"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 1042 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) еркін маршруттаудың әуе кеңістігі (Free Route Airspace) (бұдан әрі – FRA) – бақыланатын әуе кеңістігінің белгілі бір көлемі, оның шегінде пайдаланушылар әуе кеңістігінің қолжетімділігін ескере отырып, белгілі бір кіру нүктесі мен белгілі бір шығу нүктесі арасындағы маршрутты ӘҚҚ бекітілген маршруттық желісіне байланыстырмай, аралық жол нүктелері арқылы маршрут салу мүмкіндігімен еркін жоспарлай алады;";

      46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "46) ұсынылған ұшу жоспары (FPL) – ӘҚҚ органдарының пайдалануы үшін пилот, пайдаланушы немесе оның уәкілетті өкілі ұсынған ұшудың соңғы жоспары;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) FRA.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Ұшу ақпараты аудандары (аймақтары) мен диспетчерлік аудандардың тізбесін және олардың шекараларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты аэронавигациялық қызмет көрсетуші айқындайды және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Тораптық диспетчерлік аудандардың және диспетчерлік аймақтардың шекараларын, TMZ және RMZ аэронавигациялық қызмет көрсетуші әзірлейді және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Бақыланбайтын әуеайлақтың әуеайлақтық қозғалыс аймағының шекараларын әуеайлақты пайдаланушы әзірлейді, ол жауапкершілік ауданында әуеайлақ орналасқан әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органымен келісіледі және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Әуе қозғалысын басқару аудандарының (аймақтарының) шекаралары ұшу ақпараты аудандарының (аймақтарының) және диспетчерлік аудандардың шекараларына сәйкес келеді.

      FRA, оның негізгі нүктелерін, шекаралары мен жұмыс уақытын аэронавигациялық қызмет көрсетуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісу бойынша айқындайды және ол аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.

      Еркін маршруттаудың әуе кеңістігінің мақсаттары үшін негізгі нүктелер мыналарға бөлінеді:

      1) кіру және шығу;

      2) аралық;

      3) келу маршрутына қосылу нүктесі;

      4) ұшып шығу маршрутына қосылу нүктесі.";

      98-тармақтың 2) тармақшасындағы "жағдайда жүзеге асырады." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) әуе кемелері FRA-да ұшқан кезде жүзеге асырады.";

      100-тармақта:

      6) тармақша алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) апатқа ұшырау немесе ұшыраған жағдайдағы әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздеу және құтқару мақсаттарынан басқа аэронавигациялық қызмет көрсетушімен жасалған шарттарға сәйкес ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету жөніндегі кезекшілікке жұмылдырылған (мәлімделген) әуе кемелері үшін – жауапкершілік ауданын іргелес іздестіру және құтқару аудандарының кезекші іздестіру-құтқару әуе кемелерінің бүркемелеуі шартымен ұшу жоспарында осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес HUM, HOSP, MEDEVAC, SAR, FFR, 04 шартты белгілері, "ОК" және "ПК" литерлері бар мақсаттарға сәйкес келетін ұшу мақсаттары мен литерлерінің атауы көрсетілген кезде ұшуларды орындау үшін пайдалануға жол беріледі.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушының берілген сертификаттарының, авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктердің, ұшуды орындауға құқық беретін куәліктердің және ұшуға жарамдылық сертификаттарының көшірмелерін дереу ӘҚЖ БО-ға ұсынады.";

      180 және 181-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "180. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тергеп-тексеруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның шешімімен құрылған комиссия жүргізеді.

      ПАЖ қоспағанда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібі бұзылып, оған авиацияның әрқилы түрінің әуе кемелері қатысқан болса, оны тергеп-тексеруді азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен құрылған комиссия жүргізеді.

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуын тергеп-тексеру:

      азаматтық авиацияға жататын ПАЖ пайдаланған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді;

      мемлекеттік авиацияға жататын ПАЖ пайдаланылған жағдайда мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

      181. Комиссия құрамына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның немесе мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның, ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының және әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің бұзылуына жол берген әуе кемесін пайдаланушының (әуе кемесін пайдаланушы ұйымның) өкілдері кіреді.";

      көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1042 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
әуе кеңістігін пайдалану
қағидасына
3-қосымша

Әуе кемелерінің қозғалысы және әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметті жүргізу туралы хабарлама түрлері

Р/с № Хабарламаның атауы Авиациялық тіркелген байланыс желісі бойынша хабарлама беру кезіндегі шұғылдық сериясы Беру мерзімі Кім хабарлайды Кімге хабарланады
Қазақстан Республикасындағы ішкі ұшу бойынша Қазақстан Республикасынан тыс халықаралық ұшу бойынша
1 2 3 4 5 6 7

1.

Қолданушының (пайдаланушының) (немесе оның уәкілетті өкілінің) немесе ӘК командирінің хабарламалары

1.1.

РПЛ – қайталанатын ұшу жоспары (RPL – Repetitive Flight plan)

КК

ұшу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 15 күн қалғанда

ӘК-ні қолданушы (пайдаланушы) немесе оның уәкілетті өкілі

1) ӘҚЖ БО

1) ӘҚЖ БО

1.2.

ЦХГ – өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Тұрақты сипаттағы өзгерістер туралы хабарлама бұрын берілген RPL деректерінде қамтылған (RPL) негізгі ұшу жоспарының деректеріне қандай да бір өзгеріс енгізу керек болған жағдайда беріледі

КК

ұшу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 7 күн қалғанда

қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1) ӘҚЖ БО;
2) ұшу әуеайлағының брифингі

1) ӘҚЖ БО
2) ұшу әуеайлағының брифингі

1.3.

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – тұрақты емес ұшуға; кесте бойынша тұрақты рейстерге, қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге; авиациялық жұмыстар бойынша ұшуға;
бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуға; шекара жолағындағы ұшуға ұсынылған ұшу жоспары

ФФ

кесте (жоспар) бойынша ұшуға дейін кемінде 60 минут және 120 сағаттан аспайтын уақыт қалғанда;
IFPS-ға/арқылы ұшу бойынша – кемінде 3 сағат қалғанда

ӘК-ні қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі немесе командирі

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО (ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО (ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшу жоспары

ұшу уақытына дейін кемінде 3 сағат қалғанда

1) Брифинг

1) Брифинг

1.4.

ДЛА – кешігу (Delay – DLA).
Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген әуе кемесінің ұшуы кесте (жоспар) бойынша ұшудың есептік уақытынан 30 минуттан артық кешіктірілген жағдайда беріледі

ФФ

30 мин және одан да көп кешігу күтілетін болса, ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытына дейін кемінде 30 минут қалғанда

қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО (ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО (ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

1.5.

ЦХГ – өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұдан бұрын берілген FPL деректерінде қамтылған ұшу жоспарының негізгі деректеріне қандай да бір біржолғы өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі.
Хабарлама ұшу жоспарының негізгі деректерін алушыларды осы өзгеріс қатысты болатындарына жіберіледі.
Ұшу жоспарының тиісінше өзгертілген негізгі деректері осы өзгеріске қатысты болатын, бірақ бұрын мұндай ақпарат алмаған тараптарға беріледі

ФФ

ұшу жоспарында (FPL) көрсетілген кесте (жоспар) бойынша ӘК-нің есептік ұшып шығу уақытына дейін кемінде 30 минут қалғанда

қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО (ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО (ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

1.6.

ЦНЛ – ұшуды тоқтату (Cancel – CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (FPL) бұған дейін таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі

ФФ

жоспар бойынша ӘК ұшып шығу уақытынан кешіктірмей

қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО (ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

1) Брифинг;
2) ӘҚЖ БО
(ұшу жоспарын ӘҚЖ БО интернет-ресурс арқылы берген кезде)

1.7.

СПЛ – қосымша ұшу жоспары (Supplementary flight plan – SPL). Хабарлама CPL немесе FPL хабарламасында бұған дейін берілгеннен басқа қосымша ақпаратқа сұрату (RQS) түскен кезде беріледі

ФФ

сұрату түскен кезде

қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1) Брифинг

1) Брифинг

1.8.

АФИЛ үлгісіндегі ФПЛ – ӘК бортынан ұшу жоспары (AFIL)

ФФ

әуе трассасына шығу үшін МАЖП дейін кемінде 10 минут қалғанда

ӘК-ні пайдаланушы (командирі)

1) ӘК орналасқан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП);
2) орналасқан жері бойынша ЖДП

1) ӘК орналасқан жері бойынша АДО (АДП), ӘДО (ӘАДП);
2) орналасқан жері бойынша ЖДП

1.9.

ДЕП – әуе кемесінің ұшып шығуы (Departure – DEP). Хабарлама бұған дейін оған қатысты бақыланбайтын әуеайлақтан немесе бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі алаңнан ұшып шыққан FPL ұшу жоспарының негізгі деректері таратылған әуе кемесіне қатысты беріледі

ФФ

ұшқаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1) ӘШҚ әскери органы

1.10.

АРР – келу (Arrival – ARR). Хабарлама ӘК бақыланбайтын әуеайлаққа, бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі алаңда қонған кезде беріледі

ФФ

қонғаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

қолданушы немесе оның уәкілетті өкілі

1) ӘШҚ әскери органы

1.11.

АЛР – авариялық құлақтандыру (Alerting – ALR). Авариялық құлақтандыруға қатысты хабарлама әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептелген кезде беріледі

мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

ӘК-ні қолданушы, немесе оның уәкілетті өкілі немесе командирі не басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

Апатқа ұшырау кезеңі – DЕТRЕSFА

CC

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органы (авиациялық оқиға кезінде ғана);
4) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органы (авиациялық оқиға кезінде ғана);
4) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

Дабыл кезеңі – АLЕRFА

CC

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органына (авиациялық оқиға кезінде ғана);
4) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органына (авиациялық оқиға кезінде ғана);
4) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

Белгісіздік кезеңі – INСЕRFА

2.

"Брифинг" хабарламалары

2.1.

АЛР – авариялық құлақтандыру (Alerting – ALR). Авариялық құлақтандыруға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген кезде беріледі.
Мына үш кезеңнің бірінде көрсетіледі:

CC

мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

брифинг не басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

Апатқа ұшырау кезеңі – DЕТRЕSFА

CC

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

Дабыл кезеңі – АLЕRFА

CC

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

1)ІҚҮО;

1) ҚҮО;

2.2.

РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure – RCF), ӘҚҰ органына оның ауданында ұшып бара жатқан әуе кемесінде радиобайланыстың істен шыққаны белгілі болған жағдайда беріледі

СС

хабарлама алынғаннан кейін дереу

брифинг не басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) АДО (АДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;
4) маршрут бойынша ЖДП (ПАО);
5) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
4) ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
5) ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
7) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына

2.3.

АНВ – ANV – азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі

СС

мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

брифинг не басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) ӘҚБ БО;
5) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) ӘҚБ БО;
5) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

2.4.

АНП – ANP – әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу

СС

мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

брифинг не басқа да сенімді көздердің ақпараты бойынша

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына
4) ӘҚБ БО;
5) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына
4) ӘҚБ БО;
5) ӘК орналасқан жердегі ӘҚҚ органына

2.5.

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – тұрақты емес ұшуларға; кесте бойынша тұрақты рейстерге, қосымша және кесте бойынша алдыңғы тәуліктен ауыстырылған рейстерге; авиациялық жұмыстар бойынша ұшуларға;
бақыланбайтын әуе кеңістігіндегі ұшуларға; шекара жолағындағы ұшуларға ұсынылған ұшу жоспары

ФФ

кесте (жоспар) бойынша ұшу уақытына дейін кемінде 60 минут қалғанда және 120 сағаттан асырмай;
IFPS-ға/арқылы ұшу бойынша – 3 сағат қалғанда

ӘК ұшу әуеайлағының брифингі

1) ӘҚЖ БО;
2) бірінші қону әуеайлағының брифингі;
3) әуежайдың ӘДҚ ұшуы және бірінші қонуы;
4) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5) ӘҚБ БО (басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшуын қоспағанда, шекара маңындағы жолақпен ұшуы, бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу, мемлекеттік авиация ӘК);
6) ұшу маршруты бойынша қонатын пунктіне дейін ЖДП (ҰАО);
7) АДО (АДП) бірінші қонатын әуеайлаққа дейін

1) ӘҚЖ БО;
2) ҚР-ның бірінші қону әуеайлағының брифингі;
3) ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5) ӘҚБ БО (басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшуларын қоспағанда, шекара маңындағы жолақпен ұшуы, бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу, мемлекеттік авиация ӘК);
6) ұшу маршруты бойынша қонатын орнына дейін ЖДП (ПАО);
7) АДО (АДП) ҚР бірінші қонатын әуеайлаққа дейін;
8. АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

ФПЛ (Filed flight plan – FPL) – басқарылатын аэростаттар мен дирижабльдердің ұшу жоспары

ұшуға дейін кемінде 3 сағат қалғанда

ФПЛ (FPL) ұшу жоспары 24 сағаттан астам уақыт бұрын ұсынылса, "Өзге ақпарат" деген 18-жолда КҮНІ/ және әуе кемесінің ұшу күні көрсетіледі, мысалы КҮНІ/220716, мұнда 22 –жыл, 07 – ай, 16 – айдың күні

2.6.

ДЛА – кешігу (Delay – DLA).
Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген әуе кемесінің ұшуы кесте (жоспар) бойынша ұшудың есептік уақытынан 30 минуттан артық кешіктірілген жағдайда беріледі

ФФ

күтіліп отырған кешіктірілу 30 мин және одан да көп болған кезде ӘК-нің кесте (жоспар) бойынша ұшып шығу уақытынан кешіктірмей

ӘК ұшу әуеайлағының брифингі

1) ӘҚЖ БО;
2) ұшу маршруты бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
3) ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ-сы;
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
6) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1) ӘҚЖ БО;
2) ҚР ұшу маршруты бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
3) ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) ҚР бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
6) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП).
7) АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

2.7.

ЦХГ – өзгеріс (Change немесе Modification – CHG). Хабарлама ұшу жоспарының бұрын берілген деректерінде қамтылған негізгі деректерге қандай да бір өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда беріледі (FPL).
Хабарлама ұшу жоспарының негізгі деректерін алушыларды осы өзгеріс қатысты болатындарына жіберіледі. Ұшу жоспарының тиісінше өзгертілген негізгі деректері (FPL) осы өзгеріске қатысты оларға қатысты болатын, бірақ бұрын мұндай ақпарат алмаған тараптарға беріледі.
ЦНЛ – ұшуды тоқтату (Cancel – CNL). Хабарлама оған қатысты ұшу жоспарының негізгі деректері (RPL немесе FPL) бұрын таратылған ұшу тоқтатылған жағдайда беріледі.

ФФ

ӘК кесте (жоспар) бойынша немесе ұшып шыққан уақытқа дейін ДЛА бұған дейін белгіленген уақытқа кемінде 30 минут қалғанда

ұшу әуеайла ғының брифингі

1) ӘҚЖ БО;
2) ұшу маршруты бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
3) ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
6) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1) ӘҚЖ БО;
2) ҚР ұшу маршруты бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
3) ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
6) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
7) АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

2.8.

ДЕП – әуе кемесінің ұшып шығуы (Departure – DEP). Хабарлама бұған дейін оған қатысты бұдан бұрын ұшу жоспарының (RPL немесе FPL) негізгі деректері таратылған әуе кемесіне қатысты беріледі

ФФ

ӘК ұшып шыққаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

ұшу әуеайлағының брифингі

1) ӘҚЖ БО;
2) ұшу маршруты және бірінші қону әуеайлағына дейінгі қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
3) бірінші қону пунктіне дейін ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4) ұшу маршруты бойынша бірінші қону әуеайлағының брифингі;
5) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтардан ӘШҚ әскерлері органына

1) ӘҚЖ БО;
2) ҚР ұшу маршруты және бірінші қону әуеайлағына дейінгі қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
3) ҚР бірінші қону пунктіне дейін ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4) ҚР ұшу маршруты бойынша бірінші қону әуеайлағының брифингі;
5) ҚР бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтардан ӘШҚ әскерлері органына;
6) АИП сәйкес ұшу маршруты бойынша мемлекеттердің мекенжайларына (IFPS аймағына кіретіндерді қоспағанда)

2.9.

АРР – келіп жету (Arrival – ARR). Хабарлама ӘК межелі әуеайлағына, қосалқы немесе басқа әуеайлаққа қонған жағдайда беріледі

ГГ

ӘК қонғаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей

қону әуеайлағының брифингі

1) ӘҚЖ БО;
2) ұшу және аралық қону әуеайлақтарының брифингі;
3) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына

1) ӘҚЖ БО;
2) ұшу және аралық қону әуеайлақтарының брифингі;
3) ҚР бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына

2.10.

ЦПЛ – ағымдағы ұшу жоспары (Current flight plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсаттарға негізделген ықтимал өзгерістерді қоса алғандағы (әуеайлақ ауданында ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) ұшу жоспары

ФФ

маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей

брифинг

1) ӘҚЖ БО;
2 ) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3) ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5) брифинг, ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
6) брифинг, ӘК жіберілген әуежайлардың ӘДҚ

1) ӘҚЖ БО;
2) ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3) ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4) бақыланатын әуе кеңістігіндегі бақыланатын әуеайлақтарға ӘШҚ әскерлері органдарына;
5) брифинг, ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ;
6) ҚР шегінен тыс ӘК жіберілген әуежайдың брифингі

2.11.

СПС – диспетчерлік пункттердің (секторлардың) өткізу қабілеті туралы хабарлама

ФФ

өткізу қабілетінің нормативтері өзгерген кезде 10 минут ішінде

брифинг

1) АДО (көршілес ӘҚҚ органы);
2) NOTAM-офисі

1) ҚР АДО (аралас ӘҚҚ органы);
2) NOTAM-офисі

3.

АДО (АДП) хабарламалары

3.1.

ЕСТ – есептік деректер (Estimate – EST). Ұшу жоспарының (FPL) негізгі деректері берілген жағдайда EST хабарламасын әр АДП немесе ұшу ақпараты орталығы ұшу маршруты бойынша келесі АДП немесе ұшу ақпараты орталығына береді

ФФ

ӘҚҚ нүктесінен ұшып өткенге дейін кемінде 10 минут қалғанда, бірақ ерте дегенде 30 минут бұрын

АДО (АДП)

1) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1) шектес мемлекеттің ӘҚҚ органы

3.2.

ЦДН – үйлестіру (Coordination – CDN). Хабарламаны қабылдаушы орган тарату органына үйлестіру диалогы барысында біріншісі бұрын алынған CPL немесе EST хабарламасындағы үйлестіруге қатысты деректерге өзгеріс ұсынған кезде береді

ФФ

ӘҚҚ нүктесінен ұшып өткенге дейін кемінде 10 минут қалғанда

АДО (АДП)

1) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП)

1) шектес мемлекеттің ӘҚҚ органы

3.3.

РЩП – ұшу жоспарына сұрату (Request flight plan – RQP). Хабарлама ӘҚҚ органы бұдан бұрын ешқандай тиісті ұшу жоспары деректерін алмаған әуе кемесі туралы хабарлама алған кезде ұшу жоспарының деректерін (RPL немесе FPL) алуға ниет білдірген жағдайда беріледі

ФФ

оған қатысты бұрын ұшу жоспарының ешқандай тиісті негізгі деректері алынбаған әуе кемесі (EST) туралы хабарлама алған кезде

АДО (АДП)

1) ӘҚЖ БО;
2) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
3) брифинг;
4) ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО)

1) ӘҚЖ БО;
2) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
3) брифинг;
4) ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
5. шет елдің ӘҚАЖ органы

3.4.

ЦПЛ – ағымдағы ұшу жоспары (Current flight plan – CPL). Кейінгі диспетчерлік рұқсаттарға негізделген ықтимал өзгерістерді (ӘҚҚА-да ӘК қосалқы әуеайлаққа кетуі) қоса алғандағы ұшу жоспары. Хабарлама осы әуе кемесінің қозғалысын басқару басқа ӘҚҰ органына өтіп, басқару берілетін нүктеден оның ұшып өтуінің есептік уақытына дейін немесе ӘҚҚ-ның тиісті уәкілетті органы өзге уақыт мерзімін белгілемесе, алдын ала беріледі

ФФ

маневр басталғаннан кейін 3 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП)

1) ӘҚЖ БО;
2) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) брифинг;
5) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1) ӘҚЖ БО;
2) ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3) ҚР бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) брифинг;
5) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
6) шекаралас мемлекеттің ӘҚБ органына

3.5.

АЛР – авариялық құлақтандыру (Alerting ALR). Авариялық құлақтандыруға қатысты хабарлама ӘҚҰ органы әуе кемесі авариялық жағдайда деп есептеген кезде беріледі. Төмендегі үш кезеңнің бірінде көрсетіледі:

СС

мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

Апатқа ұшырау кезеңі - DЕТRЕSFА

СС

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО;
5) ӘҚЖ БО

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ӘШҚ әскери органына (бақыланатын әуе кеңістігіндегі авиациялық оқиға ғана);
4) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО.

3.6.

АНВ – ANV – азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актісі

СС

мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) АО ӘҚБ;
5) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6) ұшу маршруты бойынша ЖДП (ПАО);
7) қону әуеайлағының брифингі;
8) ӘҚЖ БО.

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) АО ӘҚБ;
5) ұшу маршруты бойынша шектес мемлекеттің ӘҚҚ органына;
6) ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
7) қону әуеайлағының брифингі;
8) ӘҚЖ БО.

3.7.

АНП – ANP – әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзу

СС

факт анықталғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) АО ӘҚБ;
5) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6) ұшу маршруты бойынша ЖДП (ПАО);
7) ӘҚЖ БО

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
4) АО ӘҚБ;
5) ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
6) ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
7) ӘҚЖ БО

3.8.

РЦФ – радиобайланыстың істен шығуы (Radiocommunication failure - RCF), хабарлама ӘҚҰ органына оның жауапкершілік ауданында ұшып бара жатқан әуе кемесінде радиобайланыстың істен шыққаны белгілі болған жағдайда беріледі

СС

хабарлама алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) АДО (АДП) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша;
4) маршрут бойынша ЖДП (ҰАО);
5) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6) АО ӘҚБ;
7)бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
8) ӘҚЖ БО

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша АДО (АДП);
4) ҚР ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
5) ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтар бойынша қону әуеайлақтарының брифингі;
6) АО ӘҚБ;
7) бақыланатын әуе кеңістігінде ӘШҚ әскерлері органына;
8) ӘҚЖ БО

3.9.

ФЛИ – "А" литерін орындағанда Мемлекеттік шекарадан, ӘҚҚА шекарасынан және МАЖП ұшып өту

ФФ

МАЖП-тан ұшып өткеннен кейін 3 минуттан кешіктірмей

АДО (АДП немесе жауапкершілік аймағында мемлекеттік шекара орналасқан ӘҚҚ органы)

1) ӘҚЖ ОБ;
2) ӘҚБ АО

1) ӘҚЖ ОБ;
2) ӘҚҚ әскери органы (Мемлекеттік шекараны ұшып өту);
3) ӘҚБ БО

3.10.

ҚМШ – РЖМ – әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер

ГГ

ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1) ӘҚЖ ОБ.
2) брифинг;
3) АДО (АДП);
4) ЖДП

1) ӘҚЖ ОБ;
2) ҚР-дағы брифинг;
3) ҚР-дағы АДО (АДП);
4) ҚР-дағы ЖДП

3.11.

ҚМШ – РЖИ – әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау

ГГ

ӘҚБ органынан алғаннан кейін дереу

АДО (АДП)

1) ӘҚЖ ОБ.;
2) брифинг;
3) АДО (АДП);
4) ЖДП

1) ӘҚЖ ОБ.;
2) ҚР-дағы брифинг;
3) ҚР-дағы АДО (АДП);
4) ҚР-дағы ЖДП

4.

ӘҚЖ БО хабарламалары

4.1.

ПЛН – алдағы және ағымдағы тәуліктерге әуе кеңістігін пайдалану жоспарынан үзінді көшірмелер

ГГ

алдағы тәуліктерге – жергілікті уақытпен 21.00-ден кешіктірмей Ағымдағы тәуліктерге – ағымдағы жоспарға өзгеріс енгізілгенде дереу

ӘҚЖ БО

1) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2) ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3) ӘҚҚ әскери органы;
4) ұшу маршруты бойынша ЖДП;
5) ӘҚБ БО

1) ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
2) ҚР ұшу және қону әуеайлақтарының брифингі;
3) ӘҚҚ әскери органы
4) ҚР маршрут бойынша ЖДП;
5) ӘҚБ БО

4.2.

ППН – REJ – ұсынылған ұшу жоспары әуе кеңістігін пайдалану жоспарына енгізілмейді

ГГ

ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей

ӘҚЖ БО

1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
2) ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі;
3) ӘҚБ БО;
4) ӘК пайдаланушысы

1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
2) ұшу жоспарын берген ұшу әуеайлақтарының брифингі;
3) ӘҚБ БО;
4) ӘК пайдаланушысы

4.3.

УЛС – литерлік рейстерді орындау

ГГ

ұшатын күн қарсаңында – ұшуды орындауға дейін бір тәулік қалғанда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан нұсқау алғанда дереу – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органнан ұшатын күні нұсқау алғаннан кейін

ӘҚЖ БО

1) ҚР ӘК пайдаланушыға;
2) ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3) ұшу маршруты бойынша ЖДП (ҰАО);
4) ӘҚБ БО;
5) ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтарының а ұшып шығуы және қону әуеайлақтарының брифингі;
6) ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ

1) ҚР ӘК пайдаланушыға;
2) ҚР ұшу маршруты бойынша АДО (АДП);
3) ҚР маршруты бойынша ЖДП (ПАО);
4) ӘҚБ БО;
5) ҚР ұшу маршруты және қосалқы әуеайлақтарының ұшып шығуы және қону әуеайлақтарының брифингі;
6) ҚР ұшу және қону әуежайларының ӘДҚ

4.4.

УР – РЖМ – әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимі

ДД

дереу ӘҚБ БО-дан белгілеу туралы ақпарат алынғаннан кейін

ӘҚЖ БО

1) АДО (АДП);
2) NOTAM-офисі;
3) брифинг;
4) ЖДП (ҰАО)

1) ҚР АДО (АДП);
2) NOTAM-офисі;
3) ҚР брифинг;
4) ҚР ЖДП (ҰАО)

4.5.

УР – РЖИ – әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін алып тастау

ДД

ӘҚБ БО-дан күшін жою туралы ақпарат алынғаннан кейін дереу

ӘҚЖ БО

1) АДО (АДП);
2) NOTAM-офисі;
3) брифинг;
4) ЖДП (ҰАО)

1) ҚР АДО (АДП);
2) NOTAM-офисі;
3) ҚР брифинг;
4) ҚР ЖДП (ҰАО)

5.

ӘҚБ БО хабарламалары

5.1.

УР – РЖМ – әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимі

ДД

режим белгіленгеннен кейін дереу

ӘҚБ БО

1) ӘҚЖ БО

1) ӘҚЖ БО

5.2.

УР – РЖИ – әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін алып тастау

ДД

режим алып тасталғаннан кейін дереу

ӘҚБ БО

1) ӘҚЖ БО

1) ӘҚЖ БО

5.3.

ППН – ұшу жоспарының бекітілмеуі (FPL)

ГГ

ұшу жоспарын алғаннан кейін 30 минуттан кешіктірмей

ӘҚБ БО

1) ӘҚБ органы;
2) КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері)

1) ӘҚБ органы;
2) КВС (авиациялық әскери бөлімдерінің командирлері)

6.

ӘҚБ орталықтарының хабарламалары

6.1.

РЖМ - әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеу:
ӘҚБ БТ болған кезде бақыланатын әуе кеңістігінде операциялық әуе қозғалысында ұшу кезінде;

ГГ

қысқа мерзімді шектеу белгіленгеннен кейін дереу

ӘҚБ орталығы

1) АДО (АДП)

1) АДО (АДП)

ӘҚБ-ның БТ болмаған кезде бақыланатын әуе кеңістігінде немесе бақыланбайтын әуе кеңістігінде операциялық әуе қозғалысында ұшқан кезде;

қысқа мерзімді шектеуді белгілеу бойынша дереу

1) АДО (АДП);
2) NOTAM-офисі

1) АДО (АДП);
2) NOTAM-офисі

ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін және кенеттен (күтпеген) мәртебесі бар қызметті қамтамасыз ету үшін;

қысқа мерзімді шектеу белгіленгеннен кейін дереу

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

оқу-жаттығуларды, атыстардың барлық түрлерін, зымырандарды ұшыруды және жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде (белгіленген полигон шегінде (ұшуға шектеу қойылған аймақ);

осындай қызмет басталғанға дейін кемінде 12 сағат қалғанда (егер 12 сағаттан аз болса, онда ӘҚҚ органмен келісу бойынша);

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

планерлердің
(дельтапландардың) және парапландардың
арнайы аудандарда ұшуы кезінде;

осындай қызмет басталғанға дейін кемінде 12 сағат қалғанда;

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

осы Қағидада белгіленген өзге де жағдайларда

қысқа мерзімді шектеу белгіленгеннен кейін дереу

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

6.2.

РЖИ – әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді алып тастау

ДД

қысқа мерзімді шектеуді алып тастағанда дереу

ӘҚБ орталығы

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

1) АДО (АДП)
2) NOTAM-офисі

7.

Әуе кеңістігін пайдаланушылардың әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдері

7.1.

Шар – зондтарды ұшыру кезінде басқарылмайтын аэростаттармен әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер

ДД

ұшу басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын

ӘК-ні пайдаланушы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

7.2.

Әскери бөлімдердің оқ атуы, зымырандарды ұшыру, жарылыс жұмыстары жүргізілген кезде (белгіленген полигон шегінде) әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер

ДД

қызмет басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын

ӘК-ні пайдаланушы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

7.3.

Жарылыс жұмыстары жүргізілген кезе әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер (азаматтық жеке және заңды тұлғалар)

ДД

өтінім нақтылауды талап ететін жағдайларды қоспағанда, қызмет басталғанға дейін кемінде 9 тәулік бұрын

ӘК-ні пайдаланушы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

7.4.

Зымырандар ұшыру жүргізілген кезде әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер (полигонның шегінен шығатын әуе кеңістігінің мәлімделген көлемі шегінде)

ДД

өтінім нақтылауды талап ететін жағдайларды қоспағанда, қызмет басталғанға дейін кемінде 9 тәулік бұрын

ӘК-ні пайдаланушы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

7.5.

Планерлерді (дельтапландарды және парапландарды) арнайы аудандарда ұшыру кезінде әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер

ДД

қызмет басталғанға дейін кемінде 24 сағат бұрын

ӘК-ні пайдаланушы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

1) ӘҚБ БО;
2) ӘҚБ орталығы

7.6.

Пилотсыз авиациялық жүйелермен әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдер

ДД

қызмет басталғанға дейін кем дегенде 24 сағат бұрын

пайдаланушы

ӘҚБ БО немесе жақын ӘҚБ орталығы

ӘҚБ БО немесе жақын ӘҚБ орталығы

8.

Әуежайлардың диспетчерлік қызметтерінің (ӘДҚ) хабарламалары

8.1.

АЛР – авариялық хабарландыру (Alerting – ALR – ӘК-нің бұзылуы, жердегі төтенше оқиға туралы бастапқы хабарлама, сондай-ақ ӘК қауіпсіздігі, экипаж және жолаушылар туралы кез келген ақпарат)

СС

мәліметтер алынғаннан, факт анықталғаннан кейін дереу

ӘДҚ

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

1) ІҚҮО;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (ұйым);
3) мемлекеттік ӘК бойынша ӘҚБ БО

      Ескертпе: Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының орналасқан жері, жұмыс кестесі және байланыс деректері Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланады.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АДО – аудандық диспетчерлік орталық;

      АДП – аудандық диспетчерлік пункт;

      ӘАДП – әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті;

      ӘДҚ – әуежайлардың диспетчерлік қызметтері;

      ӘДО – әуеайлақтық диспетчерлік орталық;

      ӘҚБ АО – әуе қозғалысын басқарудың аудандық орталығы;

      ӘҚБ БО – әуе қозғалысын басқарудың бас орталығы;

      ӘҚБ БТ – әуе қозғалысын басқарудың біріккен тобы;

      ӘҚЖ БО – әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы

      ӘҚҚА – әуе қозғалысына қызмет көрсету ауданы (ACC – Air Control Centre);

      МАЖП – міндетті ақпар жеткізу пункті;

      ҰАО – ұшу ақпараты орталығы;

      ІҚҮО – іздестіруді және құтқаруды үйлестіру орталығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады