Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"30. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).";
реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының президенті (келісу бойынша).";
реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Хикметов Асқар Құсыпбекұлы – "Astana IT University" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы – ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-жолмен толықтырылсын:
"49. Ахмад Вакар – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының президенті (келісу бойынша).".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |