"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 1070 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 466 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерін шығарудың, орналастырудың, айналысқа қосудың, қызмет көрсетудің және өтеудің ережесінде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Эмитент қазынашылық міндеттемелердің мынадай түрлерін:

      1) қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

      2) ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

      3) ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

      4) ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;

      5) ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;

      6) ұзақмерзімді жинақтаушы қазынашылық міндеттемелерді;

      7) арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелерді;

      8) TONIA (Tenge Over Night Index Average) мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді;

      9) TONIA (Tenge Over Night Index Average) TCI (TONIA Compounded Index) индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді шығаруды, орналастыруды, айналысқа қосуды, қызмет көрсетуді және өтеуді жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:

      "12-тарау. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер

      129. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер купондық эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады.

      130. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің номиналдық құны – 1000 теңге.

      131. "TONIA TCI индексіне индекстелген мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер" (МЕТИСКАМ) атауы орыс тілінде "Казначейские обязательства, индексированные к ставке TONIA TCI" деп аталады.

      132. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бір жылдан астам айналыс мерзімімен шығарылады.

      133. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелерді орналастыру және өтеу атаулы құны бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді.

      134. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купонның сомасын есептеу үшін есеп айырысу базасы – бүкіл айналым кезеңінде айдағы күндердің іс жүзіндегі саны/есеп айырысу жылында 365 күн.

      135. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон төлемі қазынашылық міндеттемелер айналыста болатын тиісті жылы екі рет эмитент белгілеген күндерде жүзеге асырылады.

      TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон мөлшерлемесі купондық кезең аяқталатын күнге дейін 10 жұмыс күні бұрын айқындалады және бұл мөлшерлеме төлем жүзеге асырылатын купондық кезеңнің соңына дейін өзгермейді.

      136. Индекстелген купонның сомасы мынадай формуламен айқындалады:

      S=N*T/2+C,

      мұнда:

      S, теңге − кезекті төленетін, TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің индекстелген купонының сомасы;

      N, теңге − кезекті төленетін TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің тиісті санының номиналдық құнының сомасы;

      T, % − өткен төленетін купондық кезең үшін TONIA TCI көрсеткішіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша купон мөлшерлемесі, T мәні үтірден кейінгі үшінші (қоса алғанда) цифрға дейін дөңгелектенеді. Т мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      T=(TCI (TONIA Compounded Index) соңына/TCI (TONIA Compounded Index) басына-1)*365/d

      мұнда:

      TCI (TONIA Compounded Index) соңына – алдағы купон төленетін күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша TONIA композиттік индексінің мәні;

      TCI (TONIA Compounded Index) басына – алдыңғы купон төленетін күнге немесе қазынашылық міндеттемелердің айналысы басталатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күн бойынша TONIA композиттік индексінің мәні;

      d – TCI (TONIA Compounded Index) басына және TCI (TONIA Compounded Index) соңына анықтау күндері арасындағы есептеу кезеңіндегі күнтізбелік күндердің іс жүзіндегі саны;

      С, теңге – тіркелген купон сомасы,

      бұл ретте C=N*K/2,

      мұнда:

      K, % − орналастыру кезінде айқындалған тіркелген жылдық купонның мәні.

      137. TONIA мөлшерлемесі − қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін, қор биржасында жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен автоматты репо секторында 1 (бір) жұмыс күні мерзіміне репо ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме.

      TCI (TONIA Compounded Index) индексі – қаржы агентінің ішкі құжаттарына сәйкес есептелетін TONIA композиттік индексі.

      TCI (TONIA Compounded Index) индексі күн сайын қаржы агентінің сайтында жарияланады.

      Купон мөлшерлемесінің ауыспалы бөлігі Т, % қағаз айналысы мерзімі ішінде күн сайын өзгеріп отырады және мынадай формуламен есептеледі:

      Т=(TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне/TCI (TONIA Compounded Index) басына-1)*365/d

      мұнда:

      TCI (TONIA Compounded Index) есептеу күніне – есеп айырысатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша TONIA композиттік индексінің мәні;

      TCI (TONIA Compounded Index) басына – алдыңғы купон төленетін күнге немесе қазынашылық міндеттемелердің айналысы басталатын күнге дейінгі он жұмыс күнінің алдындағы күн бойынша TONIA композиттік индексінің мәні.

      138. Егер өткен купондық кезең үшін TONIA TCI мөлшерлемесіне индекстелген қазынашылық міндеттемелер бойынша ауыспалы купон мөлшерлемесінің бөлігі теріс мәнге тең болса, онда ауыспалы купон мөлшерлемесінің бөлігінің мәні нөлге тең деп қабылданады.

      139. TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелердің иелері заңнамалық актілерде белгіленген шектеулерді қоспағанда, TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен кез келген азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыра алады. Бұл ретте инвестор TONIA TCI индексіне индекстелген қазынашылық міндеттемелермен барлық операцияларды бастапқы дилер арқылы ресімдейді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады