"TURAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 190 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "TURAN" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "TURAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "TURAN" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

      АЭА аумағы 4087,39 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады. АЭА аумағының құрамына 8 қосалқы аймақ: ауданы 861,75 гектар тарихи орталық, ауданы 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар, 35 гектар, 180 гектар және 50 гектар өнеркәсіптік аймақтар, ауданы 967 гектар әуежай және ауданы 50 гектар "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы кіреді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Әуеайлақ маңындағы аумақта және әуе трассаларының шегiндегi жерлерде кедергілер болып табылатын объектілерді салу, электр беру желілерін орнату және басқа да құрылысжайларды орналастыру үшін; салдарынан әуе кеңiстiгiнде радиотолқындық, көрінетін, акустикалық және өзге де сәулелену түрлері шығарылатын жұмыстарды жүргізу үшін; құстардың топталып жиналуы үшін жағдай жасайтын немесе ұшу көрiнiсiн нашарлататын объектiлердi орналастыру, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдаланумен тікелей байланысты емес, бiрақ АЭА аумағында ұшудың, әуе кемелері жабдықтарының және ондағы адамдардың қауіпсіздігіне әсер ететін кез келген басқа іс-әрекет үшін "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу қажет.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "TURAN" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген "TURAN" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына
1-қосымша
"TURAN" арнайы
экономикалық аймағы
туралы ережеге
қосымша

"TURAN" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары

     


      8 қосалқы аймақтың жалпы ауданы S = 4087,39 га

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 190 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 29 қазандағы
№ 693 қаулысымен
бекітілген

"TURAN" арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары

Р/с

Мақсат, міндет және көрсеткіш (атауы)

Өлшем бірлігі*

Базалық кезең (2018)

2023 жылға қарай қол жеткізу

2019

2020

2021

2022

2023

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Тартылған инвестицияның жалпы көлемі, оның ішінде (өсумен)**

млрд теңге

19

21

71

96

110

125

2

Шетелдік инвестиция көлемі

млрд теңге

7

8

51

65

72

80

3

Отандық инвестиция көлемі

млрд теңге

12

13

20

31

38

45

4

АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі**

млрд теңге

12

12

17

17

19

21

5

Қатысушы саны

компания

24

8

26

38

42

49

1

2

3

4

5

6

7

8

9

6

Қосалқы қызмет түрін жүзеге асыратын тұлға саны

адам

19

4

12

20

31

40

7

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орын саны (өсумен)

адам

1630

1083

2150

3321

3940

4630

8

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлемінде жергілікті қамту үлесі

%

15

20

25

30

35

40

      кестенің жалғасы

Р/с

2028 жылға қарай қол жеткізу

2033 жылға қарай қол жеткізу


2024

2025

2026

2027

2028

2029

2030

2031

2032

2033

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

1

137

152

157

188

196

202

207

215

221

229

2

90

93

96

123

126

127

127

130

130

131

3

47

59

61

65

70

75

80

86

92

98

4

23

24

25

27

29

32

35

38

41

44

5

51

53

55

57

59

61

62

62

65

67

6

42

45

48

51

55

57

58

58

60

63

7

4940

5350

5700

6383

6733

6983

7472

7995

8554

9153

8

42

44

45

46

47

48

49

50

51

52

      кестенің жалғасы

Р/с

2038 жылға қарай қол жеткізу

2043 жылға қарай қол жеткізу


2034

2035

2036

2037

2038

2039

2040

2041

2042

2043

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

1

236

243

251

261

270

280

290

303

315

328

2

131

131

131

133

133

133

133

135

135

135

3

105

112

120

128

137

147

157

168

180

193

4

39

40

42

43

44

44

46

48

50

52

5

69

71

73

73

74

76

78

80

82

85

6

58

59

59

59

65

65

65

66

66

66

7

9794

10480

11213

11998

12838

13737

14698

15727

16828

18 006

8

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

      * - индикаторлардың көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады