"Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 05.04.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      75) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 85-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "85-1) рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсатты алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 384-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "384-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық байқау операторларының қызметіне рұқсат беру;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады