"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 109 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      45) тармақша алып тасталсын;

      78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) уәкілетті адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге іссапарға жіберу мақсатында республикалық бюджетте "Шетелдік іссапарлар" бағдарламасы және "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" және "Шетелдегі дипломатиялық өкілдіктердің арнайы, инженерлік-техникалық және нақты қорғалуын қамтамасыз ету" бағдарламаларының 162-ерекшелігі бойынша көзделген қаражатты пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "108) дамуға ресми көмек іс-шараларының жоспарын әзірлеу және бекіту;";

      119) және 120) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) мыналарды:

      шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеуді;

      Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеуді жүзеге асыру;

      120) мыналарды:

      шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерін, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін, сондай-ақ шет мемлекеттердің консулдық мекемелерін тіркеу;

      Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің басшыларын, персоналы мүшелерін, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің жұмыскерлерін аккредиттеу тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 210-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "210-1) инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін әзірлеу және бекіту;";

      214-13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "214-13) дипломатиялық қызмет персоналының өкілдік керек-жарағы туралы ережені әзірлеу және бекіту;";

      214-14) және 214-16) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 214-17), 214-18), 214-19), 214-20), 214-21), 214-22), 214-23), 214-24) және 214-25) тармақшалармен толықтырылсын:

      "214-17) дипломаттық дәрежелер беру тәртібін әзірлеу;

      214-18) Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымдарын атқарған лауазымды адамдарға ақшалай өтемақыны төлеу және айырманы өтеу тәртібін әзірлеу;

      214-19) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларын әзірлеу;

      214-20) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайларын әзірлеу және бекіту;

      214-21) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту;

      214-22) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық (ғылыми) тұрғыдан негізделген, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай салааралық немесе салааралық үлгілік немесе үлгілік нормалар мен нормативтерді немесе ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      214-23) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 101-бабының 7-тармағына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен, онымен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін бекіту;

      214-24) Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі және шет елдегі дипломатиялық қызмет органдарына бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару тәртібін әзірлеу;

      214-25) халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін әзірлеу және бекіту;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады