Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.11.2023 № 1000 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілі және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілі;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры Сәбит Мейрамұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілінің орынбасары болып тағайындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 12.12.2024 № 1057 қаулысымен.2. "Қазақстан Республикасының Зияткерлік меншікті құқықтық күзету мен қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі өкілін және Қазақстан Республикасының Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 617 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |