"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 40 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 609-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "609-2) петицияларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қарау;";

      643) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "643) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының құрамына қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 643-7), 643-8) және 643-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "643-7) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышының, салалық біліктілік шеңберлерінің негізінде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту;

      643-8) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекіту;

      643-9) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және (немесе) жаңарту;";

      758-72), 758-73), 758-74), 758-75) және 758-76) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "758-72) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстарды жыл сайынғы негізде енгізу;

      758-73) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстарды жыл сайынғы негізде әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      758-74) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жыл сайынғы негізде қалыптастыру;

      758-75) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      758-76) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереженің негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады