Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1066 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті "Сарайшық" ауданының полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесi құрылсын.

      2. Көрсетілген мемлекеттік мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін ұстауға республикалық бюджетте және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлiмшелерiнің тiзбесiнде:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі" деген бөлімде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-2-жолмен толықтырылсын:

      "21-2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының полиция департаменті "Сарайшық" ауданының полиция басқармасы.";

      реттік нөмірі 227-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "227. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Түркістан облысының полиция департаменті Сарыағаш ауданының полиция басқармасы.".

      4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады