"Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 1010 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың қазіргі құрамдарына арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданысын тоқтата тұру түріндегі санкцияны, сондай-ақ қызметті тоқтата тұруды немесе оған тыйым салуды тізілімнен алып тастауды көздейтін әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамдарын салалық нормативтік құқықтық актілерге ауыстыру мүмкіндігі тұрғысынан талдау жүргізу, себебі көрсетілген санкциялар әкімшілік рәсімді жүзеге асырумен байланысты

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат

2022 жылғы қыркүйек

Әділетмині, БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

Мынадай мүмкіндіктерді қарау:
1) әкімшілік құқық бұзушылықтардың әрқайсысында құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарай айыппұлдың шекті мөлшері болатын болмашы, елеулі және өрескел құқық бұзушылықтар санаттарына градация енгізу;
2) нормативтік құқықтық актілердің нақтыланбаған талаптары үшін санкцияларды қамтитын әкімшілік құқық бұзушылықтар құрамын алып тастау, уәкілетті органдардың позицияларын ескере отырып, диспозицияларды түзету;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің санатына қарай айыппұл мөлшерін айқындау кезінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру (сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін белгілеу)

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар

2022 жылғы қараша

Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша әкімшілік жауаптылықты құқықтық жауаптылықтың басқа түрлерінен ажыратуға мүмкіндік беретін айқын өлшемшарттарды қамтитын әкімшілік құқық бұзушылықтың жаңа ұғымын тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2025 жылғы желтоқсан

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады