"Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 25 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 846,185 гектарды құрайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау және туризм салаларына инвестициялар тарту арқылы Астана қаласын жедел дамыту мақсаттарында құрылады.";

      "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астана-жаңа қала" АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 15264,135 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына ауданы 598,1 гектар № 1 индустриялық парк, ауданы 3111,415 гектар игеру аймағы, ауданы 5134 гектар реновациялау аймағы, ауданы 72,41 гектар қалалық жеңіл рельсті желі және ауданы 1,9 гектар жергілікті атқарушы органның аумағы кіреді.";

      "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 27 қаңтардағы
№ 25 қаулысына
1-қосымша
  "Астана - Технополис"
арнайы экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша

"Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 27 қаңтардағы
№ 25 қаулысына
2-қосымша
  "Астана - жаңа қала" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша

"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады