"Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 21 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жекелеген көмір түрлерінің экспортына айрықша құқық берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 1011 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген айрықша құқық берілген сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 39 және 40-жолдармен толықтырылсын:

      "39. "Coal Trading GH" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      40. "ОТУКЕН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".

      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады