасау; көмір, химия, жеңіл (ауыл шаруашылығы жануарларының терісі мен жүнін өңдеуден басқа), ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру; машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі; салалық бағытқа сәйкес химиялық өнімнің қауіпсіздігі; өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастардың айналымы; құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары; зергерлік және басқа да бұйымдар; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы; уран өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару; жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі; тұрғын үй қатынастары; коммуналдық шаруашылық; елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру; жылу және электр энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы және электр энергетикасы; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;";
мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"18-1) өз құзыретi шегiнде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларына қойылатын талаптарды белгілеу;
18-2) өз құзыретi шегiнде таңбалауға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсімімен орналастырылғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етілетін қойма үй-жайларының тізбесін бекіту;";
мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
"35-1) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының петицияларын өз құзыреті шегінде қарау;";
мынадай мазмұндағы 76-1), 76-2) және 76-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"76-1) бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
76-2) асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
76-3) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 84-1) тармақшамен толықтырылсын:
"84-1) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасы сертификатының (Кимберлий процесінің сертификаты) нысанын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 149-1), 149-2) және 149-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"149-1) ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
149-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде жылу энергетикасының, жылу энергиясын тұтынудың түйінді және нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу және оларды жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті органға жіберу;
149-3) жылу энергетикасының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жылу энергетикасы объектілерінің жылуды тұтынуын азайту жөніндегі жоспарларды әзірлеу және олардың орындалуын мониторингтеуді қамтамасыз ету;";
160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"160) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдер тізілімінің нысанын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын:
"160-1) өндірушісінен сатып алынған көлік құралдарын және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасын өткізу кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолданатын уәкілетті өкілдердің тізілімін жүргізу;";
мынадай мазмұндағы 161-1), 161-2) және 161-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"161-1) мыналар:
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер;
өндірушінің уәкілетті өкілдері;
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар тізілімінің нысанын әзірлеу және бекіту;
161-2) мыналар:
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өндірушілер;
өндірушінің уәкілетті өкілдері;
тұрмыстық аспаптарды және (немесе) тұрмыстық электроника аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;
161-3) ғылыми-техникалық кеңесті құру және оның ережесін бекіту;";
482) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"482) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және коммерциялық есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясын өткізу бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 482-1) және 482-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"482-1) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
482-2) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;";
483) тармақша алып тасталсын;
487) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |