"Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 1057 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілі және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілі;

      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Сәбит Мейрамұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады