"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2025 жылға арналған жоспары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 1135 қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2025 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарапына жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1135 қаулысымен
бекітілген

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2025 жылға арналған жоспары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 32060/3дснг нотасы) Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі" мемлекеттік бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2025 жылға арналған жоспарын келіседі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады