"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 қаңтардағы № 33 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-13-тармақпен толықтырылсын:

      "3-13. Үлесінің жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәрілік заттардың және медициналық бұйымдардың азаймайтын қорын толықтыру мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша жарғылық капиталдағы мемлекеттік қатысу үлесіне дивидендтер (таза табыс бөлігін) төлеуден босатылады.

      "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады