Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – кәсіпорын) орман қоры жерлері санатынан жалпы ауданы 15,2 гектар жер учаскелері су қоры жерлері санатына ауыстырылсын.
2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерінің су шаруашылығы құрылысжайларын салу үшін "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Комитет Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындары мен залалдарын республикалық бюджет кірісіне өтесін, екпелер кесілген жағдайда алынған сүректі кәсіпорынның теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөніндегі шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 166 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан су қоры жерлері санатына ауыстырылатын жер учаскелерінің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы | Жалпы ауданы, гектар | оның ішінде: | ||
орман көмкерген | орман көмкермеген | өзге жерлер | ||
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Жасыл аймақ" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | 15,2 | 12,6 | - | 2,6 |
Барлығы: | 15,2 | 12,6 | - | 2,6 |