Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Майданұлы Сәтқалиевқа 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 1002 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі
Қазақстан – Ресей қатынастарын одан әрі нығайтуға жәрдемдесе отырып,
2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) өз қолданысын 2024 жылғы 1 қаңтарда тоқтатқанын тани отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Хаттаманың 2-бабына сәйкес Келісімге енгізілетін өзгерістерді ескере отырып, Келісімнің қолданысын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қайта бастайды.
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 3-баптың екінші абзацындағы "2022 – 2024 жылдары мұнай" деген сөздер "Мұнай" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 7-баптағы ", ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда қарауға Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына беріледі" деген сөздер алып тасталсын;
3) 8-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Келісім 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады, осы мерзім аяқталғаннан кейін Тараптардың бірі екінші Тарапты оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы бастапқы қолданылу мерзімі немесе келесі кезекті бесжылдық кезең аяқталардан кемінде 6 ай бұрын жазбаша хабардар еткенге дейін автоматты түрде бесжылдық кезеңдерге ұзартылады.".
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 10 күн өткен соң уақытша қолданылады. Бұл ретте осындай уақытша қолдану кезеңінде Келісімнің 3-бабы бірінші абзацының салықтар мен алымдар бөлігіндегі ережелері қолданылмайды. Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2024 жылғы "___" ________ _________қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |