"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 желтоқсандағы № 1094 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-12-тармақпен толықтырылсын:

      "3-12. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамы материалдық-техникалық базаны жаңарту және бағдарламалық қамтылымды сатып алу мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша таза кіріс бөлігінде дивидендтер төлеуден босатылады.

      "Ұлттық геологиялық қызмет" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады