Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының сейсмология саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 526 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сейсмология саласын дамытудың 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында:
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
21. | Жойқын жер сілкінісі кезіндегі ықтимал ахуалды міндетті түрде компьютерлік модельдей отырып, Жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарының цифрлық нұсқасының жобасын әзірлеу (азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіле отырып) | ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған іс-қимыл жоспарының цифрлық нұсқасы | 2025 жылғы маусым | ТЖМ, ЦДИАӨМ | талап етілмейді | - |
---|
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |